1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын бағдарламасы

1 қыркүйекБілім күніне арналған салтанатты жиын бағдарламасы

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

 

2-жүргізушіАрмысыздар, қадірлі ата-аналар мен шақырулы қонақтар!

 

1-жүргізуші: Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын Білім күнің – мерекең!

 

2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, ата – аналар, қадірменді

қонақтар!   Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы

қоңырау» мерекеңізбен  құттықтай отырып, колледж өміріне

дәстүрге айналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты

салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

 

1-жүргізуші: Мектебіне шәкірттер ағылады,

Сана, білім сусаған табылады.

Гүл шоқтарын қолына көтеріп кеп,

Ұстазына жеткенше сағынады.

 

2-жүргізуші: Жүректері тұратын лүпіл қағып,

Мұғалімдер оларды күтуде анық.

Білім нұрын ұрпаққа таратсын деп,

Осы шақты аңсайды бүкіл халық.

 

2-жүргізуші:  Колледж, тік тұр! ҚР Мемлекеттік әнұраны

                                               орындалсын!

                            /ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады/

 

 1-жүргізуші: Абзал жан, биік тұлға байсалды,

Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.

Бүгінгі салтанатты шақта бір

Құттықтайды колледж басшысы баршаңды, – дей келе,

құттықтау сөз колледж директоры Жанекенов Бауыржан

                        Мақсотұлына беріледі

2-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиын қонақтарымен таныстыруға рұқсат

етіңіздер: /келген қонақтармен таныстыру/

 

  1. ____________________________________________________________
  2. ____________________________________________________________

1- жүргізуші:      Көңілге ұнар, шықса ән сыңғырлаған,
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке,
Елітіп тұла бойың балбыраған,- дегендей бүгінгі

студенттердің  құрметіне ІІІ курс студенті Кумарова

Кенжегүлдің орындауындағы тамаша әнді қабыл

алыңыздар.

 

2 -жүргізуші: Ардақты асыл мекен мектебіме,

Аяулы асыл жандар көп келеді.

Құрметпен қонақтарға сөз берійік,

Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді.

                      

 Алғашқы қоңырау салтанатында құттықтау сөз бүгінгі  жиынымыздың  құрметті қонақтарында

1._________________________________________________________________

2._________________________________________________________________

 

1-жүргізуші: Қазақ биі – орындайтын ІІІ курс студенті Суюншалиева Умит

 

2-жүргізуші: Колледж табалдырығын аттағалы тұрған І курс студенттері!

Қадамдарыңыз құтты болсын!  Сабақтарыңызды жақсы оқып,

үлкен үлкен жетістіктеріңізге  жетулеріңе тілектеспіз!

 

1-жүргізуші: Келесі сөз кезегі І курс ата аналар атынан __________________

беріледі

 

2-жүргізуші: Алғашқы қоңырау соғу рәсімі ІІІ курс студенті Джумабеков Тайман және І курс студенті Нұрлыбекова Гүлжан  беріледі.

/Қоңырау соғылып жатқан сәтте…/

1-жүргізуші: Қызыл гүл жайнады төрімде,

Қызықты күнім де, кешім де.

Алғашқы қоңырау дауысы,

Қалады мәңгілік есімде.

1-жүргізуші: Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын.

2-жүргізуші: Білімнің гүлін ашылған,
Терумен оқып жүр екем.

Бақытқа бізді шақырған,
Қоңырау дауысы жыр екен

1-жүргізуші: Осымен Білім күніне арналған салтанатты жиынды жабық деп

жариялаймыз!

 

2-жүргізуші: Келесі кездескенше аман сау болайық!

 

Хабарландыру: Құрметті студенттер және ата аналар,  баршаңызды Білім күніне арналған «Бір мақсат, бір  мүдде, бір болашақ» атты тәрбие сағатымызға шақырамыз. Әр топ  жетекшісі өз топтарыңызбен бекітілген кабинеттерге баруларыңыз  сұралады.

№11 топ жетекшісі Сундетбаев Нұрғали Рахимович,

топ шебері Хайруллин Құбайдолла Мұхамидиярович

№12 топ жетекшісі Елесова Рима Бериковна

топ шебері  Рахимова Анара Султангалиевна

№1 топ шебері Сагидуллин Мереке Батырханович

№2 топ кураторы Повытчиков Сергей Валентинович