А. Құнанбаев. Қыс

                           Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев. Қыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Абайдың «Қыс» өлеңімен таныстыру,мазмұнын аша білу,мәнерлеп оқи білуге үйрету.

Дамытушылық:өз бетінше ойлау қабілетін,шығармашылығын, ойын еркін жеткізе білу әрекетін , қоршаған ортаны қабылдай білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Белсенділікке өзгені тыңдай білуге, табиғатты сүюге, тапқырлыққа  тәрбиелеу.

Түрі: ашық сабақ.

Типі: жаңа білімді меңгерту.

Әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: тірек-сызбалар,  интерактивті тақта, қысты бейнелейтін суретті үлгілер.

Сабақтың барысы:   I. Ұйымдастыру бөлімі.

                     Қызығушылығын ояту. Ұранымыз:

                        Талпын жақсы болуға,

                        Күндей сәуле шашатын.

                        Білім іздеп, өнер тап.

                         Түнді күндей ашатын.

  1. «Ой қозғау» тренингі. Өткенге шолу.

Тарау:  «Ата-бабам тарихы- менің тарихым».

1.Қазақ елі басынан қандай кезеңдерді басынан өткізген?

Жоңғар шапқыншылығы.

Ашаршылық.

Ұлы Отан соғысы.

Репрессия.

Желтоқсан оқиғасы.

 

 

 

III.  Ой толғаныс.  Сөзжұмбақ..                                      

  1.   Дүниедегі ең асыл да қымбатты адам.
  2. Сиырдың төлі қалай аталады.
  3. Тұңғыш мектеп ашып,балаларды

білім алуға шақырған ұстаз?

  1. Қозының енесін ата?

 

 

«Күн шұғыласы».  Абай атамыз жайлы не білеміз?

 

 

 

 

 

 

  • Абай атамыздың шығармаларына тоқталу. «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппа мақтанба», «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» т.б.

Ендеше бүгін біз «Қыс» өлеңімен  танысамыз. Өлеңді мәнерлеп оқу.

  • тізбектей оқу.
  • ызылдап оқу.
  • хормен оқу.
  • жеке-жеке оқу.
  • іштей оқу.
  • Абай атамыз сияқты өзіміз де мына жұмбақтарды шешу арқылы қысты сипаттап көрейік.

1.Қыста бар да, жазда жоқ.. (қар)

2.Құлағы мен көзі жоқ

Жоқ тіпті қол мен аяғы.

Бірақ ғажап өнерпаз,

Мәнерлеп ою ояды.  (аяз)

3.Көлге жапқан қақпақ.

Сіресіп тұр,

Қатты-ақ.(мұз)

4.Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ желеді.

Аузы жоқ ұлиды. (боран )

5.Таудан түссем тоқтауды білмейді,

Тауға қарай тартсам да жүрмейді. (шана)

 

Ал, Абай атамыз қысты қалай суреттеген?  Балалардың ойын тыңдау.

-Өлеңнің ішінен таныс емес сөзді тауып дәптерге көшіру.

Жаңа сөздік.             Шидем —  қой жүнінен  тоқылған сырт киім.

  • Қыс айларын ата? Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

1.Желтоқсан.                   2.Қаңтар.                 3.Ақпан.

Әр топқа тапсырмалар.

  1. «Желтоқсан». Өлеңнің үшінші шумағы.
  2. «Қаңтар»  Өлеңнің екінші шумағы.
  3. «Ақпан»  Өлеңнің  бірінші шумағы.

Әр топ өз оқыған шумақтары бойынша талдау жасайды.

            III.    «Ойлан тап».

«Желтоқсан» . Өлеңде балалар туралы,малшы туралы не айтылған?

«Қаңтар».  Қыстың күші қалай бейнеленген,ақын қысты кімге теңейді?

«Ақпан» . Қысқа дайындық  жұмыстары қалай жүргізіледі?

          

 

          

 

  1. « Талдау жұмысы».

«Желтоқсан». «Егер мен ақын болсам»……………..

«Қаңтар».  «Егер мен суретші болсам»………………..

«Ақпан».  Егер мен жазушы болсам»……………………

 

                   Демалыс тренингі.

           Боран соқты далада

Ал сен оған қарама.

Жылдамдатып сен жүгір,

Жылынуға ішке кір.

  1. «Бәйге».

20-Абайдың әжесінің аты?                                         40-Бес балаға бес бешпент,

  30-Абайдың туған жерін ата.                                           Бірге кіріп, бірге шешпек. (Қолғап).

40-Табаныма байладым,                                              20-Абайдың шын аты кім?

Қос таяқпен айдадым. (Шаңғы).                           30-Қыс айларын ата.

 

 

Рефлексия. – Не білдім?

Білемін.

Білгім келеді?

 

 

Бағалау. Сабаққа ерекше қатысқан оқушыларды  жұлдызшалармен мадақтау.

Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, қыс суретін салып келу.