Халық ұлына құрмет

Сабақтың  тақырыбы: «Халық  ұлына құрмет»

 

Сабақ мақсаты: 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне берілген тарихи бағаны  ұғыну , тану.Оқушыларды  1986 жыл  16 желтоқсан оқиғасына қатысқан   халық ұлдарымен   таныстыру. Оқушыларды  ұлтжандылыққа,Отанын,елін халқын сүйетін  патриотизмге үйрету.

 

Сабақ түрі: Ашық тәрбие сағаты.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Әдеби-сазды көріністер.

Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайдтар,  плакаттар,кітаптар,лозунгтар,буклеттер (желтоқсан оқиғасында болған ержүрек  ұл-қыздарымыздың суреттері) Н.Ә.Назарбаевтың сөздері.

«Халық ұлына құрмет »тақырыбында өткен ашық тәрбие сағатымыздың жүрісі:

Құрметті оқушылармен ұстаздар бүгінгі  күн қонақтары

«Халық ұлына құрмет»атты ашық тәрбие сағатына хош келдіңіздер!

Жүргізуші:

-Дүниені дүр сілкіндіріп,тәуелсіздік туын  Одақ елінде  тұңғыш  көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсан қозғалысына да көп жылдар арта қалуда.Бұл күнді қаралы  күн деп те,жаңару күндеп те атауға болар еді.Міне сондықтан да 16 желтоқсанды  Тәуелсіздік күні деп,17 желтоқсан Демократиялық  жаңару күні деп атап отыр.

Иә, Қазақстанаға  ел басшы болып  келген орыс азаматы Колбинге  қарсылық

білдірген  қазақ жастарының  бұл Қонаевты ерекше сүйгендіктен емес ,бірнеше

ғасырға созылған  азаматтыққа ұмтыла бастады.Бүкіл  қазақ ұлты  жет бетінен

өз-өзінен жойыла бастады,себебі ең бастысы,бас бостандығы жоқ еді.

Көрініс:Студенттер митингісінен үзінді:

(Радоиодан хабарлайды.)

Бүгінгі  күн жаңалықтары :ССРО Орталық Комитетінің  Жоғары Советінің

І-ші хатшысының ұйғаруы  бойынша  Қазақ ССР Жоғары Советіне –

хатшылыққа  Генадий Васильевич Колбин  тағайындалды.

-Бүгінгі жаңалықтарды естідіңіздер ме?(студенттер  жиналып қалады)

-Не болды?

-Не болсын,

-Колбин деген орысты сайлапты .

-Иә,қазақ құрып қалып па?

-Ол жерді,елді не етсін? Бәрі –бір жаны ашымайды.

-Алаңға шығайық!  (студенттер алаңға  шығады)

-Тараңдар,әйтпесе  қару қолданамыз!-қолын сілтейді

Алға бірі шығып –Елді ,жерді көркейтетін ,жаны ашитын  көсем керек.

Біз қазақ-бізде   де ел басқарар азаматтар бар.

Неге сайлауға ерік бермейсіздер!

Милиция келіп дубинкамен студенттерді ұрып-соғып алып кетеді.

Студенттер тарамай сайлау сұрайды.

Қазақтың ұл-қыздары ерекше ерлік  көрсеткен бұл қозғалыста  орыс ұлтының

қазақ қыздарына  көрсетіп  жатқан   қолық – зорлығына  шыдамайр ,ер-  жігіттерде жүздеп  ұсталып  түрмеге  жабылды.  Олар  Қ.Рысқұлбеков ,Л.Асанова ,

С. Мұхаметжанова  тағы  басқа  көптеген  жазықсыз студенттер.

«Желтоқсан  желі  » әні орындалады.

Көрініс:Қайрат  Рысқұлбековтың  сотталу  сәтінен  үзінді.

Секретаръ; — Орыңдарыңнан  тұрыңдар

Сот  келеді

(Бәрі  орындарынан  тұрады .)

Сот:Қазақ КСРО жоғары сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы  мына

құрамда:

1.Қазақ КСРО жоғарғы соты  Н.Гобарник

2.Хатшы-Қ.Бұқанбаева

3.Қазақ КСРО  жоғары сотының  прокуратурасы –Д.Баймухамедов

4.Адвокат-Ж.Исаева

5.Жәбірленуші –Савицкий

6.Сотталушы Қайрат Рыскулбековтің  қатыстыра отырып ,сотты ашық деп  жариялаймын.

Сот:

-Жәбірленуші Савицкий сіздің көзіңіздің көру мүмкіндігі қандай?

-Алыстан нашар көремін.

-Жолдас прокурор сауалыңыз бар ма?

-Бетпе-бет кездесуде Қ.Рысқұлбековтың  ұрғанын айтыпсыз,ал Күзекбаевтың ұрғанын айтпапсыз.

Мұны қалай түсінеміз.

-Мен қазір есіме түскенін ғана айтып отырмын.

Адвокад  жолдас  сауалыңыз бар ма?

-Жәбірленуші  Савицкий сіз  киімге қарап есте сақтадыңыз ба?

-Жоқ әлде түрлері есіңізде қалды ма?

-Негізінде киімдері есімде қалыпты.

-Прокурор

-Сотталушы  Қ.Рысқұлбеков  сіз не үшін  шеруге шықтыңыз?

-Біз өз сайлауымызды  сұрадық

Адвокад

-Сіз Савицкийден қандай қашықтықта болдыңыз?

— 10 метрдей

Адвокад:

— қанша адам бар еді.

-30-40 шақты адам

Жасақшының  құтқарушы үшін  неше рет  әрекет  жасадыңыз?

-Бір,екі рет

-Сот:

-Адвокад  жолдас басқа сауалыңыз бар ма?

-Жоқ

-Прокурор

Менің сауалым бар.

-Қ.Рыскұлбеков  сайлауды не үшін  сұрадыңыз.

Қайрат:

-Көсеміміз өз елімізден болуын сұрадық.

Сот үкімін оқиды.

Қайрат Ногайбай  ұлы Рысқұлбековтың айыптау  ісін қарай келіп,тәртібінің    нашар  екенінн баяндай келе,Қазақ КСРО қылмыстық істер кодексінің  287,289 және 301  баптарына сәйкес  сот алқасы үкім етеді:

Қ.Н.Рыскұлбеков кінәлі деп табылып,мынадай қылмыстық кодекснің 173-1 бабы  бойынша ең жоғары өлім жазасына атуға кесілсін.

 

Хатшы :  Сотты жабық деп жариялаймын.

Жүргізуші: Туған халқымыз тәуелсіздік алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік.

Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.

                                                      «Елім менің» әні.