БӨЛМЕ ЖӘНЕ ОРАНЖЕРЕЯ ӨСІМДІГІ РЕТІНДЕ ҚҰРМЕТКЕ ИЕ БОЛҒАН ӨСІМДІК

« БӨЛМЕ ЖӘНЕ ОРАНЖЕРЕЯ ӨСІМДІГІ РЕТІНДЕ ҚҰРМЕТКЕ ИЕ БОЛҒАН ӨСІМДІК

     Бөлмеде өсетін өсімдіктерге жақсы күтім керек. Бұларды дұрыс суару, топырағын қопсыту, таза ұстау, үстеп қоректендіру, берілетін тыңайтқыштардың мөлшерін, түрлерін білу — әрбір оқушының міндеті.

Жасыл өсімдіктер және солар арқылы табиғаттағы зат алмасуы жер бетінде тіршіліктің болуын қамтамасыз етеді. Жасыл өсімдіксіз жерде тіршіліктің болуы да мүмкін емес. Қазақта « Бір тал сындырсаң, он тал ек » деген өсиет бар.

Қоршаған ортаны ластанудан сақтау үшін техникалық құралдарды жетілдірумен бірге өсімдіктерді кеңінен пайдаланудың тиімді екені келтірілген мысалдардан айқын көрінеді. Өсімдіктердің адамға тигізер пайдасы сан алуан. Олар тамақ та, киім де, құрылыс материалы да, мал азығы да болып табылады.

Әсіресе, өсімдіктердің денсаулық сақтаудағы ролі ерекше, олар көптеген ауруларға дәрі ретінде пайдаланылады, сондықтан өсімдіктердің әрқайсысын бағалап, оларды қорғай білуіміз керек. Мысалы,  кактус өсімдігіне тоқталсақ: мал азығы да, су да, джем және варенье де, табылмайтын шикізат та бола алады. Кактус қан тоқтатуға көмектеседі,

өйткені шырын кесілген қан тамырларын жабады. Кактус шырынын жараны тазарту үшін де пайдаланады.Өзіміз мекендейтін аймақты көгалдандыру арқылы өсімдік байлығын көбейтіп, өз денсаулығымызды сақтауға да үлес қосамыз. Кактусты компьютердің қасына қояды.Өйткені кактус электр қуатын өзіне тартып алып біздің денсаулығымызға зиян келтіруден қорғайды.Сондықтан әрбір мектеп оқушысы жасыл желектердің досы болуды өзінің адамгершілік борышы деп қарауы керек.

Сөзімнің соңында кактустың осыншама қызықты жайлары мен пайдасын білгеннен кейін сіздерді де кактусты жақсы көруге, оны күтіп баптауға шақырамын.