Тақырыбы: Әлемге әйгілі ескерткіш

Тақырыбы: Әлемге әйгілі ескерткіш

Мазмұны

  1. Аннотация
  2. Кіріспе
  3. Зерттеу бөлімі
  4. Қорытынды

5.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

Аннотация

Ұсынылып  отырған  жұмыста  аты  аңызға   айналған   әлемге  әйгілі, дерегі  аз,  кеңес  солдат-тарының  ерлігін  паш  ететін,   бүкіл  адамзат  баласын   фашизмнің   құлдығынан   құтқарушы   Берлин   қаласындағы   Трептов  парктегі  «Азаттық   жауынгерінің» ескерткіші  туралы   жинақтаған мәліметтерді  ортаға  салады.  Қаршадай  неміс  қызын  ажалдан  арашалаған кеңес  солдаты  кейпіне  еніп, кейінгі  ұрпақтың  мәңгі есінде  қалған  азаттық жауынгері  және  сол  ескерткішті  сомдаған   жауынгерлер  мен ескерткіштің авторы  туралы  ой  қозғайды.  Оқушының  әйгілі ескерткіш  туралы  өзіндік  ізденістері берілген.

Кіріспе

Зерртеудің өзектілігі. Әлемге әйгілі «Азаттық жауынгері» монумент-ескерткіштің  прототипі болған Қазақстандық  жауынгер Иван Степанович Одарченко туралы бүгінгі ұрпаққа жеткізу қажеттілігі.  Ғаламторда және Ұлы Отан соғысы туралы деректерде қаҺарман кеңес жауынгері мен оның мүсінін  сомдаған жауынгер туралы мәліметтер жоқтың қасы. «Азаттық жауынгері» ескерткішінің прототипі болған Қазақстандық  жауынгер Иван Степанович Одарченко ұлықталуы, оның есімі болашақ ұрпақтың есінде қалуы және өзінің туған жері Ақмола облысы Маринов ауданының «Красная заря» колхозында ескерткіш қойылуы тиістігі.

 Гипотеза. Егер біз «Азаттық жауынгері» ескерткішінің прототипі болған Қазақстандық  жауынгер Иван Степанович Одарченконы ұлықтайтын  болсақ, оның есімі тарихта қалады.

Мақсаты: Берлин   қаласындағы   Трептов  парктегі  «Азаттық жауынгері» ескерткішінің прототипі болған  Қазақстандық жауынгер Иван Степанович Одарченконың есімін танымал ету және  тарихта есімін қалдыруға үлес қосу.

Міндеттері: 1)  Ізденіс жұмыстарының нәтижесінде « Азаттық жауынгері » ескерткішінің тарихын зерттеу;

2) Барша әлем таңырқай тамсанған мүсіннің прототипі Қазақстандық жауынгер Иван Степанович Одарченко болғанын ұлықтау;

3) «Азаттық  жауынгері» ескерткіштің авторы Евгений Вучетич, ескерткіштің дублеры болған Виктор Гуназа, мемориалдық кешен жұмысын басқарған 1945 жылы Берлинде кеңес зонасының коменденты болған генерал-майор Александр Котиков және оның қызы Светлана Котикова жайлы мәліметтер  жинау;

4) 2010 жылы 8 мамырда Тамбовта Иван Степанович Одарченкоға арнап қойылған екінші «Азаттық жауынгері » ескерткіші  туралы мәлімет беру.

Зерттеудің әдіснамалық негізі:

Зерттеу жұмысында Берлин   қаласындағы   Трептов  парктегі  «Азаттық жауынгері» ескерткішінің тарихы туралы тарихи зерттеулер, БАҚ – да жарияланған мақалалар, ғаламтордағы және уикипедиядан алынған мәліметтер, интервьюлер мен бейнероликтер негізге алынды. Жұмыстың ғылыми негізінде Талғат  Батырханның, Сауытбек Абдрахмановтың, Ділдәр Мамырбаевтың мақалалары басшылыққа алынды.

Зерттеу әдісі: әлеуметтік әдістер:

  • Іздену
  • Зерттеу
  • Қорыту
  • Фотосуреттер
  • Видеороликтер
  • Газет мақалалары

Зерттеу нысаны: Трептов  парктегі  «Азаттық жауынгері» ескерткіші

Зерттеудің жаңалығы: «Азаттық жауынгері» ескерткішінің прототипі Қазақстандық  жауынгер Иван Степанович Одарченко болғаны туралы мәлімет беру;

Зерттеудің дербестік дәрежесі:  Қазақстандық  жауынгер Иван Степанович Одарченко есімінің  болашақ ұрпақтың есінде қалуы және өзінің туған жері  Ақмола облысы Маринов ауданының «Красная заря» колхозында ескерткіш қойылуына үндеу саламын.

Күтілетін нәтиже: «Азаттық жауынгері» ескерткішінің прототипі болған Қазақстандық  жауынгер Иван Степанович Одарченконың есімін болашақ ұрпақ  есінде қалдыру.

 

 

 

 

Зерттеу бөлімі:

Бүгінгі таңда Берлин – барлық әлем көз тігіп отырған қалалардың бірі. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бұл қалада көптеген жауынгерлер мен солдаттар жанын құрбан еткен. Менің жоба ретінде  алынып отырған тақырыбым „Әлемге әйгілі ескерткіш“  Ұлы жеңістің  биылғы 69 жылдығы мен  келер жылдың 70 жылдық мерей тойына қарсы  таңдалып  алынды. Бұл тақырыпты таңдауыма төменгі сыныптарда неміс тілі сабағында кеңес солдаттарының  ерлігін  паш еткен  Берлин қаласындағы «Азаттық жауынгері» ескерткіші  туралы мәтінмен танысуым және «Егеменді Қазақстан» газеттерінде осы ескерткіш туралы жазылған кейбір деректер себеп болды. «Азаттық жауынгері»  ескерткішінің прототипі  туралы  жаңалықтардан естіген, ғаламтордан көрген  бейнематериалдар мен газет журналдарда жазылған мәліметтердің әртүрлілігі менің  осы ескерткішке деген қызығушылығымды  оятты. Ескерткіш кейіпкеріне және оның прототипіне деген  қызығушылық менің осы зерттеу жұмысын жүргізуіме себеп болды.

1946 жылдың басында КСРО Үкіметі Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының өшпес ерлігін бейнелейтін еңселі ескерткіш орнату жөнінде шешім қабылдайды. Осыған байланысты жарияланған конкурсқа елуге жуық авторлық ұжымдар қатысады. Олардың арасында шетелдік талапкерлерде болған. Жеті рет өлшеп, бір рет кескен жюри мүшелерінің таңдауы сәулетші Я.Белопольский мен мүсінші Е.Вучетичтің жобасына тоқталады.[1]

Евгений Викторович Вучетич (1908—1974) — совет үкіметінің талантты мүсінші-монументалисті. КСРО Халық суретшісі. Социалисттік Еңбек ардагері, бес  Сталиндік және Лениндік марапат жүлдегері. Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы подполковник. Оның әйгілі мүсіндерінің бірі Волгоград қаласы Мамаев қорғанындағы  „Отан ана“ мүсіні мен Берлин қаласындағы Трептов парктегі  „Азаттық жауынгері“  ескерткіші.

 

 Волгоград қаласы Мамаев қорғанындағы  „Отан ана“ мүсіні мен Берлин қаласы Трептов парктегі  „Азаттық жауынгері“  ескерткіштерінің авторы Евгений   Викторович   Вучетич

Е.Вучетич өз еркімен соғысқа барып, қатты жараланады да,  майдан газеттерімен бірлесіп жұмыс жасай жүріп, сурет салумен айналысады.

Е.В. Вучетич сайысқа орталық монументтің екі нұсқасын даярлайды. Бір нұсқасында Сталин қолында глобус ұстап тұрған қола ескерткіш. Екінші нұсқасында композицияның басты кейіпкері „Азаттық жауынгері“ .  Сталин екінші нұсқаны мақұлдайды

Евгений   Викторович   Вучетич

1946 жылы Е.В.Вучетичті Берлиндегі кеңес зонасының коменданты тулалық генерал-майор Александр Георгиевич Котиковпен кездеседі. Трептов парктегі жауынгерлерге арналған мемориалдық кешен жұмысын А.Г.Котиков басқарады. Бұл кешенде 1200 түрлі кәсіп мамандары соның ішінде 200 тас қашаушылар, 90 тас кесушілер мен мүсіншілер жұмыс жасайды.

Берлиндегі кеңес зонасының коменданты тулалық                            генерал-майор Александр Георгиевич Котиков

 

Мүсін сюжеті өмірдің өзінен алынады.  1945 жылы 30 апрельде Соңғы шайқас дүрбелеңі алдындағы бір сәтте кенет жас сәбидің жылаған дауысы естілді. Баласын жетектеп көшені кеспек болған неміс әйелін фашист оғы баудай түсіреді. Сол кезде сержант Николай Масалов қауіп-қатерге қарамастан фашистер боратқан оқ астымен еңбектей жылжып, Потсдам көпіріне жетті де, үш жасар сәбиді алып қайта оралады. Жау елінің баласы болғанымен кеңес жауынгері өзінің жанын аямай бейкүнә сәбиді құтқарғаны барлығымыз үшін мақтан тұтарлық жағдай. Алайда бұл солдаттың аты-жөні сол кезде беймәлім қала береді.[2]

Вучетич өзінің кейіпкерін іздей бастайды. Өзінің алғашқы кейіпкерін ол 1945 жылы Венадан табады. Ол старшина Виктор Михайлович Гуназа болатын.  Ең алғашқыда жауынгердің қолында ұл бала болуы керек деп шешіледі, бірақ Виктор Михайлович адам ұрпағының жалғастырушысы қыз бала болғандықтан, ескерткіште қыз бала бейнеленуі керек деп айтты. Белгісіз себептермен ол тек қана дублер болады, ал негізгі кейіпкер Иван Степанович Одарченко болады.

Старшина Виктор Михайлович Гуназа

Бастапқыда И.Одарченконың қолында неміс ваятелі Феликс Краузенің Марлена деген қызы отырған, одан кейін Е.Вучетич : „Біз кеңес жауынгеріміз, бұл соғыста біз өз әйелдеріміз бен балаларымыздың бақыты үшін соғыстық, сондықтан сенің қолыңда кеңес қызы болуы керек“ дейді. Осылайша ескерткіште Берлиннің Васензее әскери комендатурасының коменданты, генерал-майор А.Г.Котиковтың үш жасар қызы  Светлана Котикова бейнеленетін болады.

Светлана  Александровна Котикова

Светлана Котикова Москвада тұрған, МХАТ мектеп-студиясын аяқтаған. Сатира театрында актриса болып жұмыс істеген, „Ох уж эта Настя!“ фильмінде мұғалімнің ролін тамаша бейнелеген. Одан басқа  «В тринадцатом часу» (1968ж), «Таблетку под язык»  фильмдерінде (1978ж), «По 206-ой»,  «Ревизоре», «Карлсон»  спектакльдерінде және тағы басқа фильмдерде ойнаған.

Иван Одарченко Рейхстаг төрінен қызыл жалау желбіреткен Рақымжан Қошқарбаевтың жерлесі, Целиноград облысы, Маринов ауданының «Красная заря» колхозында шаруа отбасында туып өскен, әкесі Степан Михайлович  үлкен баласы Петрмен бірге майданға аттанып, олардан «қара қағаз» келген, одан іле-шала Иван  да соғысқа аттанып, 9-шы гвардиялық әуе десанты құрылымында әскери қызмет еткен. Альпі асуындағы айқаста  «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. [3]

Иван Степанович Одарченко

 

Иван Степанович Одарченко

Е.Вучетич И.Одарченкомен „Азаттық жауынгерінің“  мүсінін жасау үшін жарты жыл бойы жұмыс жүргізді. Ескерткіш 13 метрлік қоладан құйылады, салмағы 72 тонна болады. Ескерткішті жасауға жоспар бойынша жарты жыл уақыт керек еді. Завод территориясында жатахана салынады. Көптеген шеберлер: форма жасаушылар, құюшылар, ерітушілер және т.б жұмыскерлер 12-15 сағат бойы жұмыс істеуінің нәтижесінде „Азаттық жауынгерін“ Ленинградтық шеберлер 7 апта уақытта құйып шығарып,  Берлинге жеткізді.

Ескерткіштің мерекелік ашылу салтанаты 1949 жылдың                              8 мамырында болады.Трептов парктің кіре берісінде неміс және орыс тілдерінде мынандай сөздер жазылған:“ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін құрбан болған батырларымыз мәңгі есімізде„

 

Соғыстан кейін Иван Одарченко Тамбовқа апасының шаруашылығына көмектесуге барып, сол жерде қалып қояды. 2010 жылдың 8 мамырында Ұлы Отан соғысының  45 жылдық мерекесіне орай Иван Одарченкоға Тамбов қаласында екінші „Азаттық жауынгері“ ескерткіші орнатылады. Ол ескерткіште Иван Одарченко өзінің шөбересімен орындықта  отырғаны бейнеленген.

Тамбов қаласындағы  „Азаттық жауынгерінің“

екінші ескерткіші

 

Қорытынды:

Біздің аталарымыз бен әжелеріміз Отан үшін қасық қаны қалғанша соғысты. Өткен соғыста 2 миллионға жуық қазақстандық майданға аттанып, жартысы майдан даласынан оралмады. Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, аталарымыз бен әжелеріміздің биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын күллі әлемге танытқан соғыс болса, Ұлы Жеңіс – аға ұрпақтың сол ұлы ерлігін паш ететін қастерлі де Ұлы мереке. Осынау бір теңдесі жоқ қанды соғыста халықтың басынан кешкен қайғы-қасіреті мен көрсеткен ерлігі адамзат баласының көкірегінен өшкен емес. Жат жерде көз жұмған боздақтардың есімі ел жадында мәңгілік сақталуы тиіс және сақталады.да.                                                                                                                                                                Ия, түр-тұлғасын төрткүл дүние тегіс танитын Ескерткіш-Адамның қазақстандық болуы шынында да мақтан тұтарлықтай жағдай.                        Батыр  Бауыржан Момышұлы  «шындық қашанда келеді, бірақ сәл кешігіп келеді» деген асыл сөзі бар. Қаһарман батыр Николай Масаловқа өзінің туған жері Кемеров облысы Тяжин поселкесінде оның ерлігін асқақтатар ескерткіш орнатылған.

Кемеров облысы Тяжин поселкесіндегі Н.И.Масаловтың                                   ерлігіне арналған ескерткіш

Өмірінің соңғы жылдарын Тамбов қаласында өткізген Қазақстандық жауынгер Иван Одарченкоға да  арналған  «Жеңіс Ардагері» ескерткіші бар. Ресейлік журналистер И.Одарченконы бүтін иемденіп алып, «ол біздің Тамбовтық», «орал металлургі» деп мақтанышпен жазады да, оның Қазақстанда туғандығын мүлдем ауыздарына алмайды. Әрине, өзімізден де кінә бар, Иван Одарченко дүниеге келген қазіргі Ақмола облысы Атбасар ауданында еңселі ескерткіш орнатсақ нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын. Біз оқитын тарих оқулықтарында да Қазақстаннан шыққан қарт майдангер, әйгілі монументтің бейнесі болған атақты жерлесіміз жайлы айтылса, келешек ұрпақ үшін әрі мақтаныш болып, әрі ұрпақ сабақтастығын жалғастырар.еді.деген.үміттемін.                                                                          Ендеше, бүгінде елімізден жырақтау кеткен қарт майдангердің өскелең ұрпаққа тәрбиелік мәні зор мазмұнды естеліктерін айта жүріп, есте сақтау біздің қасиетті борышымыз. Ерлігі дастан-жырға айналған Ұлы Жеңіс жауынгерлеріне бейбіт өміріміз үшін мәңгі қарыздармыз.