Айтыс- құдіретті өнер

Сабақтың тақырыбы:   Айтыс- құдіретті өнер

Сабақтың мақсаты: 1.Халқымыздың қайталанбас өнері айтысты

оқушыларға айтқыза отырып, бекіту, пысықтау.

2.Оқушыларға айтыс түрлерін, олардың

ерекшеліктерін оқыта отырып, шығармашылық

қабілеттерін шыңдап, ой-өрісін дамыту.

3.Халқымыздың әдет-ғұрпын сақтауға, адамгершілікке,

тапқырлыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:  қорытынды, жарыс сабақ.

 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, орындау

 

Көрнекіліктер:  гүл макеті, домбыра суреті, нота сызбасы, ақындар,

композиторлар суреттері, музыкалық аспап.

 

Пәнаралық байланыс: әдебиет, еңбек, сурет, тарих.

 

Сабақтың барысы

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  • Балалар, біз сендермен айтыс өнері дегеніміз не? Деген үлкен тақырыпты аяқтадық. Бүгін біз сенбермен сол тақырыпты қорытындылау мақсатында 3а және 3б сынып оқушылары арасында жарыс сабағымызды бастаймыз..

Сабақ жоспары:

  1. Гүлдерді құрау
  2. Гүлдерді бояу.
  3. Ноталарды жазу
  4. Аспап суретін салу

Сабақ жоспарымен таныс болсаңдар әр топқа сұрақ қоямын. Сұрақтың жауабын дұрыс шешкенде гүлдер құралады.

 

«Тұлпар» тобына сұрақ:

  1. Айтыстың түрлерін ата?

Бәдік айтысы, жар-жар айтысы, мысал айтысы, қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы.

 

«Тұлпар» тобының гүлі құралды.

«Сұңқар» тобына сұрақ:

  1. Қандай айтыстарды жаттадық?

Біржан мен Сара, Қыз бен жігіт , Мысал, Оқушылар айтысы.

  • Ал гүлдер құралды, енді бұл гүлдерді не істеуіміз керек? (бояймыз).
  • Әрине, гүлді бояу үшін мен сендерге тағы да сұрақтар қоямын. Сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер гүлдер боялады.

 

«Тұлпар» тобына сұрақ:

  1. Бәдік айтысы қандай атыс түрі?
  2. Жар-жар айтысы ше?

 

«Сұңқар» тобына сұрақ:

  1. Мысал қандай айтыс?
  2. Қыз бен жігіт айтысы қандай айтыс?

Айтыс атты гүліміз боялды.

Екінші гүлді бояймыз ба, ендеше гүлдің күлшелеріндегі айтыстардан үзінді орындасаңдар гүлдер боялады.

 

  1. Оқушылар айтысын кім орындайды?

Екі топтан екі оқушы шығарып орындатамын.

2.Қыз бен жігіт айтысын кім айтады?

3.Біржан мен Сара айтысы?

4.Мысал айтысы?

 

— Балалар  біз сендермен нота сауатын үйрендік, ендеше ноталарды қайталайық.

  1. Қатар сызылған, бес сызықты қандай сызық дейміз?
  2. Қысқа нота сызықтарын қандай сызық деп атаймыз?
  3. Ноталарды таңбалауда қандай кілт қолданылады?
  4. Нота сызығына неше дыбыс орналасады?

— Ал, балалар, осы дыбыстарды атап, орындарына қойып, орналастырайық.

Әрбір дыбысты иеленген оқушы сол нотаның қысқа қайырымын орындайды.

 

Сонда біздің бір керемет мұзыкалық аспабымыздың суреті салынады.

«Тұлпар»                                                     «Сұңқар»

до,ми, фа, си.                                              Ре, соль, ля. до.

 

Қандай сурет салынды, балалар?

(қанатты домбыра)

Үйге тапсырма: Айтыс өнері тақырыбын қайталау

Қорытынды: Жеңімпаздарды анықтап, оқушылардың білімін бағалау