Таңбалы тастар сыр шертеді.
Сабақтың тақырыбы: Таңбалы тастар сыр шертеді.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні :Сонау алыс ғасырлардан жеткен, ата – бабамыздың жазба өнерімен танысу.
Дамытушылығы:Музыка мен сурет,әдебиет туындыларын бір- бірімен байланыстыра білу.
Тәрбиелік мәні : Ұлттық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа баулу .
Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет.
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты түгендеу.
Үй тапсырмасы: Сары даланы сазбен тербеткен композиторлар.
Жаңа сабақты түсіндіру: Таңбалы тастар сыр шертеді.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма.
Бағалау.
Сабақтың барысы:
Қазақ жері- ең кемінде 3-5 мың жылдық тарихы баркөнемәдениет өлкесінің бірі. Қазақтардың арғы ататегі сақ, үйсін, ғұндар – түркілер атанған. Түркілер 5-8 ғасырларда Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрды. Түркілердің нгізгі мекені, Отаны – қазіргі қазақ жері. Түркілерден біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулары мен аңыз- жырлары бар. Есік қаласынан табылған алтын адам, Орхон ескерткіштері, алып ер Тоңа, Тұмар патшайым, Ширақ батыр, Мөде батыр жайында аңыз- жырлар. Орхон ескерткіштері дегеніміз- тарихи тұлғаларға арналып орнатылған тастағы жазулар. Орхон ескерткішінің негізгі ойы мен мұраты- ел тәуелсіздігін аңсау, елге қорған болған батырлар мен көсемдерді дәріптеу.
Ескерткіштен үзінді.
Тәңір текті , Тәңірден жаралған
Түрік Білге қаған.
Бұл шақта отырдым
Сөзімді түгел естіңдер.
Біріккен әулетім – халқым.
Білге – ақылды дана , білікті.
Қаған- хан.
Музыка сауаттылығы: Ноталардың ұзақтығы.
Бүтін, жартылық, төрттік, сегіздік, он алтылық.
Қорытындылау:
- Түркі қағанаты қашан құрылдыі ?
2.Алтын адам қай жерден табылды?
3.Орхон ескерткіштерінің негізгі ойы, мақсаты?
Үйге тапсырма. Таңбалы тастар сыр шертеді.
Бағалау.