Қосындыдан санды азайту

 

Сабақтың тақырыбы: Қосындыдан  санды азайту

Сабақтың білімділік  мақсаты:Оқушылар  қосу мен азайту компонеттерін   айыра алады.

Дамытушылығы:Есептеу дағдысы қалыптасады..Ауызша есептей алады..Логикалық ойлары жетіледі..

Тәрбиелік:шапшандыққа,адамгершілікке тәрбилеу.

Сабақтың түрі:жаңа

Сабақтың әдісі:жеке,жұптық ,топтық

Сабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер,стикер,карточкалар ,интербелсенді тақта,смаилдар, түрлі стакандар

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі

-Шаттық шеңбері(бір-біріне сәттілік тілейді)

Жарқырап күнде ашылды

Айнала гүл шашылды

Қайырлы күн!

Біз нәзік қыздармыз

Қайырлы күн!

Біз ержүрек ұлдармыз

Келген қонақтармен амандасу

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің ізетті.

Ал,қанеки бәріміз

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме,апайлар!

-Топқа бөлу -суреттер қимасы арқылы бөлу

Бағалау критерилерін оқушыларға айтып кету

Миға  шабуыл :жұмбақты есептер

Ағайынды бес құрдас,

Бірдей болып еш тұрмас(саусақтар)

Көкте бір дәу,

Жан-жағы мың бір әлем (ай мен жұлдыз)

Кезікті бір жануар

Үстінде екі тауы бар.(түйе)

Екі семсер айқасқан,

Оқта-текте шайқасқан (қайшы)

Таңертен тұрдым

Екі жолды қудым (шалбар)

Негізгі кезең: Проблема туғызу

Математикалық диктантСлайд №1

-Бірінші қосылғыш 5,екінші қосылғыш 5,қосындының мәнінен 7 санын азайт.

-9-ды 3-ке арттыр жауабынан 2-ні азайт

-(16+4)-5=15

Қосындының және айырманың  компонеттерін еске түсіру

-Қосудың компонентерін ата.

Азайтудың компонентерін ата.

Қосылғыш+қосылғыш=қосындының мәні

Азайғыш- азайтқыш =айырманың мәні

Карточкалық тапсырмалар:Слайд№2

№1

Кестені толтыр:  «Әткеншек»ойыны –топтар бір-бірін тексереді

1 топ:

Қосылғыш5+510+27+75+612+530+1
Қосылғыш979654
Қосындының мәні

2 топ:

 

Азайғыш10+810+97+92+825+532+4
Азайтқыш89   6556
Айырманың мәні

 

№2Теңдеуді шеш:       Жұптық жұмыс                                                                                              

1топ; 3+х=9          10-х=3                2 топ;  х-30=60                             х-20=20

40+у=80       х-30=50                                                                                          100-х=40                             15+х=30

Стакан әдісі бойынша  бағалау

Сергіту сәті:би қимылдары№3

Бекіту:Интербелсенді тақтамен жұмыс

№3 Сөзесеп:1.Аулады 8 ақ және 7 қызыл раушангүл өсіп тұр.Гүлшоғын құрастыру үшін 5 раушангүл қиып алынды.Аулада неше раушангүл қалды.

2.Аулада 5 қыз бала және 10 ұл бала ойнап жүрді.Түс кезінде үйлеріне 6 бала кетіп қалды.Аулада қанша бала ойнап қалды.

 №4Шығармашылық тапсырма:Әр топ тақырыпқа байланысты 5 жолды өлең құрастырады

1топ «Қосынды»,

2топ«Есеп»сөздеріне.Стакан әдісі бойынша бағалау

№5Көрсетілген екі жиынға бірігетін төмендегі элементтерді шеңберге сызық арқылы қос.

Үйде:Тест тапсырмасын орындап келу.

Қорыту:Оқушылар стикер арқылы сабақты бағалайды