Ән құдіретін асқақтатқан -Мұхит сал.

Сабақтың  тақырыбы:   Ән құдіретін асқақтатқан -Мұхит сал.

Сабақтың  мақсаты:   Әнші  композиторлардың    шығармашылығына тоқталу , таныстыру.Білімділік  мәні :       Оқушылардың  жан – жақты  білімдерін  арттыру

Дамытушылығы:     Жас  өспірімдердің    музыкаға  деген    ықыласын  дамыту,есте сақтау,                             ырғақты   айыру,тыңдай  білу, айыра  білу, есту   қабілеттерін  қалыптастыру,  дамыту.

Тәрбиелік  мәні :       Әнші  композиторларының  музыкалық  шығармалары  арқылы халық   музыканың  тәрбиелік  мәнін тыңдату ,  сезіну  , арқылы  бойына  сіңіру.

 

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау,  шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет.                                  

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сыныпты түгендеу.

Үй тапсырмасы:    Күйге тіл бітірген –Қазанғап.

Жаңа сабақ: Ән құдіретін асқақтатқан -Мұхит сал.

Музыка тыңдау.

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

Бағалау.

                               Сабақтың  барысы:

-Балалар  саламатсыңдар ма!

 -Бүгінгі  өтетін  жаңа  сабағымыздың  тақырыбы:

                                   Ән құдіретін асқақтатқан -Мұхит сал.

Дарынды сазгер, атақты әнші, ақын, күйші, композитор Мұхит Мерәліұлы (шын аты –Мұхамбеткерей) 1841 жылы Орал губерниясы Жымпиты уезі Жақсыбай болысының (қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы Саралжын ауылы) Ақбақай мекенінде дүниеге келген. Төре тұқымынаншыққан.
Мұхиттың туған ағалары Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіптер домбырашы, әншілер болған. Европалық аспап – скрипкада ойнау өнерін де меңгерген. Мұхит жас кезінен-ақ әнге, домбыраға әуес болып өсті. Бір естіген әнін өзі салып алатын қабілетті болады. Оның дарынының жан-жақты ашылып, оянуына өнерпаз ағаларының мол әсері тиді. Өсе келе Мұхит елге билік жүргізетін төреліктен, байлық-дәулеттен бас тартып, бар өмірін өнерге бағыштайды. Ауылға келген әнші, күйші, ақын-жыраулардың қасында жүріп, өнер үйренеді. Ел аралап, жәрмеңкелерге қатысып, той-думанның сәнін келтіріп, халық мұрасын дәріптеуші әрі насихаттаушы болып, «әнші Мұхит», «сал Мұхит» атанады. Орындаушылық тәжірибесін шыңдай түсіп, өз жанынан да ән шығара бастайды.«Айнамкөз», «Алуаш», «Зәуреш», «Ақиіс», «Қилым», «Бала Ораз», «Жылқышы», «Кіші Айдай», «Паңкөйлек», «Кербез», тағы басқа әндері халыққа кеңінен тарап, Біржан, Ақан, Мәди, Үкілі Ыбырай сияқты ірі әнші-композиторлардың белгілі шығармаларымен бірге халықтың жүрегін нұрға толтырып келеді. Көбінесе лирикалық әуенде келетін Мұхит әндерінде адамның жан дүниесін, ой-арманын, махаббат сезімін суреттеу, табиғатты тамашалау, адамның жеке басына сүйсіну сезімдері мол бейнеленген.
Белгілі өнер зерттеушісі А. Затаевич: «…қазақ әндері саласында Мұхит халық музыка элементтерінен өзіндік мағынасы бар ән мектебін құрды», –  деп, дәл суреттеп жазған. Ал Мұхиттың өзін «қазақтың Баяны» деп атап өткен.Мұхиттың баласы Мұсаның айтуы бойынша әкесі мұхит екі әйел алған екен. Бірінші әйелінің аты – Ермек – Жәңгір төренің қызы. Мекені «Тұщыкөл», «Сарой». Ол кісіден Шоң, Шәріп, Нәу туған. Екінші әйелі Зылиха өмірге он екі перзент әкелген. Олар: Мұса, Ажар, Әйіп, Салық, Әнуар, Қалыбай, Сағидолла, Жамиға, Ғайни, Сұлтанғали, Мағалым, Бағдакен (1944 жылы қайтыс болған). Шоңнан екі бала туған Ғұбайдолла, Лұқпан.
Қазіргі таңда Мұхиттың 18 шөбересі, 48 неменесі, 25 шөпшегі бар.
Мұхит 1918 жылы 15 наурызда қайтыс болған. Оның Ақбақай қорымындағы зиратын 1958 жылы академик Қ. Жұмалиевтауып, белгі қойылған.
Мұхитың 150 жылдығы 1991 жылы маусым айында қазіргі Сараджын ауылдық округінде республикалық дәрежеде тойланды. Мұхитқа ескерткіш орнытылды.
Кең тыныстылықты, асқақ та шырқау үнділікті талап ететін Мұхиттың әншілік дәстүрі негізінде әншілердің Батыс Қазақстан өңіріне тән ерекше бағыты – «Мұхит мектебі» қалыптасқан.

*   Дәстүрлі әншілік өнер өзінің айтылуы мен құрылымына қарай түрлі мектептерге бөлінеді:

1.Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріне тән әншілік мектеп.

2.Оңтүстік дәне Жетісу өңіріндегі әншілік мектеп.

3.Батыс өңіріндегі әншілік мектеп.

  1. Шығыс өңіріндегі әншілік мектеп.

5.Сыр бойындағы әншілік мектеп.

 

Музыкалық  шығарманы  тыңдау: «Айнамкөз» әні.

 Музыка тыңдау ережелері:

*    Музыканы ден қойып тыңда

*    Музыканың тақырыбы не туралы,көз алдыңа елестете біл.    

Қорытындылау :

*   Қазақтың  дәстүрлі әншілері кімдер?

*   Дәстүрлі әншілік өнер қандай мектертерге бөлінеді ?

 

Үйге  тапсырма:

*   Ән құдіретін асқақтатқан -Мұхит сал.