Абай салған сырлы әндер

Сабақтың тақырыбы: Абай салған сырлы әндер

Сабақтын мақсаты:

А) білімділік: Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі,оның қазақ музыка өнерінде алатын орын,әндерінің ерекшелігі туралы музыкалық білім беру

Б) тәрбиелік:  Абайдың қалдырған мұрасын жалғастыратын,саналы,өнерлі,білімді азаматты тәрбиелеу.Абай әндері арқылы эстетикалық,адамгершілік тәрбие беру.

В) Дамытушылық: Мзыкалық сөз қорларын байыту,музыканы тыңдай және түсіне білу,ән айту қабілеттерін жетлдіру.

Сабақтың түрі:             Кіріктірілген  сабақ.

Сабақтың типі:             Жаңа материалды меңгеру.

Сабақтың әдісі:            Түсіндірмелі-иллюстративті,баяндау,сұрақ-жауып

Көрнекіліктер:

Сабақтың барысы:

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем әнмен,тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй деп-Абай атамыз айтқандай бүгінгі музыка сабағына қош келдіңіздер!

І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың сабаққа қатынастарын,оқу-құралдарын тексеру)

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау  Жаяу Мұса Байжанұлы, «Ақ сисса» әні және зерттеу жұмыстары

ІІІ. Жаңа сабақ.

А) Қызығушылығын ояту. Абай деген сөзді естігенде,ойларыңа,көз алдарыңа не келеді? Оқушылар ойларын қағазға түсіреді.

 

 

 Мағынаны тану: Оқушыларға Абайдың  туған жері,  өмірі туралы  туралы бастауыш сынып мұғалімі  түсінігі. (тақтада Абай суреттері кетеді)

Абай Құнанбаев (1845-1904) ақын, ағартушы, композитор, аудармашы.

 

Ол өзі қалдырып кеткен құнды мұраларында адам бойында кездесетін жаман мінез құлықтарды сынап, адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды.Сонымен бірге басқа халықтың мәдениетін, өнерін білуге шақырды.Абай сазгер  ретінде қазақ музыка мәдениетінде үлкен үлес қосқан. Ол өз әндерінде махаббат және табиғат суреттерін, жыл мезгілдерін жырлаған.

Сазгерлік шығармашылығы
– Абайдың 28 әні бүгінге жеткен. «Се­гізаяқ­тың» – сегіз, «Көзімнің қарасының» – төрт, «Сұрғылт тұманның» – үш, «Евгений Онегиннің Татьянаға жазған хатының» үш вариантын қосып санағанда 64 ән, үш күйі бар. Күйлері сахнада ойналмайды. Абайдың әндері деп «Бойы бұлғаң», «Сұрғылт тұман», «Қа­раңғы түнде тау қалғып», «Желсіз түнде жа­рық ай», сондай-ақ Лермонтов арқылы Гете­ден аударылған дүниелерін айтамыз. Ба­ласы Тұрағұлдың естеліктеріне қарағанда, Абай кез келген өлеңін ыңылдап отырып жазған. Соған қарап зерттеушілер «Абайдың өлеңдерінің бізге жетпеген басқа да әуендері бар шығар деген ой туады» «Торыжорға», «Май түні»,  «Майда қоңыр»,  «Желдірме» атаулы күйлері бізге жеткен.

 

. Әндері «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Өзгеге көңілім тоярсың»т.б. және де Абай орыс ақындары Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын қазақшаға аударып, оған музыка жазды.

Абайдың ғарышта шырқалған әні- «Көзімнің қарасы» .Оны миллиондаған халық тыңдаған.Тыңдаған адамдар әннің тілін түсінбесе де,оның туған Отанмен байланысып жатқанын іштей сезінген болатын.Әннің байсалды сипаты,кең тынысты әуені,жай екпіні,қазақ халқының болмысын кқрсетіп тұрғандай әсер қалдырады.Абайдың бұл әні миллиондаған халықтың жүрегіне жол тапты.Алғаш ғарышта қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев орындаған.Бейне ролик тамашалау

Сонымен бірге бұл әнді шетелдіктер де орындап жүр .Соның бірі италияндық сазгер,әнші Сон Паскаль орындаған .Бейне ролик тамашалау

 

Музыка тыңдау:                 Көзімнің қарасы
Көзімнің қарасы

                               Көңілімнің санасы
Бітпейді іштегі
Ғашықтық жарасы

Қазақтың данасы
Жасы үлкен ағасы
«Бар» демес сендей бір
Адамның баласы

Жылайын, жырлайын
Ағызып көз майын
Айтуға келегенде
Қалқама сөз дайын

Жүректен козғайын
Әдептен озбайын
Өзі де білмей ме
Көп сөйлеп созбайын

Ән үйрену  «КӨЗІМНІҢ ҚАРАСЫ»

1.дыбыс жаттығуларын жасау

2.әнді хормен,аспаппен орындау

Бейне ролик                  Артемис студиясының бейнеклипы

Сахналық көрініс

 

 Жазылған жылдар                  әндері
1888ж

1891 ж

 

 «Желсіз түнде жарық ай» әні шыққан.

«Көзімнің қарасы» әнінің сөзін жазған.

Сабақты бекіту: Оқушылармен жұмыс

Сөзжұмбақ:

Бағалау

Үйге тапсырма