«Отбасы — тәрбиенің басты ұясы»

Тақырыбы: «Отбасы — тәрбиенің басты ұясы»

Мақсаты: Оқушыны халықтық педагогика негізінде тәрбиелеуде мұғаліммен ата-ананың бірлескен жұмысын нығайту.Ұлттық тәрбиенің мақсатын жүзеге асыру.Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру ,халқымыздың әдет-ғұрпын , салт дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Зал шармен , «Отбасы — тәрбиенің басты ұясы» атты плакат,ұлттық киімдермен безендірілген.

Өткізілу шарты:

І . Өзін-өзі таныстыру

ІІ. Аналар сайысы «Аталар айткан асыл сөз»

ІІІ. Өз өнері (Отбасымен)

ІV. Үй тапсырмасы.

  1. «Ата дәстүрі асыл қазына» салт-дәстүр .
  2. « Ас- адамның арқауы»

Сайыс жоспары:

Сайысқа 2-3 сынып оқушылары қатысады.. Әр сыныптан құралған топтың құрамында: оқушы, анасы.   Сайысқа  3 топ қатысады.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар, ұстаздар және оқушылар.Биылғы жыл – қазақ халқы үшін айрықша ардақты ,мемлекетіміз үшін ең мерейлі, мерекелі жыл.Биыл тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толып отыр.Тәуелсіздік –сенің абыройың,намысың,иығыңдағы қалқаның,маңдайыңдағы жұлдызың,төбеңдегі айдарың,қабағыңа біткен айбарың.Ендеше,халқым Тәуелсіздігіңнің ғұмыры ұзақ болсын!Ғасырға бергісіз 20 жыл күллі қазақтың арман тілегін аспандатқан, бабаларымызбен әкелеріміздің аңсаған арманы , Тәуелсіздігіміздің 20 жылыдығы ,ұлы мерекеміз баршаңызға құтты болсын!

Жан кешкен баласы үшін, бағы үшінде,

Халқының, отбасының қамы үшін де.

Аналар-шексіз әлем, күннің нұры,

Тіршілік көзі жатыр әр ісінде»- дей келе бүгінгі сайысқа келіп отырған аналарымызды ортаға шақырамыз.

 

Шәкіртпін мен,

Ұлылардан жақсылықты теретін,

Ой маржанын көпке ұсынып беретін.

Барлығынан ардақтысы өмірдің,

Әлемдегі жақсылыққа еретін.- деп шәкірттерге кезек береміз.

Әр топ өздерінің орындарына жайғасқаннан кейін, кезекпен әр топтың өзін таныстыруы.

 

І. «Біреу әкеге тартып туады,

Біреу әкеден артып туады»(әр отбасы өзін-өзі өлеңмен, әнмен,

не кара сөзбен таныстырады)

ІІ. «Аталар айтқан асыл сөз» шарты бойынша әр топтың аналарына  10 сұрақ беріледі.Осы сұрақтың 1 мин. ішінде нешеуіне дұрыс жауап беріледі, сол есепке алынады.

ІІІ.     «Балаларға өнер білім берілсін,

Сұлу мінез әр өнермен өрілсін»- кезекті өнер сайысына береміз.

(Әр отбасының күй тарту, ән айтып, би билеп өздерінің өнерлерін көрсету.)

ІV. Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз (бұл шарт үй тапсырмасы ретінде берілді.). Өздерінің үйден дайындап келген қолөнері туралы айтып түсіндірді.

 

  1. «Ата дәстүр –асыл қазына» бөлімінде салт –дәстүргелердің мазмұнын түсіндіру.

Күй- қазақ халқының рухани азығы.

Әрбір халықтың ардақ тұтар айбынымен ішкі әлемінің айдыны есепті ешбір нәрсемен алмастыруға болмайтын ұлттың  өзімен бірге туындап, біте қайнасып келе жатқан киелі мүрасы бар. Адам жанының  ішкі толқынысын,  сезім шеруінің  көпірін таңғажайып үн, әуен, ырқақпен   жеткізе  білетін қазақтың қара қобызы мен қара домбырасы, сырлы сыбызғысы арқылы пайда болған күйлерді осындай мұра қатарына  жатқызуға болады. Ұлттың рухани әлемімен жан сұлулығы, ерлігі мне өрлігі, даралығы мен дарындылығы, дархандығы мен даналығын т.т  сан алуан қасиет-қабілетін осылардың  үнтөкпесінен таниды, сезінеді, тебіренеді, тәрбие көреді.
Ғасырлардан  ғасырларға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отыратын бұл мұраны абайлап тұтынып, қастерлей білгеніміз жөн.  Бұлардың адам жадынан түспей бірге жасасып  келуінде  табиғилық басым болатындығында.  Олай  болатыны бізге жеткен әрбір күйдің сарынынан ата-баба өмір сүрген ежелгі  ортаның  кескін келбетін, соған тән құбылыстармен  оқиғаларды  көргендей, бүкіл жан дүниеңмен  сезінгендей . күй  кешесің.  Бейнелеп айтар болсақ, күйлерден  аспан мен  жер аралығында адам танып түсінер ,табындырар  іс-қимыл әрекеттердің  түр-түрі орын алып жатыр.Аққудың сұңқылы, қаздың қаңқылы, желдің гуілі,бұлақтың сылдыры,қамыстың сыбдыры,ат тұяғыныңдүбірі,ботаның боздауы, қасқырдың ұлығаны,бұлбұлдың сайрағаны т.т бірде бірі күй әлемінен тыс қалмаған.
Тарихқа көз жүгіртсек әр халық өз тарихын әртүрлі жолдармен белгілейтіні ерекше байқалады. Айталық, араптарда көне тарихын алып тас мүсіндерге түсірсе, қытайларда ескі жазу тәсілімен сақталған. Үнділерде би өнерінің тілімен бейнелесе, европалықтар  зәулім храмдар мен қорғандар салып қалдырған. Ал, қазақ халқы болса, өз тарихын аса бай ауыз әдебиетімен жырлап, саз өнерімен суреттеген. Соның бірі-күй сазы.
Күй-көне жанр. Оның сан ғасырлық тарихы бар. Қалыптасқан дәстүрлерімен мектептері бар. Күй тілі-ана тілімен бірдей. Күй мазмұны халықтың өмір айнасы. Сондықтан да күйдің түр түсінен, тілінен , ұлттық сипатынан айрылып қалмайық деп, сонау XX ғасырдың 30жылдары  Қ. Жұбановтан бастап А. Байтұрсынов, І.Жансүгіров, М.Әуезов, А. Жұбанов тағы басқа қазақтың біртуар азаматтары қайта- қайта айтып та, жазып та кетті, ғылыми тұрғыдан дәлелдегендері де бар. Өйткені әр күйдің мазмұны, өзіндік тілі, әуен ырғағына сай екпіні бар екендігін тыңдаушылар терең сезінеді,әрі жақсы түсінеді.Қазақ халқының тарихында  XX ғасырдың соңына қарай Қазақстан тәуелсіз ел атанды.      Тәуелсіздіктің алғашқы қадамдарының бірі -қазақ ұлтының басынан өткен қиын тағдырына тарихи тұрғыдан әділ баға беріп, оң көзқарасты қалыптастыру болды. Бұл істі алдымен тарихшылар және т.б  ғалымдар қолға алды. Олар ұлтымыздың тарихына қатысты бар көне деректер мен әр түрлі мәліметтерді жиып- теріп, ғылыми талдау жасады, әрі зерттеді. Соның арқасында, қазақтың бұрынғы тарихын ақтаңдақтардан тазартып жазуға мүмкіндік туды. Солардың бірі- қазақ күйлерінің тарихы. Қазақ салтында тарихты білу, ата-мекенді қастерлеу, туған ел-туған жерді қорғау, тілді, әдет-ғұрыпты ұмытпау, байырғы өнер түрлерін сақтау, дінді құрметтеу-ежелден бері  қалыптасқан  дәстүр. Мұндай дәстүрлердің өзі ғасырлар бойы ұрпақтардың  өмір  тәжірибесінен  өтіп  біздің заманға жетті. Ерте кезден-ақ қазақ  өз т тіршілігінің барлық қырларын таңдайдағы әнімен, көкіректегі күйімен, көмейдегі жырымен баяндаған. Олар әр дәуірде, әр кезеңде, әр ғасырда туғандықтан, біржағынан халықтың  рухани азығы болса, екінші жағынан өткен өмір шежіресі.
Қазақ халқы сақ, үйсін,ғұн, қаңлы, көк түріктерінің және  т.б  ру тайпалардың тарихи отанында отырған ұрпағы, әрі олардан қалған тарихи мұралардың да, рухани байлықтың да бірден-бір иесі  болып табылады. Сан ғасырлар бойы сақталған  әуен саздарды ұрпақ жадында сақтап, көздің қарашығындай қорғап, ілгері дамытып келеді.  Сондай мұраларымыздың ішінде  ең көнесі, ең байырғысы-қазақ халқының күй сазы. Сол күйлерді шығарған халық сазгерлері жайлы  академик  А. Жұбанов, не бір ардақты дарынды дала перзенттерінің аты ұмытылып кетсе де, сары алтындай шығар малары тот баспай бізге аман жетті.
Олардың бәрі де әріпті таяқ деп білмейтін, нота дегеннен тіпті бейхабар болса да, өз халқының өзегін өртеген мұңын мұңдап,  жоғын жоқтап, көптеген музыкалық шығармалар  қалдырып кеткені және айқын. Олар халық аспаптарына арнап шығармаларын яғни, домбыра мен қобыз, сыбызғыға араналған музыкалық пеьсалар   «Күй- деген бір-ақ сөзбен атаған»,-дейді. Ескі замандардан осы аспаптарда орындалатын әуен саздардың жалпы атауы«күй»деген сөзбен аталуы себептерін ашып берген  Қ.Жұбанов өзінің қазақ музыкасындағы  күй жанрының пайда болуы жайлы  очеркінде: «Күй»деген сөздің арғы тегі , «Көк»аспанмен байланыста. Көк пен су екеуі,  бір кезде бір ұғым болған. Бірі жоғарғы аспан, бірі төменгі аспан болып саналған. Алғашқы адам ұғымында екеуі де «Космос»- деген еді.
Қазақтың күй сазын сөз еткен,  оның молдығы мен көркемдігі жайлы «санын сөз етсеңіз де, сапасын сөз етсеңізде, екі ішектен ескен күй, мақтауға тұрарлық қымбат дүниеміз », — деп  А. Жұбанов айтқандай күйлердің санын сөз етсек –сонау XX ғасырдың басындағы қазақтың ән күйін жинаушы Затаевичтен бсатап, бүгінгі таңға дейін бір ғасырға жуық күй жинау тәжірибесінде нотаға түскен қазақ күйлері 4-5 мыңдай болып қалады. Солардың ішінде 500-дейі ескі сарынды көне күйлер. Бұларды қазақтың халық күйлері деп атайды. Сонымен қоса бұл күйлердің 200-ден астам аңыз әңгімелері де бар. 2000-ға тарта күйлер халық сазгерлерінің шығармасы, яғни авторлары белгілі күйлер. Мың жарымдайы қазіргі заман күйлері, демек соңғы ғасырдың жемісі. Әлі де ел ішіндегі талай күйлер нотаға түспей жатыр. Ал, сапасын сөз етер болсақ, қазақ күйлерінің мазмұны: халықтың көне шежіресін, тұрмыс тіршілігін, әдет-ғұрып, салт-санасын, мінез-құлқын, дүниетанымын, арман –тілегін, сүйініш-күйінішін, ерлік істерін,махаббат сезімін жіне т.т жырлайды.
Біздің заманға жеткен көптеген көне күйлермен аңыз әңгімелердің мазмұны 30-шы ғасырға жуық уақытты қамтиды. Мұндай сазды сарындарды шығарған күйшілердің бірінің өмірбаяны ел ішінде аңызға айналса, енді біреулері  эпостық жырлардың кейіпкері немесе көбінің есімдері ұмыт болып шығармалары сақталған. Кезінде тыңдаушысын тамсандырған бұл әуендер әсіресе, қазіргі көне күйлер сазының  құрамында жиі кездеседі. Бұлардың ішінде әуелгі замандардағы нұсқаларынан хабар беретін: «Аққу» , «Сарыөзен», «Ертіс толқыны», «Боз айғыр», «Шұбар ат», «Шыңырау» сияқты халық күйлері жүздеп саналады.
Қазақ күйлерінің сарын сазы, әуен ырғағы, композициялық құрылымы, ондағы көріністердің суреттелуі, оқиғалардың баяндалуы,-біздің ой-санамызды  ежелгі дәуірлерге меңзеп, тарихтың тұңғиық тереңіне жетелейді.

VІ. «Ас- адамның арқауы» бұл бөлімде ұлттық тағам түрлерінің біреуін,

олардың     жасалуын түсіндіріп өту.

 

VІІ. Қорытынды. Сайыс шарттарына сай, жинаған ұпай санымен жеңіске жеткен топ марпатталады.

Жүргізуші: Анаң- күнің ,жүрегің,

Әкең -өмір тірегің.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын

Әжең – асыл ардағың,

Атаң – дана қорғаның

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын. Осы өлең жолдарымен бүгінгі

тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!