оқу жылындағы жазба жұмыстарының қорытындысы
оқу жылындағы жазба жұмыстарының қорытындысы
Жылдық бақылау, жазба жұмыстары 14-17 мамыр аралығында толық алынды.
Тақырыбы: жылдық бақылау жұмысын алу
Мақсаты: жылдық бойынша алған білімдерінің тұрақтылығын, білім, білік, дағдыларының қалыптасуын тексеру
Обьект: 1-4 сыныптар
Жалпы 1-4 сыныптарға арналған бақылау жұмыстарының тапсырмалары математика пәнін тереңдетіп оқытатын және тереңдетілмеген сыныптарды ескеріліп құрылды. Тереңдетілген сыныптарға тапсырмалар күрделі алынды және логикалық есеп берілді. Былтырғы жылдың аяғында алған жазба жұмыстардың нәтижесімен және биылғы оқу жылындағы бастапқы бақылау нәтижелерімен салыстырылды. Нәтижесінде жылдық бақылау жұмыстарындағы нәтижелерде аса ауытқушылық байқалмады. Атап айтсақ: жоғары көрсеткіш көрсетіп отырған сыныптар 1 «а, е,ж,з» 2 «а және м», 3 «а,ғ», 4 «а,е» төмен көрсеткіш 1 «в», 2 «е», 3 «д», 4 «д»
Жыл соңындағы жазба жұмысының нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларында қазақ тілінен білік, білім дағдыларының қалыптасқаны байқалды. Барлық сыныптарда былтырғы оқу жылының аяғындағы көрсеткіштермен салыстыра қарасақ динамика байқалады. Жоғарғы көрсеткіштерді көрсетіп отырған сыныптар; 1 «а,ә» 2 «а және м», 3 «м» 4 «е»; төменгі көрсеткіш көрсетіп отырған сыныптар:1 «г,м», 2 «д» 3 «ғ» 4 «в»