Натюрморт

Тақырыбы: Натюрморт

Мақсаты:      1.Балаларды натюрморттың мазмұнымен,композициясымен таныстыру..

2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,жануарларды қорғауға,мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:    Натюрморт.

Керекті құрал:ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар бүгін біз натюрморт мүсіндеп үйренеміз!

V Жаңа сабақ

-Балалар айналаларыңа мұқият қараңдаршы.Қандай көп,әдемі заттар бізді қоршап тұр.Суретшілер өте зейінді,көреген адамдар.Оларға не ұнайды,не толғандырады,солардың барлығын оларр суреттерінде не жасаған мүсіндерінде бейнелейді.Суретшілер,мүсіншілер айналадағы заттардың  әсемдігін жақсы көре біледі.Олар арнайы бірнеше заттарды таңдайды және оларды әдемілеп қойып көреді де сондай әсемдікті біз де көрсін деп оның суретін не мүсінін жасайды.Міне осындай суретшілердің,мүсіншілердің туындыларын НАТЮРМОРТ деп атайды.

Жемістер мен көкөністерден жасалған натюрморттың суретін көрсету.

Оны ермексазбен жасалу жолын көрсету.

 

Сергіту сәті: Бас бармақ-әке

Балаң үйрек-шеше

Ортан терек- мен

Кішкентай бөбек-сен

 

VI Пысықтау

-Балалар қандай жемістерді білесіңдер?

-Көкөністерді ата.

 

 

VII Бекіту

Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен натюрморт жасайды.

 

VIII Бағалау

Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.