Теңіздегі жел айдаған қайық

Тақырыбы: Теңіздегі жел айдаған қайық

Мақсаты: 1. Балаларға сурет бойынша әңгімелей отырып,оның мазмұнына композиция құрау,мүсіндеудің жаңа әдіс-тәсілдерімен таныстыру.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін,халық  өнеріне деген қызығушылығын арттыру.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке ,өнерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

Жұмбақ

Аяғы жоқ,қолы жоқ,

Не жүретін долы жоқ.

Мініп алсаң зулайды,

Бірақ ізі қалмайды.       (Қайық)

-Балалар бүгін біз  қайық  жасаймыз.

V Жаңа сабақ

Суретті көрсетіп әңгіме жүргізу.Суретте теңіз бетінде жел қатты соғып тұрғаны байқалады.

-Балалар сендер қалай ойлайсыңдар,ермексаздың көмегімен осындай қайықты мүсіндеуге бола ма?Ол суреттегі сияқты емес ауқымды,жан-жағынан көруге болатын етіп мүсіндейтіндерін айту.Сондай-ақ,рельефті мүсіндеу әдіс-тәсілдерімен. Жасауға болатынын түсіндіру.Түрлі-түсті ермексаздың әр түрінен бірнеше (2,3)кесек бөлшектерді бөліп алып,оны ақ қағаздың бетіне қойып,саусақтарымен басып,жан-жағына жайып,жабыстыра жағады.Түстерді бір-біріне үйлестіре араластырады..Мұндай әдіс-тәсілмен аспан мен теңізді бейнелеп,қайықты салады.

Сергіту сәті: Бас бармақ-әке

Балаң үйрек-шеше

Ортан терек- мен

Кішкентай бөбек-сен

 

 

VI Пысықтау

Шығармашылық жұмыс: Балалар теңіздегі жел айдаған қайықты  мүсіндейді.

 

VII Бекіту

-Бүгін қандай тақырып өттік?

-Біз шеберміз,біздің қолымыздан жақсы істер келеді.

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау