Мұнайшы және шахтёр

Тақырыбы: Мұнайшы және шахтёр

Мақсаты:      1. Мұнайшы,шахтёр мамандықтары туралы түсінік қалыптастыру.

2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын дамыту.

3.Мейірімділікке,шынайылыққа,адалдыққа  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:      Мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар бүгінгі сабақта  мұнайшы және шахтёр туралы оқып білеміз.

V Жаңа сабақ

Мұнайдан алынатын жанар- жағармай (бензин,керосин,солярка,смала,парафин)туралы әңгімелеп беремін.Мұнайдан парафин алынады.Парафинді электр жарығы жоқ кезде пайдаланамыз,торттарды безендіру үшін қолданамыз.Шамшырақты дұрыс пайдаланбасақ одан өрт шығу қаупі туып айнала қоршаған ортаға көп шығын келтіруі мүмкін.Сол себепті сақтық ережелерін ұмытпаған жөн.

 

Сергіту сәті:Бойымызды ұзартып

Биікке қол созамыз

Бармақ басын қозғалтып

Беске жазу жазамыз.

Әліппе дәптермен жұмыс:Қ.Жұмағалиев «Мұнайшы»

С.Мәуленов «Шахтёр»

VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

-Суретке қарап мұнайдан алынатын заттарды ата.

-Құрылыс материалдарынан мұнай мұнарасын құрастырып көр.

 

VII Бекіту

-Трактор қандай жанар-жағармаймен жүреді?

-Жеңіл көліктер қандай маймен жүреді?

-Самалет ше?

-Автобус ше?

-Трамвай немен жүреді?

 

VIII Бағалау

Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау.