5 саны және цифры. Бесбұрыш

Сабақтың тақыры:     5 саны және цифры. Бесбұрыш

Сабақтың мақсаты:   Білімділік: Балаларды 5 санының құрылуымен,

5 цифрының жазылуымен және құрамымен таныстыру. Оқушылар бесбұрыш және оның белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру. Дамтыушылық: Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту ауызша есептеуге дағдыландыру, көркем жазуға үйрету.

Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:                  суреттер, қалталы палатка, кеспе цифрлар, үлестірме материалдары.

Әдісі:                            сұрақ-жауап, ойын жаттығу.

 

Барысы:                       І. Ұйымдастыру кезеңі.

                                      ІІ. Өткен сабақты қорытындылау.

 

«Неше рет?» ойынын ойнату.

Мақсаты: заттар мен құбылыстарды санау дағдыларын бекіту.

Шарты: Мұғалім қол шапалақтайды балаларсоған сәйкес цифр жазылған карточканы көрсетеді.

ІІІ. Жаңа сабақ.

а) Психологиялық дайындық.

Оң қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 5 саусақ.

Қосып едім екеуін,

Балып шықты 10 саусақ

ә) 5 саны мен цифрымен таныстыру.

Қалталы полотноға дөңгелекшелерді салып, мысалдар келтіру.

 

 

4+1=5                                           2+3=5

1+4=5                                           3+2=5

5-4=1                                            5-2=3

5-1=4                                            5-3=2

 

5 санының құрамымен таныстыру.

 

Балаларға 1 см-ден 5 см-ге дейінгі ұзындықтағы

кесінділерді беріп, оларға көз мөлшерімен өлшемін

жазуды тапсыру. Содан кейін көрсетілген карточкаларын

алмасады да, кесінділерді сызғышпен өлшейді.

Кім кесінділерді көзімен дәл өлшесе, сол жеңімпаз аталады

 

 

б) Дәптермен жұмыс.

5 цифрын жазғызу

в) № 2 Сандар құрамын анықтау.

 

Ү. Қорытынды:

Қалталы полотноға екі түстегі геометриялық фигураларды қойып, оның ішінен тек бесбұрыштарды тапқызамын қалған фигураларды екі толқа бөлгіземін.

 

Балаларды мақтап – мадақтау.