Етістіктің жіктелуі

                                  

               Ашық сабақ.   Қазақ тілі  4 сынып

Сабақтың тақырыбы:    Етістіктің жіктелуі

Сабақтың  білімділік мақсатыСөз таптары тақырыбынан алған білімдерін тиянақтау.   Етістіктің жекеше және көпше жіктелуі  туралы түсінік беру .  Жаттығу жұмыстарын орындату  арқылы білімдерін бекіту.  Сөздік қорын молайту.

Дамытушылығы:  Білім алуға қызығушылығын ояту. Шығармашылық тапсырмалар арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту,   есте сақтау, жаттай білу  қабілетін   жетілдіру. Оқушылардың  бір-бірін бағалауын ұйымдастыру.

Тәрбиелік мақсаты:  Туыстық қарым- қатынасты ажырата білуге,, адамгершілік қасиеттерді сақтауға тәрбиелеу. Қоршаған ортаны, тірі табиғатты сүюге  ынталандыру.

 Сабақтың әдісі:   Дамыта отырып оқыту. (сыни тұрғыдан ойлау  стратегиясы)

Пәнаралық  байланыс: математика, дүниетану, өзін-өзінтану пәні

Сабақтың көрнекілігі: 

а) «Сыйқырлы текше»  тапсырмалары ( слайдта  көрсетілген.)

ә) «Құндыз- бағалы аң» тақырыбындағы ғаламтор материалы

б)  Әр оқушыға арналған үлестірмелі қағаздар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру ( өзін таныстыру, сабақтың мақсатын айту)

 

  1. Қызығушылығын ояту ( текше туралы білетіндерін естеріне түсіру)

   (Математика пәнімен байланыстыру)

— Мынау қандай фигура?

—  Текше  (куб)

— Оның неше жағы бар?

 

  1. Өткен тақырыптардан алған білімдерін тексеру

«Сыйқырлы текше»  бойынша  (баладағы бар ақпаратты алу)

 

 

Слайд №1   (  текшенің  І жағының тапсырмасы)

ІІ     Үй тапсырмасын тексеру

-Етістіктің жіктелуі дегеніміз не?

 — Етістікке жіктік жалғауы жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі деп атаймыз.

— Етістік неше жақта жіктеледі?

— Етістік үш жақта жіктеледі.

-Жіктік жалғаулы етістіктер қандай сөйлем мүшесі болады?

— Баяндауыш      

                                   Қорытындылау

ІІІ    Жаңа сабақ.  ( күннің жадын,  сабақтың тақырыбын жазу)

Слайд  №2   (текшенгің ІІ жағы)

13-жаттығудың  (ауызша)

Мақсаты:

а)   етістікті табу

ә)   қай жақта тұрғанын айту

 б)  1-ші және екінші бағандағы сөйлемдерді салыстыру ( жекеше, көпше түрде жіктелетіндігін айту)

д)  III жақта жіктік жалғауы болмайтындығы түсіндіріледі

Айтылуына қарай қандай сөйлемдер?

а) сөйлем мүшелеріне талдату арқылы  жай сөйлем, жалаң сөйлем екеніне көз жеткізу

ә ) жіктік жалғауы басқа қосымшалар сияқты сөз бен сөзді байланыстыратын дығын ескерту

б)  III жақта жіктік жалғауы болмайтындығы түсіндіріледі

Слайд № 3    (Текшенің үшінші жағы)

14-жаттығу    Дәптермен жұмыс   Жаңылтпашты жатқа жазу

( жазу каллиграфиясына көңіл бөлу,  есте сақтау қабілетін жетілдіру)    

                                           Үш егізбіз, үш егізбіз,

                                           Асты бірге ішеміз  біз.  

 Тапсырмасы:  жіктелген етістікті табу, астын сызу,   етістікті сөз құрамына талдау,   ішеміз-көпше түрде  3-жақта жіктелген,  егізбіз — 3 -ші жақта жіктелген зат есімдер

Егіз дегеніміз не?  Үш егізді тағы қалай атауға болады?

( туыстық қарым- қатынас туралы, адамгершілік туралы   мағұлматтар беру)

Сергіту сәті:  Отбасы мүшелері бір- бірінің  қимыл-қозғалысынан, бет әлпетіндегі ым- жымынан  еркін түсініседі. Олай болса ,

    « Пантамимикалық »  ойын ( оқушының зеректігін жетілдіру)

Ойынның шарты:   (әр қатардан 1 оқушы шығып бетшеге жазылған тапсырманы іштей оқып,   оны қимымен көрсетеді, қалған оқушылар қимылды  мұқият қайталап, кімнің?ненің? қимылы екенін тауып айтады.)      

 Құс  аспандап ұшты.    Бала доп ойнады.       Жүргізуші көлікті жүргізді.

 

Слайд № 4   (Текшенің ІҮ жағы)

15-жаттығу  (ауызша)    

  Мақсаты: Берілген сөздерге сөйлем құрау, жіктік жалғаулы сөздердің баяндауыш қызметін атқаратындығына көз жеткізу.

                                 Тазалаймын,  үйренесің,  біледі.

 

 Слайд № 5    (Текшенің Ү  жағы )

16-жаттығу  Әр  бағандарды салыстыру  ( ВЕНН диаграммасы)

1-ші жақта жіктелген етістіктер:            2-жақта жіктелген   етістіктер:  

                                                                            

Етістіктің жіктелуі

 

 

 

 

 

 

                       (оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту)

 

17- жаттығу   Мәтінді түсініп оқу.Ат қою. Мәтін туралы білімдерін толықтыру. Етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын табу.

 Дүниетану пәнімен байланыстыру

 Грамматикалық талдау (Мәтіндегі  1-ші сөйлемді сөз құрамына талдау)

 Құндыз-ақылды жануар.

 Теориялық білінің маңыздылығы  (Ғаламтор материалдары)

   «Құндыз – бағалы аң»    (қоршаған орта мен табиғатты сүюге тәрбиелеу)

 

          Слайд № 6      (Текшенің ҮІ жағы)      Жинақтау әдісі.   

                                    

                                   Семантикалық карта

Тапсырманың                            түрі         Даладан       Жүрдің      Оқушымын

 

Зат есімнің септелуі   
Зат есімнің жіктелуі   
Етістіктің жіктелуі   

 

( Бірін-бірін бағалау әдісі  арқылы жауаптарды тексеру)

4.Қорыту

 

5.Бағалау («Жүректен  жүрекке» тәсілі бойынша оқушыларды тілек жазылған текшелер беру арқылы бағалап,оқушылардың болашақтарына жақсы ғұмыр тілеу)

Өзін- өзі тану пәнімен байланыстыру

6.Үйге тапсырма беру