Ерікті еңбек ету құқығы туралы түсінік. Кәсіпорындар

Сабақтың тақырыбы:§ 14. Ерікті еңбек ету құқығы туралы түсінік. Кәсіпорындар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға ерікті еңбек ету құқығы туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: құқықтар мен міндеттердің айырмашылықтарын салыстыра отырып, оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: ҚР Конституциясы, Азаматтық кодексі.

Әдісі: көрнекі құралдарды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру және өз бетінше ізденіс жүргізу.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік дегеніміз не?
  3. Мүліктік залал дегеніміз не?
  4. Кәмелетке толмағандар келтірілген зиян үшін жауапкершілік туындай ма?
  5. Білімдерін жан-жақты тексеру
  6. Өмірі мен денсаулыққа келтірілген зиянның орны қалай толтырылады?

4.Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатың баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5.Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Ерікті еңбек ету құқығы.
  2. Мамандықтың түрлері.
  3. Кәсіпорындар және олардың түрлері.
  4. Басқа жұмыс берушілер.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24- бабына сәйкес: «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін тандауына құқығы бар». Бұл ҚР-ның азаматы өз қалауынша жұмысқа тұра алады және одан өз еркімен шығып кте алады дегенді білдіреді. Конституцияның келтірілген бабында: «Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі» делінген.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі оқуға отырып,қандай мамандықтар барын ескереді. Мамандық қандай да бір қызметті жүзеге асыруға қажетті білім жиынтығын білдіреді.

Азамат ерікті еңбек ету құқығын іске асыру үшін оны жұмыс бкруші жұмысқа алуы керек. Жұмыс беруші ұғымына Қазақстан Республикасындағы Еңбек кодексінің 1-бабында анықтама беріледі. Жұмыс беруші – қызметкермен еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға. Мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан      Республикасының Азаматтық кодексі негізінде құрылады.Сондай-ақ олардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының заң күші бар 1995 жылғы 19 маусымдағы «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Заңымен белгіленеді. Заңды тұлғалардан басқа азаматтар жеке кәсіпкерлермен де еңбек қатынастарында болады.     Жұмыс берушілер ретінде шаруа (фермерлік) қожалықтары да болады. Олар Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы шаруа (фермер) қожалықтары туралы» Заң негізінде әрекет етеді.

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Ерікті еңбек ету құқығы деп нені айтамыз?

7.Жаңа материалды бекіту:

  1. Мамандық бойынша жұмыстың маңызы қандай?
  2. Жұмыс беруші деген кім?
  3. Заңды тұлға деген кім?

8.Үйге тапсырма:§ 14. Ерікті еңбек ету құқығы.

9.Бағалау: