Қарсы мәндес сын есім

Қазақ тілі, 4-сынып

 

Сабақтың  тақырыбы:     Қарсы  мәндес  сын  есім                           

Сабақтың мақсаттары:

   Білімділігі:              Оқушыларға мағынасы қарама-қарсы сын есімдер туралы түсінік беру,      

                                     сын  есімдерді сөйлеу кезінде қолдана білуге жаттықтыру.

   Дамытушылығы:  Оқушылардың ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін,

                                     сөйлеу тілін дамыту.

   Тәрбиелігі:              Сабақ барысында  ана тілін құрметтеуге, сөздік  қорын молайтуға,             

                                     сауатты  жазуға,  білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:         ой қозғау, түсіндіру, шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап, талдау.

Технология түрі:  Сын  тұрғысынан ойлау әдісі

Көрнекілігі:  слайд, суреттер, карточкалар

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, орыс тілі, ағылшын тілі.

 

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық.

Танысу.

Мен  …   … .

Біз жайнаған гүлдейміз.

Шуағын шашқан күндейміз.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Қызығушылығын ояту.

  • Ақ, көк, сұр, құла, күрең.
  • Биік, кіші, тар, ұзын, қысқа.
  • Жақсы, жаман, сараң, тентек, алғыр.
  • Ащы, тұщы, қышқыл, тәтті, жұмсақ.
  • Тасты, балалы, білімді, көтеріңкі, қысқы.

Бұл сөздер заттың несін білдіреді?

Сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақ қойылады?

     Ереже: Заттың сынын, сапасын, сипатын, түр-түсін, көлемін білдіріп, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын сын есім дейміз.

 

                                                                 Құрамына қарай  түрлері

           Сын есім

 

 

             

                                    негізгі                        туынды             дара              күрделі

 

Мысалдар  келтіру:

Қара шалбар, таза дәптер (негізгі сын есім)

Кешкі ауа, өнерлі жігіт, көшпелі ел (туынды сын есім)                       

Көк, көкшіл, көкпеңбек (дара сын есім)

Көк ала, қара ала (күрделі сын есім)

Суреттер көрсетіп, олардың аттарын атату.

Оны немен атап тұрмыз? (сөзбен)

Сөз деген не? (зат)

Ол заттың мағынасының не екенін білесің бе?

Сөз мағынасының түрлері туралы не айта аласың? Мысал келтір.

Мағынасы жуық сөздер. (мейірімді, қайырымды, иманды)

Мағынасы қарама-қарсы сөздер. (жас-кәрі, сулы-құрғақ)

Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер.

Сызбаны көрсете отырып толық мағұлмат беру.

Үлкен – кіші

Бұл мағынасы қарама-қарсы сөздер,  өйткені олар бір сөз табына жатады.

Мағынасы мәндес сөздер – олар бір сөз табына жатады,бұл сөздер мағыналары жуық, бірінің  орнына бірін қолдануға болады.

Бұлар көп мағыналы.

Мағынаны тану.

 Жаңа сабақ.         Қарсы мәндес сын есім.

Дәптерге күннің жады. Көркем жазу.  Тт.                                 Тәрбие басы —  тіл.

                                                                                                                    (Махмұд Қашқари)

Олай болса,  қарсы-мәндес сын  есімдер  айтайық.

 

  Ойын:   ,, Ойна, ойла, толықтыр ,,

жақсы —                                                                              жұқа –

  • тұщы —   ылғал

оңай —                                                                                 жуан  —

Қандай қорытынды жасауға болады?

Мағыналары бір-біріне қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есім дейміз.

 

Оқулықпен жұмыс.

7 — жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

  1. Үлкен кісі бастар, кіші кісі қостар.
  2. Жақсы бала – қуаныш, жаман бала – өкініш.
  3. Қант тәтті болады, бұрыш ащы болады.
  4. Жақсы бала ойлағыш, жаман бала тойлағыш.

Сын есімдерді тап. Олардың мағынасына назар аудар. 

— Не жаздық? Мақалдар неге жатады? Тағы нелер халық ауыз әдебиетіне жатады? (ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, жырлар).

 

Өзіндік жұмыс.

9 — жаттығу.

Берілген сын есімдерді қатыстырып сөйлем құра. Берілген сөздерге мағынасы жуық сын есімдер тауып жаз. (жеке оқушыға беру) Карточка.

 Мейірімді  (қайырымды,  мейірбан );      

Инабатты(сыпайы,  кішіпейіл, тәрбиелі, әдепті  );                                              

Жуас ( момын,  қой ауызынан шөп алмайды, момақан, бұйығы).

Сергіту сәті.

Мақал сөздің мәйегі      «Жалғастыр»

Қарсы мәндес сын есімдері бар мақалдар айтып жарысу.                                                     

10 – жаттығу. Берілген сөздердің сын есім екенін дәлелде және оларға қарсы мәндес сын есім тап.

Ірі – ұсақ

Жұқа – қалың

Құрғақ – ылғал

 

Дәлелдеу үлгісі:                                        Заттың түсін (көлемін т.б) білдіреді.

Бұл — сын есім, өйткені                           қандай? сұрағына жауап береді.

-Біздің жеріміз қандай жерге жатады?

-Өлкемізде кездесетін қандай жануарларды білесіңдер?

Ой толғаныс:

Шығармашылық тапсырма.

Қасқыр- мағыналас сөздерін жазу,  қарақұйрық— сипаттап жаз,  қоян – суретін сал.

 

Тақтаға назар аудару.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

Өлеңдегі сын есімдерді тауып оған қарсы мәндес сын есім айтыңдар?

Желсіз – желді,   жарық – қараңғы,   терең – таяз.

«Жоғалған сөз» ойыны.

 Ең тәтті де — …..

Ең ащы да — ……

Ең қатты да — …..

Ең жұмсақ та — …..

       Мадақтайтын да, жылататын да, ауыр сөздер айтатын да, еркелететін де не екен?

Тіл екен. Ендеше, балалар, тіл деген сөздің мағынасын ашып көрейік. Тіл деген сөз тағы қандай мағынаны білдіреді? Аузымыздағы тіл және мемлекеттік, ана тіліміз екен.

Балалар. Әр ұлттардың өз тілдері бар екен. Қандай ұлттарды білеміз? ( орыс, қазақ, қырғыз, өзбек, ағылшын). Өте жақсы.

Кәне,  кім бізге ағылшын, орыс тілдерінде кімдер тақпақ оқып бере алады екен?!

Жақсы! Өте жақсы!

     Біз де басқа ұлттың тілінде сөйлей алады екенбіз!

Оқушылар, сіздерден неге тіл туралы сұрап тұрмын? Себебі не деп ойлайсыңдар?

Оның себебі,  мен сабақтың   танысу кезеңінде  айтқандай  «22 ақпан- Халықаралық ана тілі күні»  мерекесіне орай аудандық деңгейде олимпиада өтіп жатыр. Соның бір белгісі – сіздердің  сыныптарыңызда қазақ тілінен өткен ашық сабақ.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте – деп ақын ағаларымыз жырлағандай қазақ тілінің мерейі үстем болсын дегім келеді.

Сабақты қорытындылау.

Сонымен, біз бүгін не туралы айттық?

Қарсы мәндес сын есім деген не?

Бағалау.

Үйге тапсырма: 12-жаттығу. Ереже  жаттау

Берілген сөзге мәндес сөздер тауып жаз.

Мейірімді , . . .

Берілген сөзге мәндес сөздер тауып жаз.

Инабатты  , . . .

Берілген сөзге мәндес сөздер тауып жаз.

Жуас , . . .