Қазақстан қоғамының ұлттық-этностық құрамы.
Сабақтың тақырыбы:§ 18. Қазақстан қоғамының ұлттық-этностық құрамы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушыларға автохтонды ұлт, диаспоралар, этнос өкілдерінің тарихына сипаттама беру.
Тәрбиелік: оқушыларға азаматтық, отаншылдық тәрбие беру.
Дамытушылық: ұлтаралық қатынастардың арасындағы қарым –қатынасты түсіндіре отырып, оқушылардың жауапкершілігін қалыптастыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі:тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
- Үй тапсырмасын тексеру
- Құрамының күрделілігі мен табыс мөлшерінің әртүрлі болуына байланысты таптар нешеге бөлінеді?
| Орта тап |
| Жоғары орта тап |
| Ортаңғы орта тап |
| Төменгі орта тап |
2.Әлеуметтік мобильділіктің қандай қозғалу бағыттары болады?
| Әлеуметтік мобильділік |
| Тік (вертикаль) |
| Көлденең (горизонталь) |
- Білімдерін жан жақты тексеру
1.Біздің еліміз неге орта тапты қоғам құруды алдына мақсат етіп қойды?
- Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
- Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
- Автохтонды ұлт және диаспоралар.
- Ұлтаралық қатынастар.
- Этносаралық қатынастар.
- Қазақстандық отаншылдық.
Автохтонды ұлт- елдің жергілікті тұрғындары. Қазақстан үшін қазақтар-автохтонды ұлт. Өйткені олар этногенетикалық аумақта тарихи қалыптасқан, ежелгі дәуірден бері осында тұрып, өмір сүріп келе жатқан халық.
Диаспора- адамдардың тарихи отанынан өзге жерлерде тұратын бөлігі.Соңғы жылдары ғылыми әдебиеттерде белен алған тұжырымдар бойынша, Қазақстан аумағындағы автохтонды ұлт- қазақтардан өзге ұлт өкілдерін ұлттық диаспоралар деп қарастыру қабылданған.
Қазақстанның ұлт мәселелеріне байланысты басқа елдермен қатынас жасауы (мемлекетаралвқ) ұларалық қатынастар деп аталады.
Қазақ халықымен — Қытай қазақ диаспоралары
Ресей халқымен – Қазақ орыс диаспоралары
| Ұлтаралық қатынастар |
| Әлеуметтік |
| Саяси |
| Экономикалық |
| Мәдени |
Этнос – ежелгі грек тілінде халық деген ұғымды білдіреді.
Этносаралық қатынастарға түрлі диаспоралар өкілдерінің ел ішіндегі өзара байланыстары жатады
Қазақстан Республикасы-өз аумағында тұратын барлық азаматтардың ортақ Отаны.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев: «Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан мемлекетінің көздеп отырған аса маңызды идеологиялық міндеті- қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру» деп жариялаған болатын.
- Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
- Ұлтаралық қатынастар дегеніміз не?
- Этносаралық қатынастар дегеніміз не?
- Жаңа материалды бекіту:
Сәйкестендіру сұрақтары.
| Ұғым | Анықтамалар |
| 1. Этнос
2. Ұлт.
3. Халық.
4. Мемлекет.
5. Диаспора
6. Автохтонды ұлт | · Белгілі бір географиялық ортада тұрып, әлеуметтік белсенді және жүйелі әрекет ете алатын, азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығын айтамыз. · Адамдардың тарихи отанынан өзге жерлерде тұратын бөлігі. · Қазақстан үшін қазақтар · Қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт. · Белгілі бір аумақты мекен еткен, өзіне тән шаруашылық жүргізу ерекшелігі бар, өзінің тарихи дәстүрлері қалыптасқан, тілі, мәдениеті, ,ұлттық психологиясы айшықтана көрініс беретін адамдар қауымдастығының орнықты формасы. · Адамдардың еркі бойынша емес, табиғи және тарихи үдерістер нәтижесінде пайда болған әлеуметтік топтасудың айрықша түрі. |
- Үйге тапсырма:§ 18. 1-2 тапсырмалар.
- Бағалау: