Адамдардың қарым-қатынасы.

Сабақтың тақырыбы:§ 57. Адамдардың қарым-қатынасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жақтарына, түрлеріне, қарым-қатынасқа қатысушы тараптардың теңдігіне сипаттама беру.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, теңдікке, өздерін қоғамдық ортада дұрыс ұстауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру, ой-өрісін дамытуға,  үйретуге үлгі алуға баулу.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Мәдениеттілік дегеніміз не?
  3. Жеке адамның мәдениеттілік көрсеткіші неден көрінеді?
  4. Білімді өмірлік практикада қолдану дегеніміз не?
  5. Білімдерін жан- жақты тексеру
  6. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Қарым-қатынас.
  2. Қарым-қатынастың түрлері.
  3. Қарым-қатынасқа қатысушы тараптардың теңдігі.
  4. Қарым-қатынас үдерісіндегі демократиялылық.

Қарым-қатынас деп адамдардың қызметі бірлесіп істеу қажеттігінен туындайтын, адамның өзге адаммен немесе адамдар тобымен қауышуын, өзара әрекеттесудің біртұтас стратегиясын жасап шығаруын, басқа адаммен оны қабылдау және түсіну бағытында қатынасқа келуін және сол қатынастың кері байланыс арқылы тудырған салдарын айтамыз.

Адамдардың қарым-қатынасы ұғымына
Адамның кім екенін танытатын, жақындастыратын құрал
Адамдардың органикалық және рухани қажеттерін өтейтін шарт
Адамдардың өмір суру формасының бірі
Адамдардың психикалық қызметін күшейткіш құрал
Адамды тәрбиелеу құралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарым-қатынастың жағы

 

 

Коммуникативті             интерактивті           перцептивті

Қарым-қатынастың коммуникативті жағы- адамдардың танымдық еңбек үдерісіндегі өзара әрекеттесуінің – ой, ақпарат, идеялар алмсуының өзіндік жүзеге асырылу формасы. Коммуникация белсенді субъект ретіндегі адамдар арасындағы ақпараттық үдерістердің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты туындайды және тілдің қызметімен жүзеге асырылады.

Қарым-қатынастың интерактивті жағы- адамдардың өзара әсер ете әрекеттесуінің, тұлғааралық қатынастардың пайда болуы мен дамуы мәнінің әлеуметтік-психологиялық үдерістер мен құбылыстардан туындайды және олардың өзара әрекеттесудің ортақ стратегиясын жасауынан көрініс береді.

Қарым-қатынастың перцептивті жағы- адамның әлеуметтік объектілерді қабылдау, түсіну және бағалауын, өзге адамның бейнесін қалыптастыру үдерісін көрсетеді.

Қарым-қатынастың көптеген түрлері бар. Адамдарды кездестіріп, пікірлесуге алып келетін қозғаушы күштердің сипатына қарай қарым-қатынас ресми және бейресми деп бөлінеді.

Адамдардың өмірлік қызметінің екі аясы бар. Олардың біріншісі- қоғамдық орындардағы өндірістік қызмет аясы, екіншісі- тұрмыстағы өндірістен тыс қызмет аясы.

Қоғамдық орындарда, қызмет бабымен қатынасқа келуді ресми қарым қатынас дейміз.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас қоғамдық орындардан тыс жерлерде де тоқтаусыз жүріп жатады.  Адамдар тұрмыста туысқандарымен, көшеде, стадионда, парктерде, т.б. өндірістен тыс ақпарат алмасады. Олар қарым-қатынастың бейресми түрлеріне жатады.

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың формалары көп. Олардың арасында ресми жүздесу де, бейресми жүздесу де кең таралғаны- төте және жанамалы қарым-қатынас формалары болып бөлінеді.

Қарым- қатынастың үдерісіне қатысушылар, қоғамда алатын орны және бір-біріне қатысты еріктік қатынастары тұрғысынан алғанда, екі түрлі жағдайда болып келуі мүмкін. Оның біріншісі – еріктік қатынастар тұрғысынан тең пікірлесушілер; екіншісі – еріктік қатынастар тұрғысынан тең емес жүздесулер.

Қарым-қатынастағы демократиялылық деп қоғамда алатын орны мен еріктік қатынастары тұрғысынан алғанда тең бола алмайтын адамдардың қауышу үдерісіндегі теңдіктің қамтамассыз етілуін айтамыз.

Қарым-қатынастағы демократиялылық бағынышты адамның басшысының тұрғысына қатысты өз ойын бүркемелемей, еркін айта алуын көрсетеді.

Қазіргі заманғы менеджмент адамдар ұжымының өндірістік қызметінің алға басуына қажетті үш шартты атайды.

  • Иерархия
  • Қаражат
  • Бірге жұмыс істейтін адамдардың қарым-қатынас мәдениеті.
  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жақтарына, түрлеріне сипаттама беріңдер?
  3. Қарым-қатынастың формалары қандай?
  4. Қарым- қатынастағы демократиялылық дегеніміз не?
  5. Жаңа материалды бекіту:
  6. Бір-бірімен қарым-қатынасқа келгенде адамдар үнемі теңдік жағдайында болуы міндетті ме?
  7. Адамдар арасындағы қарым-қатынастарда біреудің екіншіге үстемдік жүргізуі құптарлық нәтижелерге жеткізетін кездер бола ма?
Қарым- қатынастың жағы
  • Кестені толтырыңдар.

 

 

 

 

  1. Үйге тапсырма: 57. Адамдардың қарым-қатынасы.
  2. Бағалау: