Интеллектуалдық меншік құқығы мен авторлық құқық

Тақырыбы: Интеллектуалдық меншік құқығы мен авторлық құқық

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға интеллектуалдық меншік құқығы мен авторлық құқық туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: интеллектуалдық меншік құқығының объектілері алуан түрлі болып келеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

  • Интеллектуалдық қызметтің туындылары
  • Ғылым, әдебиет және өнер туындылары
  • Өнертабыс, үлгі, өндірістік үлгілер
  • Фирмалық атаулар
  • Тауарлық белгілер және т.б.

Айрықша құқық меншік иесінің интеллектуалдық шығармашылықтың объектісін өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесінде немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады.

Интеллектуалдық меншік объектісін уақытша пайдалану лицензия шарт арқылы жүзеге асырылады.

Лицензиялық шарт бойынша интеллектуальдық шығармашылық қызметінің нәтижесінде немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарапына (лицензиялар) екінші тарап (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісі объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді.

Авторлық құқықтың объектілеріне мыналар жатады:

  • Әдеби шығармалар
  • Драма және музыкалық-драмалық шығармалар
  • Мәтінмен және мәтінсіз музыкалық шығармалар
  • Қолданбалы өнер шығармалары
  • Фотографиялық шығармалар
  • Сахналық туындылар
  • Карталар, эскиздер, иллюстрациялар мен үш өлшемді шығармалар
  • Энциклопедиялар, антологиялар, мәліметтер базасы
  • Хореография және пантомимді шығармалар
  • Кино, теле, бейне және диафильдер
  • ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар
  • Архитектура, қалақұрылыс және бақша – саябақ өнерінің шығармалары
  • Жасанды шығармалар (аудармалар, рефераттар, түйіндер, музыкалық оранжировакалар т.б.)

Сабақты қорытындылау: авторлық құқық интеллектуалдық меншікке жатады және сотпен қорғалады.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §8, Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.