Талантты және дарынды балаларды оқыту: Диалогтық оқыту
«Талантты және дарынды балаларды оқыту: Диалогтық оқыту» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучинг жоспары
| 30.04.2014
| 4 апта | 1-сабақ 3-күн | |
| Сабақ тақырыбы: | Талантты және дарынды балаларды оқыту: Диалогтық оқыту
| ||
| Жалпы мақсат: | Практикалық тапсырмалар беру арқылы диалог түрінде оқыту дағдысын қалыптастыру, сабақта тиімді пайдалануына ықпал жасау.
| ||
| Сілтеме: | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үлестірмелі материалдар.
| ||
| Оқу нәтижесі | Оқу үрдісінде диалогтық оқытуды қолданудың маңызын түсінеді; Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады; Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді.
| ||
| Түйінді идеялар: | Диалогтық оқыту жолдары арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.
| ||
| Сабақта қолданылатын материалдар:
| А-4 парақтары,стикер, смайликтер,интерактивтітақта, флипчарт, маркер, қалам. | ||
| Оқыту әдістері: | 1.Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер 2. Оқыту мен оқытудағы АКТ 3. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
| 1. Диалог 2. Жеке жұмыс 3. Топтық жұмыс
| |
| Дерек көздері: | Әдеби материалдар, газет-журналдар.
| ||
| Тапсырмалар: | Сұрақ- жауап, бейнефильм бойынша ой қорыту, логикалық тапсырма, шығырмашылық-ізденіс бағытындағы тапсырмалар.
| ||
| Оқуға арналған тапсырма: | Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық Мұғалімге арналған нұсқаулық. | ||
Сессия бойынша коучпен мұғалімдердің іс-әрекеті:
| І.Топқа бөлу
| Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті |
| (3 мин)
| «Шашу шашу» арқылы алынған конфеттің түсіне қарай шағын топқа бөлу. | Шашудан конфет ала отырып, түстеріне қарай төрт топқа бөлінеді. |
| Көңіл-күйлерін бағалау 3 мин | Коучинг сессия басындағы көңіл-күйлерін стикер қағаздарға смайлик арқылы белгілеулерін және өзі отырған үстелдің астына жапсыруларын өтіну
| Стикер қағаздарына көңіл күйлерін смайлик арқылы белгілеп, өзі отырған үстелдің астына жапсырады |
| Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу (8мин)
| «Бос ыдысты» толтыру тренингі. Мұғалімдердің алдына бос ыдыс, тас, ұсақ тастар, су, құм қоямын да, ыдысты бұл заттармен толтыру үшін қай ретімен салу керектігін сұраймын.
Қорытынды да: Ең алдымен, тас-өміріміздің ең маңыздысы отан, отбасы, ата-ана, бала-шаға амандығы; Ұсақ тас- жеке басымызға тілейтін армандар; Құм-бізді бақытты ететін қуанышты сәттер; Су-тіршілік көзі болғандықтан, ұзақ ғұмыр. Толық ыдыс — өміріміз, мәнді де сәнді, тіпті бүгінгі коучинг сессиямыздың да сәтті өтуіне тілекші болсын. (қол шапалақтау арқылы бағалау).
| Топ болып ақылдасып, шағын диалогқа түсіп, ой тұжырымдарын білдіреді. Топтар бір-бірін қол шапалақтау арқылы бағалайды. |
| І тапсырма «Миға шабуыл» 3мин | «Егіздер» бейнефильмін тамашалауға шақыру, ойларын тыңдау.
| Бейнефильмді көреді, ой қорытады. |
| ІІ тапсырма «Мәтінмен жұмыс» 10 мин
| 1-топ. Диалогтық оқыту. 2-топ. Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгімелесудің түрлері. 3-топ. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақ қоюдың маңызы. 4-топ. Оқушыларды тыңдау және оларға жауап беру.
| Мәтінмен танысады, топта талқылайды.
|
| ІІІ тапсырма «Негізгі идеяны табу» 10 минут
Қорғауға әр топқа 2 минут | Мәтін бойынша негізгі идеяларды флипчартқа түсірге, постер қорғауға шақыру. («Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау) | Мәтіндегі негізгі идеяларды флипчартқа түсіреді, постер қорғайды. Сағат бойы бағытымен топтар бір-бірінің жұмысын «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.
|
| Сергіту сәті
(5 минут) | Краокемен» «Жан досым» әнін орындау | «Жан досым» әнін бәрі караокемен орындарынан тұрып, қол ұстасып тұрып орындайды.
|
| V тапсырма (10+10 минут)
Әңгіме түрін қорғауға әр топқа 2-2,5 минут уақыт
| Жасырын берілген әңгіме түрілеріне диалогтық әңгіме(рөлдік ойын) құрастыруға шақыру. | Әңгімелесудің үш түрінің белгіленген түріне сәйкес диалогтық әңгіме немесе рөлдік ойын құрастыру |
| VІ тапсырма (10 минут) | Топтастыру «Диалогтық оқыту арқылы неге қол жеткізуге болады?» | Ашық сұраққа топпен жауап іздейді, ортақ ой түйіндейді, ортақ пікірге келеді.
|
| VІІ.Көңіл-күйін бағалау (3 мин)
| Сабақтың бастапқа кезеңінде өз көңіл күйлерін бейнелеген стикердің артына сабақтың соңындағы көңіл-күйлерін смайлик арқылы бейнелеу тапсырылады.
| Сабақтың соңындағы көңіл-күйлерін смайлик арқылы бейнелеп, тапсырады. |
| VІІІ. Рефлексия (7 мин) | Өзіңнің жұлдызыңды тап. Музыка ырғағында мәтінді оқу, берілген жұлдыздарға сабақ жайлы ойларын жазғызу.
| Оқылған мәтінді көздерін жұмып отырып тыңдайды, өз жұлдыздарын алып, сабақ жайлы пікірлерін жазады. |