«Сын тұрғысынан ойлау» модулі бойынша коучинг ЖОСПАРЫ
«Сын тұрғысынан ойлау» модулі бойынша коучинг ЖОСПАРЫ
| № | Сабақтың тізбегі | Оқу үдерісін бағалау |
| 1 | Жалпы мақсаты | Коуч сессия қатысушыларына сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерімен танысу тәжірибеде қолдана білуге бағыттау. |
| 2 | Күтілетін нәтиже | Коуч сессия қатысушылары сын тұрғысынан ойлау технологиясының әр түрлі әдістерімен оқыту үдерістерінде әр түрлі технологияларды мақсатты қолдануды біледі. |
| 3 | Түйінді идеялар | Баланың не үйренгені туралы сын тұрғысынан ойлау |
| 4 | Материалдар және ресурстар | компьютер, проектор, оқулық, түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар, А4 и А3 форматтағы ақ қағаздар, стикерлер, түрлі-түсті үйлестірме суреттер мен сөздер. |
| Сабақтың барысы | ||
| Коучинг сессияны өткізу кезеңдері | Мерзімі | Мұғалім және коучингке қатысушылардың іс-әрекеттері |
| Сәлемдесу | 1 мин | Коуч тақырып және оның мақсатымен таныстырады. |
| Сергіту сәті | 2 мин | Коучинг сессия қатысушыларға ең алдымен психологиялық жағымды ахуал қалыптастырып, сабақты бастарда: Сәлеметсіздер, ме ? • Көңіл- күйлеріңіз қалай? • Топтасып, жұптасып, жеке жұмыс істеуге дайынсыздар ма ? • Сабақ бастауға дайынсыздар ма? • Үйренуге дайынсыздар ма? • Жаңалыққа дайынсыздар ма? |
| Шағын топқа бөлу | 3 мин | Коучинг қатысушыларды шағын топқа бөлу. Топ ұстанымын құрғызып, коучинг қатысушыларды жауапкершілікке шақыру. Әр шағын топ бірлесе отырып, өз топ ережелерін құрып, таныстырып, тұстарына іледі. |
| Жаттығулар | 8 мин | Коучинг қатысушылары «Боз орамал» атты роликті көре отырып, сол оқиғаны әрі қарай өрбітеді. |
| Түйінді идеялар | 3 мин | Тапсырманы орындау барысында қандай әрекеттер жасадыңыз? Осы сөйлемдерді құрастыруда қандай қабілетті пайдаландыңыздар? |
| Презентациялар таныстырылымы | 5 мин | Оқушылардың сын тұрғысынан ойлануының негізгі ерекшеліктері туралы анықтама беру: 1. Ұтымдық; 2. Сыңаржақтылықтың болмауы; 3. Пайым; 4. Тәртіп; 5. Өзіндік сана-сезім; |
| Жеке жұмыс | 3 мин | 10 тапсырма жазылған парақшамен жұмыс |
| Топпен жұмыс | 15 мин | 6 қалпақ әдісі бойынша 1.EXPO 2017 2.Олимпиада Тақырыптары бойынша «Бірге ойланайық» постер жасау
|
| Рефлексия | 2 мин
| «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясына сүйене отырып коучинг сессияның ең жақсы жетістігі және жіберген кемшілігіне ұсыныс айту .
|
| Қорытындылау | 5 мин | Коучинг сессия қатысушыларға сабақ соңында «мен бүгінгі сабақ жайлы не білемін?» смайлик арқылы өздерінің сабақты қаншалықты меңгергендерін көрсетеді. Коучинг сессияны талқылау, стикерлерге кері байланыс жаздыру. |