«Жаңа модульдің 7 кереметі» коучинг сессиясының жоспары

 «Жаңа модульдің 7 кереметі»  коучинг сессиясының жоспары

ТақырыпЖаңа модульдің 7 кереметі.
Сілтеме 3-деңгейлік МАН, интернет материалы
Жалпы мақсатыӘріптестерімді 7 модульдің  негізгі ұғымдары мен  тәсілдерімен таныстыра отырып, практикасында  пайдалану жолдарын ұсыну.
Күтілетін нәтиже7 модуль  әдіс-тәсілдерін өз тәжірибесіне жинақтау.
Түйінді идеяОқушы қызығушылығын арттыратын тәсілдер.
РесурстарМаркер, А3, А4 парақтар, стикерлер,желім,қайшы,бейнежазбалар

Коучинг сессияның өту барысы

Коучинг сессияның өтілу кезеңдеріуақытКоуч пен коучингке қатысушылардың  іс-әрекеті
Ұйымдастыру

 

2 минТренинг «Көршімнің керемет қасиеті». (Жұптар бір-бірінің алақанына жақсы қасиеттерін жазып, өздері туралы не жазғандарын табулары керек.
Бейнежазба көру3мин«Әлемнің 7 кереметі»
Толғаныс сәті2 минБала бойындағы кереметті қалай көруге болады?
Топтық  жұмыс7 мин


+ әр топқа

3 мин

Менің мамандығымның 7 кереметі.
Презентация 20 минЖаңа модульдің 7 кереметі.(Әр бөлімін топтарға арналған тапсырмалармен ашу)

1-керемет: «Әр бала – бір әлем» (Бала Жамбылдың бейнебаянын көрсету)

2-керемет: «Ойынмен шыңдалған көшбасшылық» (Президент, әкім, директор т.б. сөздер жазылған кеспе-қағаздарды таңдап, сол бойынша өздерін жарнамалап таныстыру.

3-керемет: Оқу үшін бағалау (Бір-бірінің жекелей көшбасшылық қасиеттерін жұлдызшамен бағалау, топ ерекшеліктерін стикерге жазып ұсыну, бәрі өз жұмыстарына шапалақпен қолдау көрсету.


4-керемет: Жаңа әдіс – жақсы іске бастама (топтық оқыту, диалогтық оқыту, сыни ойлауға бағыттау т.б.)

5-керемет: АКТ (интербелсенді тақта, интернет, слайд, тест т.б. үлгілерімен жұмыстану мүмкіншіліктерін көрсету)

6-керемет: Жас ерекшелігіне қарай оқыту (Әр топ оқушылардың жастары жазылған кеспе-қағаздарды таңдап алады да, сол жастарға сәйкес ән айтулары керек.

7-керемет: Құзіретті мұғалімнен құзіретті оқушыға (сыни толғаныс)

Кері байланыс3 минКоучингтің сәтті, сәтсіз тұстары және сіздің ұсынбаңыз.
Жауапты:А.Б. Кайсакова