Қазақстан Республикасының прокуратурасы

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының прокуратурасы  

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының прокуратурасы  туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;

7)ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақстан Республикасының прокуратурасы-Қазақстан Республикасының аумағындағы заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі қолдаылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару – орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын Парламент сенатының келісімімен қызметке 5 жыл мерзімге Президент тағайындайтын Бас прокурор басқарады.

Прокуратурасының құқықтық актілері. Олар:

  • Наразылық – оны прокурор мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінің Ата заңға, Республика Президентінің заңдары мен актілеіне қайшы келетін шешімдер мен іс-әрекеттеріне байланысты шығарады
  • Қаулы – прокурор заңды бұзу сипатына байланысты қылмыстық іс қозғау, тәртіптік іс жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу жөніндегі қаулы шығарды
  • Тапсырма – заңның бұзылғандығы айқын және оны тез арада түзетпесе ол мемлекеттің, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың немесе азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін болған жағдайда беріледі
  • Арыз – прокурор заңнамаға сәйкес мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың бұзылған құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру үшін сотқа талап-арызбен шағымдануға құқылы
  • Санкция – прокурордың тергеушінің іс – жүргізу әрекетіне берген келісімі
  • Нұсқау – прокурор жедел іздестіру шараларын жүзеген асыратын органның қылмыстық іс қозғауына және қарауына байланысты анықтау және тергеу органдарына нұсқау береді, ол басқа жағдайларда заңнамада белгіленген шарттарға байланысты беріледі
  • Ұсыныс – прокурор өз құзыретінің шегінде заң бұзушылықты жою, қылмыс және өзге де құқық бұзушылық жасауға итермелеген себептер мен жағдайларды болдырмау жөнінде белгіленген заңға сәйкес осы құқық берілген адамдарды қолсұғылмаушылық құқығынан айыру мәселесі жөнінде ұсыныс жасайды
  • Заңды түсіндіру – заңдарды білмеу немесе дұрыс түсінбес органдардың немесе лауазым иелерінің не азаматтардың оны дұрыс қолданбауына әкеліп соқтыруы мүмкін деп ойлауға жеткілікті негіз бар жағдайда прокурор заңның мазмұнын, ал қажет болған жағдайда заңды бұзғаны үшін онда қандай жауапкершіліктің көзделгенін түсіндіреді

Сабақты қорытындылау: прокуратура – сотта мемлекет мүддесін жақтайтын бірден-бір орган болып табылады

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §27,148-153  бб. мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер