Коучинг тақырыбы: «Лессон стади — мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы»

Өткізген: І деңгей мұғалімі Макишева Алтынай Ахмедиевна
 Коучинг тақырыбы:

«Лессон стади — мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы»

Сілтеме:      Lesson study әдісі
(1 деңгей мұғаліміне  арналған  нұсқаулық,   үлестірме материалдар,   интернет  ресурстары)
Жалпы мақсаты:Пікір алмасу барысындағы тең құқылы, ынтымақты  серіктестік құру. Білім алу сапасын арттыруда  Lesson study әдісінің тиімділігі айқындалады және тәжірибеге енгізуге бағыт-бағдар беріледі.
Мұғалімдер  үшін  оқу  нәтижелері:Нақты мақсат қоя алады
Оқушыларды зерттей алады;
Бағалауды практикада қолдана алады;
Lesson study әдісі бойынша топтастыру немесе презентация жасай алады.
Коучингта туындаған негізгі идеялар:1. Білім алу сапасын арттыруда  Lesson study әдісінің
тиімділігін     түсінеді.

2.Мәселелерді шешу кезінде өзінің тәжірибесін қалыптастырады, ойлау үдерісін жүзеге асырады.

 

Тренинг-психологиялық  ахуалды  орнату «Сағат тілімен жүретін достар»3  минут
 

Топтарға  бөлу

    Бүгінгі ауа-райын анықтайтын сын есімдер бойынша топқа бөліну.3  минут
Кіріспе  тапсырмалар:Кіріспені  презентация «PowerPoint»

арқылы көрсету.  Lesson study сабақтарын жоспарлау кезеңі

 

 

5  минут
Ой шақыру:      «Пікірлер себеті»  Қойылатын сұрақтар:

1.     Lesson study туралы не білесіздер?

2.     «Лессон стади — мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы» қалай түсінесіздер?

5минут
  Негізгі түйінді     идеялар: 

Lesson Study тәсілімен «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісін іске асыру;
Бағалаудың түрлерін қолдану.

1 тапсырма (топтық жұмыс)  Lesson study-ді қалай  ұйымдастыруға  болады және  күтілетін  нәтижелер»  (постер  дайындау)7 мин
БағалауӨзара  бағалау «Екі  жұлдыз, бір  тілек»3  минут
Сергіту  сәті «Қызыл өрік» музыкасымен билеу2  минут
2 тапсырма

(топтық  жұмыс)

   Lesson study кезеңдерін  көрініс  ретінде көрсету

1 топ:  жоспарлау  кезеңі

2 топ :  зерттеу сабағының   кезеңі

3 топ:  талдау, жүйелеу   кезеңі

Тақырыпты  өздері  таңдап  алып, жұмыстарын  қорғайды.

15  минут
БағалауӨзара  бағалау3  минут
3 тапсырма  «Бұрыштар әдісі» 1 топ — Lesson study сабақтарын  өткізуді жақтайды, 2 топ – қарсы, 3 топ — саралайды10  минут
Қорытынды  рефлексияӨз  сезімдерің  қалай?  Бүгінгі  тренинг  ұнады  ма?

Дөңгеленіп  тұрып, бір- біріне  «рахмет»  айту, тіліктер  айту.

Коучингіден  алған  әсерлерін  ауызша  талдайды.

Өз ой – пікірлерін  стикерлерге  жазып  бағалайды. Соңынан  сауалнама  алынады.

  5 минут
        РесурстарБейнефильмдер, презентациялар, маркерлер,  постерлар, стикерлер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мінезді анықтауға арналған 5 минуттық тест

Өз мінезіңізді жаңа қырынан білгіңіз келеді ме? Мына кішігірім тесттен өтіп көріңіз.

Саусақтарыңызды айқастырып ұстыңыз. Жоғарыда қай қолдың саусағы қалғанына назар аударыңыз. Нәтижелерін қағазға жазып отырыңыз. Егер жоғарыда оң қолдың саусағы болса, қағазға «2», сол қолдың саусағы болса, «1» деп жазыңыз.

Жалған нысананы көздеңіз. Көздегенде қай көзіңіз ашық қалды? Сол болса «1», оң болса «2» санын жазыңыз.

Қолыңызды кеудеңізде айқастырыңыз. Қай қол үстінде қалды? Сол болса «1», оң болса «2» санын жазыңыз.

Шапалақтаңыз… Жоғарыда қай қол қалды? Сол болса «1», оң болса «2» деп жазыңыз.

Енді нәтижелерді қортындылайық.

«2222» — (толық оңқай). Сіз мінезіңіз тұрақты, сабырлы адамсыз, артық ұрыстар мен бос әңгімелерді ұнатпайсыз.

«2221» Сіздің басты кемшілігіңіз — батылсыздық.

«2212» Сіз оңай тіл табыса алатын, көңілді жансыз.

«2111» Сіздің мінезіңіз тұрақты емес, көңіліңіз құбылмалы. Бірақ істеріңізді біреуге тапсырмайсыз, өз шаруаларыңызды өзіңіз тындырғанды жөн санайсыз.

«2211» Сіздей адам жиі кездесе бермейді. Ақкөңіл, мейірімді бола тұрып, басқалармен оңай тілдесе аласыз, мінезіңіз өте жұмсақ.

«2122» Сіздің ойлау қабілетіңіз рационалды, аналитикалық. Басқаларға күдікпен қарайсыз, сол себепті бойыңыздан суықтық байқалады.

«2121» Ең сирек кездесетін мінез түрі. Сіз қорғансыз, басқалардың ойына тәуелдісіз.

«1112» Эмоционалды, көңілді, батыл жансыз.

«1222» Көңіліңіз күніне сан рет өзгереді.  Өмірлік сұрақтарды шешуге жиі батылыңыз жетпей жатады. Алайда басқалармен қарым-қатынасыңыз әр уақыт жақсы болады.

«1221» Эмоционалдық, жігерсіздік тән. Басқаларға сөзсіз сену қасиетіңіз бар.

«1122» Сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Бірақ кейбір сәттері тым қарапайым, сенгіш боласыз. Өзіңіздің істеріңізді сынға салғанды ұнатасыз.

«1121» Сіз адамдарға тым сенесіз, мінезіңіз жұмсақ. Өнерге жақын болуыңыз мүмкін.

«1111» — (толық солақай). Сіз өнерлі, кретивті адамсыз. Үйреншікті стереотиптер сіз үшін емес. Индивидуалистсіз, кейде тіпті эгоистсіз.

«1212»  Мақсатыңызға жетпей қоймайтын батыл жансыз.

«1211» Сіз басқалардан оқшауланған өмір қалайсыз. Басқалармен тіл табысып, достасу — сіз үшін қиын мәселе. Алайда рухыңыз мықты, қойған мақсаттарыңызға қалайда жететін адамсыз.

«2112» Мінезіңіз жайлы, жаңа достарды оңайлықпен табасыз. Қызығушылықтарыңызды жиі ауыстырасыз. Жаңашылдықтан қорықпайсыз.

Сіздікі қандай болды?

 

 

Оқушыларды бағалау парағы

Аты-жөні:  

Бағалау критерийіӨте жақсыжақсыорташа
1 Сұраққа толық жауап беруі
2Мазмұнын жеткізуі
3Сөздік қоры
4Мәтінді меңгеруі
5 Өз ойын дәлелдей алуы
6Оқу әрекетіне көзқарасы
7Мұғаліммен және достарымен қарым-қатынасы

 

 

1 сауалнама

Оқушының аты-жөні:

Сабақ ұнады ма?

Несімен ұнады?

Тапсырма кезінде қиындықтар болды ма?

Қай кезеңде?

Бүгінгі көңіл-күйіңіз қандай?