Жазбаша қосу және азайту.

Атырау қаласы,Жаңаталап селосы,

Жамбыл орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Башиева Ақерке Шамилқызы

Сабақтың   тақырыбы:   Жазбаша  қосу  және  азайту.                (148  бет)

Сабақтың   мақсаты:

Білімділік                           Қосу  мен  азайту  амалдарының   баған  түріндегі  үлгісін  пайдаланып,  жұмыс  бағытын  көрсетіп  беру;  амалдар  алгоритмінің  сәйкес  кезеңдері   және  орындалатын іс-әрекеттерге,  яғни,  алгоритмге  машықтандыру.

Дамытушылық:             Есепті  шығару  және  түрлендіру,  қарапайым  өрнектің  мәнін  табу ,ауызша  және  жазбаша  есептеу дағдыларын  дамыту.

Тәрбиелік:                      Балаларды  білімділікке,  адамгершілікке,  жолдастық  қарым-қатынасқа  тәрбиелеу.

Сабақтың   типі:                      Жаңа білімді бекіту   сабағы.

Сабақтың  түрі:           Аралас  сабақ.

Әдіс-тәсілдері:            Сын тұрғысынан ойлауды дамыту,Ойын арқылы оқыту,дамыта

оқыту әдістері

Пәнаралық байланыс:  Қазақ тілі,Ана тілі

Көрнекілігі:                Қосу және  азайту   кестесі, слайдта жасақталған топтама дидактикалық матеиралдар,

 

                                  Сабақтың   барысы:

 

I.Қызығушылықты ояту:

-Шаттық шеңбері:

  1. Үй тапсырмасымен жұмыс:   5–тапсырма,  шығ.тапс.

Мақсат қою кезеңі:

-Бүгінгі сабақтан нені білгілерің келеді?

1.Жазбаша қосу және азайтуды толық меңгеру;

2.Математикалық қызықты есептер шешу,логикалық тапсырмалар орындау;

3,.Шығармашылық топ жұмыстарын жүргізу;

Гүлді таңдау арқылы топқа бөлінеді.

1 топ: «Алғырлар»

2 топ: «Тапқырлар»

3 топ; «Зеректер»

1-тапсырма: «Ойна да күл,оқы да біл!»

«Әлемді шарлау» мына кестеде берілген өрнектерді орындау арқылы  шолу жасайық!

57-7꞊ба        31+4꞊су    33+3꞊ту         45+45꞊зай

21+7꞊жаз     35+3꞊ша   45-30꞊қо

26-4꞊жә       52+6꞊не     15+15꞊а

28503815352258309036
жазбашақосужәнеазайту

Тақтаға мұғалімнің ізгі тілегі: «Алға ұмтылыңдар!» ілінеді.

III .Мағынаны тану:

 

Оқушылардың  білімді  белсенді  меңгеруге  дайындау  кезеңі.

 

ОндықтарБірліктер
  26
  34
ОндықтарБірліктер
 60
 26

Кестедегі  сандарды  оқу,  жазу  қатарын  анықтау.

 Ізгі тілек: «Жарайсыңдар!»

   

  2-тапсырма:                 Оқы,үйрен,ұғып ал,

                                          Ойыңа бәрін түйіп ал!

                            

№ 1,2   Түсіндірме  мәтінмен  жұмыс.

 

Осы  өрнектің  мәнін  табудың  тиімді  жолымен  таныстыру.

1-топ:                                2-топ:                      3-топ: Осы өрнектерді ауызша есептеуге

тиімді тәсілдерін      түсіндір!

     
  60 
 26 
 34 
     
     
  26 
 +34 
 60 
     

26+34꞊(20+30)+(6+4)꞊60

60-26꞊(50-20)+(10-6)꞊34

 

 

 

Ізгі тілек: «Кереметсіңдер!»

 

3-тапсырма: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл!»

       Ойлан,шығар,есепте,

Түсіндірші кезекпен!

Топқа кезек берейік

Айтыңдаршы ретпен!

 

№3

37              90                  38                   80                 23             70

+                —                     +                    —                     +              —

53              53                  42                   38                 47             47

 

Ізгі тілек: «Мықтысыңдар!»

 

 4-тапсырма: «Білім қымбат-білу қиын!»

Есептейік,талдайық,

Ешбіріміз қалмайық

Артық,кемін анықтап,

Жауабын тез табайық!

1-топ: «Алғырлар»

№ 5  Есепті      талдау.

Есептердің  шартын,  сұрағын,  шешуін  салыстыру.

Тоқаш – 12          ?  артық

Таба  нан – 8

12-8=4

Ж:  4  тоқаш  артық.

2-топ-«Тапқырлар»

Тоқаш – 12

Таба  нан – 8

Жұмсады – 5

Қалды  — ?  тоқаш  пен  таба  нан

Ш:(12+8)-5=15 – қалды

Ж: 15  тоқаш  пен  таба  нан   қалды

 

3-топ: «Зеректер»

кері есеп құрастыру:

Ізгі тілек: Талаттысыңдар!»

5-тапсырма: «Білімі жүйріктің ойы ұшқыр!»

Ойнайық та,ойлайық!

Таппай оны қоймайық.

Басқатырып есептеп,

1 топ:Сандарды орнына қояйық!

3,6,9…

5,10,15…

4,8,12…

 

2-топ:

24 ○ ○ 24

○        ○

○        ○

24 ○ ○ 24    Қандай екі санның қосындысы?

3-топ: 1,2,3 сандарын кесте жолында қайталанбайтындай етіп орналастыр:

Ізгі тілек: «Мәреге жақындадыңыздар!

 

6 —  тапсырма: «Қына тасқа бітеді,білім басқа бітеді»

  1-топ: Алғырлар:

«Математика» сөзіне сөзжасам құрастыру:

Математика-Мата,ата,мама,ем,ит,кем,ет,ми,кит,…

2 топ: «Тапқырлар»

«Математика» сөзіне сатылай кешенді талдау жаса:

Математика -10○꞊5□+5▲;

 

5□(3а,е,и) д/ы○

10○꞊————————;

5▲(2м,2т,к) д/з○

 

3 □(3а) жуан□

5□꞊ ———————;

2□(е,и) жіңішке □

 

3▲(2т,к)қ▲+ ▲○ұ▲

5▲꞊—————————-;

2▲(2м)ү▲

Ізгі тілек: «Алақай!»

  1. Ой толғаныс:

Кубизм әдісі:

1-топ: Алғырлар»

№6 а) 6+4꞊10 және 2+3꞊5 қандай екі таңбалы санды қосуға болады?

Яғни,екі өрнектегі қосылғыштарды және қосындының мәндерін өзара жұптастыра отырып,жаңа өрнек құраңдар:

62+43꞊105

*-*

2-топ: «Тапқырлар»

ә)10-6꞊4 және 5-2꞊3

105-62꞊43

*-*

3-топ: «Зеректер»

36+44

90-23

Жазбаша қосу және азайтудың алгаритмін түсіндір:

1-топ: Алғырлар»

Торда 3 қоян бар еді. Үш бала бір-бірден алғанда.Торда тағы бір қоян қалды.Неліктен?

2-топ: «Тапқырлар»

Биіктігі 10м ағашқа ұлу күніні 10м көтеріліп,4м  төмен түседі.Ағаш басына ұлу неше күнде шығады?

3-топ: «Зеректер»

Жердің үшінші серігі жер шарын 106 мин айналып шықты.Осы уақыт аралығын сағатпен және минутпен өрнекте.

Ізгі тілек: «Ура!»

V.Сабақты  қорыту:  Біз  не  білдік?  Талқылау.

  1. Үйге тапсырма: №6  149 бет

Оқушы  білімі  мен  белсенділігін   марапаттау қағазымен ұлығылау