ХVІ-ХІХ ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу

Тақырыбы:  ХVІ-ХІХ  ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу

 

Білімділік. Оқушылардың Қазақстан аумағының физикалық географиялық тұрғыдан зерттелуінің басты мақсаты, оған еңбек сіңірген ғалымдар, зерттелудің қазақ елінің дамуына ықпалы туралы мағлұматтарын кеңейту.


Дамытушылық.  ХVІ-ХІХ  ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеулерді карта бойынша сипаттау, қорытынды жасау.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап


Құрал-жабдықтар:  физикалық картасы

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдеріМұғалімнің іс-әрекетіОқушылардың іс-әрекеті
1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(3 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)

1) Орта ғасырларда қазақ жерінің зерттелуіне қай халық өкілдері көп үлесін қосқан? 2)  Әбу Наср әл-Фарабидің негізгі еңбектері; 3)  Махмуд Қашқаридің негізгі еңбектері; 4) Қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан қандай қытай саяхатшыларын бар? 5) Қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан қандай еуропалық саяхатшылар мен елшілер бар?

«Қазақстанның зерттелу тарихы» кестесін тексеру

Оқушылар сұрақтарға жауап береді:

1.

2

3.Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі

 

16-19 ғғ. аралығында Қазақстан аумағында болған тарихи оқиғаларды еске түсіру. Осы оқиғаларға орай қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан зерттеушілермен таныстыру.
4. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі.1) Қадырғали Қосынұлы мен С.Ремезовтың еңбегі; 2) 18ғ. І Петрдің зерттеулерге тигізген ықпалы; 3) 18 ғ. әскери экспедициялар; 4) Семенов Тянь-Шанскийдің, Н.А.Северцовтың, И.В. Мушкетовтың, А.Н. Красновтың, Л.С. Бергтың зерттеу жұмыстары мен маршруттарын қарастырып, талдау.
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңіКескін картаға зерттеушілердің жүрген жолдарын түсіру.
6. Сабақты қорытындылау кезеңі1. 16-19 ғғ. аралығында Қазақстан аумағын қандай зерттеушілер зерттеген? Олардың басты еңбектері қандай? П.П. Семеновқа Тянь-Шанский атауы не үшін берілген.
7. Бағалау кезеңіСабаққа белсенді қатысып отырған және қорытынды жасай алған оқушыларға жоғары баға қойылады.
8. Үйге тапсырма беру кезеңі7 параграфтың сұрақтарына жауап беру. «Қазақстанның зерттелу тарихы» кестесіне ХVІ-ХІХ  ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу  деректерді енгізу