Бастапқы бақылау жұмысы 7 сыныпта алған білімдерін еске түсіру, қайталау.

Сынып: 8

Тақырыбы:  Бастапқы бақылау жұмысы

 

 

Білімділік. 7 сыныпта алған білімдерін еске түсіру, қайталау.

Дамытушылық. оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік. Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ түрі: қайталау

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық әдіс

Құрал-жабдықтар: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактвті тақта

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдеріМұғалімнің іс-әрекетіОқушылардың іс-әрекеті
1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(3 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Сарамандық жқмыс тақырыбымен таныстыру. Мақсат-міндеттерін анықтау.Мұғаліммен амандасу. Сарамандық жқмыс тақырыбымен таныстыру. Мақсат-міндеттерін анықтау.
2. Тақырыпты бекіту кезеңіІ нұсқа

1 тапсырма. Жер бедері дегеніміз не? Жер бедерінің қозғалыстары

2 тапсырма. Климат белдеулерін ата. Климат қалыптастырушы факторларды анықта.

3 тапсырма. Еуразия материгіне төмендегідей сипаттама бер:

1. Географиялық орны

2. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

3.  Жер бедерінің түрлері, пайдалы қазбалары

4.  Климаттық белдеулері

5. Ішкі сулары

 

ІІ нұсқа

1 тапсырма. Дүниежүзілік мұхит дегеніміз не? Дүниежүзілік мұхит су бөліктерін ата.

2 тапсырма. Табиғат кешені дегеніміз не?  Географиялық қабыққа анықтама бер. Табиғат кешендерінің құрамдас бөліктері.

3 тапсырма. Солтүстік Америка материгіне төмендегідей сипаттама бер:

1. Географиялық орны, оның ерекшелігі

2. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

3.  Жер бедерінің түрлері,  пайдалы қазбалары

4.  Климаттық белдеулері

5. Ішкі сулары

3. Сабақты қорытындылауМұғалім жалпы сабақ барысын қорытындылайды. Оқушыларды үзіліске жібереді.