Ауа массалары мен басым желдер қозғалысы.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Ауа массалары мен басым желдер қозғалысы.

Жауын-шашынның таралуы

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Оқушыларға ауа массасы жауын-шашын туралы түсінік беру
  2. Дамытушылық: Сөйлеу қабілетін дамыту, жаңа мағлұматтар беру арқылы ой-өрісін кеңейту, шығармашылыққа баулу
  3. Тәрбиелік: Ізденімпаздылыққа баулу, жауын-шашынды қорғауға, оның қажеттілігін түсіне білуге үйрету

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Климат картасы, суреттер, оқулық

Сабақтың жоспары:

 

Сабақтың кезеңдеріБерілетін уақыт (мин)
1.Ұйымдастыру1-2
2.Үй тапсырмасын сұрау10-12
3.Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру2-3
4.Жаңа сабақты түсіндіру18-20
5.Жаңа сабақты бекіту5-6
6.Үйге тапсырма беру1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  сәлемдесіп, жоқ оқушыларды түгендеп, зейінін тұрақтандырып жаңа сабақ түсіндіруге кірісемін

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Белгілі бір жерде ұзақ тұрақтаған ауа сол жерге тән өзіндік қасиеттерге (температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі) ие болады. Осындай бір тектес қасиеттері бар, үлкен көлемдегі ауаның жиынтығын ауа массалары деп атайды. Қалыптасқан орнына байланысты ауа  массалары 4 түрге ажыратылады:

  1. Экваторлық (ЭА) температура жоғары, ылғал мол болады;
  2. Торпиктік (ТА);
  3. Қоңыржай (ҚА) жылдың төрт мезгілі болады;
  4. Арктикалық және антарктикалық (АА);

Ауа массалары мұхиттық және континенттік болып жіктеледі. Мұхиттық ауа массалары континенттік ауа массаларымен салыстырғанда жазда салқын, қыста жылырақ болып келеді және жыл бойы ылғалды болады. Ал континенттік ауа массалары ылғалы аз, шаң-тозаңды, жазда ыстық болуымен ерекшеленеді. Қыста қоңыржай ендіктердегі континенттік ауа массалары қатты салқындайды.

Ауа массаларының горизонталь бағытта орын алмастыруын жел деп атайды. Тұрақты, яғни әрқашан бір бағытта соғатын желдер жоғарғы және төменгі қысым белдеулерінің орналасуына баланысты пайда болады.

Экватор маңында төменгі қысым белдеуі қалыптасқан, ал 30-шы ендіктерде жоғарғы қысым, сондықтан да жел Жер бетінде жоғарғы қысымды белдеуден экваторға қарай соғады. Бұл желдер пассаттар деп аталады. Жердің өз білігінен айналуы салдарынан пассаттар бағытынан ауытқиды. Солтүстік жарты шар пассаттары солтүстік- шығыстан оңтүстік-батысқа қарай, ал оңтүстік жарты шар пассаттары солтүстік батысқа соғады.

Тұрақты желдер тропиктердегі жоғарғы қысым белдеулерінен қоңыржай ендіктердегі төмен қысымды белдеулерге (65 с.е. пен 65 о.е) қарай да соғады. Жердің өз білігінен айналуы әсерінен бұл желдер солтүстік жарты шарда оңға, ал оңтүстік жарты шарда-солға қарай ауытқып, батыс желдерін, яғни батыстан шығысқа қарай бағытталған тұрақты ауа ағынын қалыптастырады.

Климаттық жағдайлардың қалыптасуын географиялық ендік пен Күннің көкжиектен биіктігі ғана емес, ауа массаларының қозғалыстары да анықтайды.

Жер шарының кейбір аудандарында жауын-шашын шамадан тыс мол түссе, кей жерлерде оның мөлшері мүлде мардымсыз. Жауын-шашынның бұлай әркелкі тарадуы жоғарғы және  төменгі қысымды белдеулердің орналасуымен түсіндіріледі.

Экваторда ғана емес, барлық төменгі қысымды аудандарда жауын-шашын мол түседі. Керсінше, жоғарғы қысымды белдеулерде ылғалы аз, суық ауа ағындары төмен қарай бағытталады. Төмендеген сайын бұл ауа өзгеріп, қызу нәтижесінде құрғайды. Сондықтан жоғарғы қысымды аймақтарда жауын –шашын тмөлшері аз болады. Жер бетінде басым желдердің бағыты, жауын-шашынның таралуы мен мөлшері атмосфералық қысым белдеулерінің орналасуына тәуелді болады.

Жауын-шашынның таралуына географиялық ендік те әсер етеді:

Күн сәулесі неғұрлым аз түссе, жауын-шашын да соғұрлым аз жауады.

Жаңа сабақты бекіту:

Сұрақ: Ауа массалары дегеніміз не?

            Жауап: Белгілі бір жерде ұзақ тұрақтаған ауа сол жерге тән өзіндік қасиеттерге (температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі) ие болады. Осындай біртекті қасиеттері бар, үлкен көлемдегі ауаның жиынтығын ауа массалары деп атайды.

Сұрақ: Ауа массаларының қандай түрлері бар?

Жауап: Экваторлық, тропиктік қоңыржай, арктикалық және антарктикалық

Өздерің тұрған жердің климатына қандай ауа массалары әсер етеді.

Қорытынды:  Қорытындылай келе, бүгінгі сабақта Жер бетіне жауын-шашынның таралуы туралы жалпы оқып, білдік.

 

Үйге тапсырма: §7 оқу. Климат картасына жауын-шашынды түсіру

Өздерің тұрған жердің климатына қандай ауа массалары әсер етеді.