Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Өзендері мен көлдері

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Оқушыларды Оңтүстік Американың өзендері мен көлдерімен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:      Оқушыларды ізденіске, еңбекке, танымдық қабілеттерімен дамыта отырып, тез ойлауға, тез шешуге,  картамен жұмысты дамыту.

  1. Тәрбиелік: Оқушылар басқа мемлекеттермен таныса отыра, өз елін сүйе білуге, тануға, бірін-бірі құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:      

Өзендері. Материктің батысындағы Анд таулары Атлант және Тынық мұхит арасындағы басты суайрық жота болғандықтан, өзендердің барлығы дерлік Атлант мұхитына құяды. Атлант мұхитына және оның Кариб теңізіне материктің Амазонка, Парана, Ориноко, Магдалена сияқты ірі өзендері құяды. Анд тауларынан басталатын Амазонка Жер шарындағы ең мол сулы өзен болып табылады: төменгі ағысында өзен арнасы арқылы 1 сек-да 220 мың м³ су ағып өтеді. Бұл көрсеткіш бүкіл дүние жүзі өзендері арқылы ағып өтетін су мөлшерінен бірнеше есе артық. Амазонканың арнасының ені орта ағысында 5 км болса, төменгі ағысында 80 км-ге дейін жетеді. Өзен жаңбыр көп жауатын экватор маңын бойлай ағатындықтан жыл бойы мол сулы болады. Амазонканың су жинау алабының ауданы Аустралия материгінің жерімен парапар.

Парана мен Ориноко да мол сулы өзендер қатарына жатады, олардың Амазонкадан басты айырмашылығы – су деңгейі маусымға байланысты өзгереді.

Тынық мұхитына Анд тауларының батыс беткейінен басталатын мол сулы қысқа өзендер ғана құяды. Ал Анд тауларының тау арқылы үстіртті бөлігінің өзендері ішкі тұйық алапқа жатады.

Оңтүстік Америкада көлдер онша көп емес. Анд тауларында ірі тектоникалық Титикака көлі орналасқан. Көл атауы аймара үндістерінің

тілінде «қалайы алаңы» дегенді білдіреді. Бұл атау судың ерекше түсіне байланысты қойылған. Мұнда су бетіндегі қамыстан жасалған қалқыма салдарда үндістердің үйлері орналасқан.

Титикаканың оңтүстігінде жазғы ыстықта кеуіп қалатын Поопо тұзды көлі бар. Материк жағалауларында мұхиттан бөлініп қалған лагуналық көлдер орналасқан, олардың ең ірісі – Маракайбо. Оның түбінен мұнай өндіріледі.

 

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оңтүстік Америка өзендері қандай алаптарға бөлінеді?
  2. Материктің мол сулы, ірі өзендерін атаңдар, олар қайда құяды?
  3. Амазонканың жыл бойы сулы болуын немен түсіндіруге болады?
  4. Амазонка өзенінде қандай тіршілік өкілдері кездеседі?
  5. Титикака қандай көл қатарына жатады?

 

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері туралы айтып түсіндірдім.

 

Үйге тапсырма: §40-оқу, кескін картаға Оңтүстік Американың өзендері мен   көлдерін түсіріп келу.