Сөз құрамы

 

Сабақтың тақырыбыСөз құрамы
СілтемеКүнтізбелік жоспар, әдістемелік құралдар, оқулық 2 сынып
Жалпы мақсат1.      Білімділік: Сөз құрамы туралы мәлімет алады

2.      Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қоры дамиды


3.      Тәрбиелік: Топтағы ынтымақтастыққа тәрбиеленеді

Оқу нәтижелері1. Сөз құрамы туралы біледі, білгенін түсіндіре алады, сұраққа жауап бере алады.

2. Ережеге сүйене отырып, сөз құрамын талдай алады.

3. Түбір сөз бен қосымшаның мағыналық ерекшелігін анықтай алады.

4. Тақырып бойынша мәтін құра алады.

5. Сөз құрамын білудің қажеттілігін бағалай алады.

Түйінді идеяларОқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын дамыту
Мұғалімнің орындайтын іс — әрекетіОқыту әдісіБағалау
Қызығушылығын ояту


Топқа бөлу.

Оқушылар үстелден қиынды суреттер алып, сурет құрастырып, топ құрады.

Түсіне қарай жасыл, сары, сары дөңгелектер құрастырылады.

Мұғалім:

—          Не құрастырылды?

—          Барлығымызда не құрастырылды?

—          «Дөңгелек» пен «дөңгелектер» сөздерінің не ұқсастығы мен айырмашылығы бар?

—          Сол туралы бүгінгі «Сөз құрамы» тақырыбынан білеміз.

1-2. Топтық таныстырылым

Топқа ережені түсініп оқу тапсырылады.

1 топқа басқа топтағылар қалауынша ережеге сәйкес сұрақтар қояды.

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерІшкі және сыртқы шеңбердегі сұрақ – жауап
3. Жеке жұмыс

Әр оқушыға жеке сөздер беріліп, дәптерде сөз құрамына талдайды. Жауаптары көрсетіліп, өзіңдік бағалау жүреді.

АКТ-ны қолдануБармақпен бағалау
4. Кестедегі сұрақ — жауап

1. Мағынасы бар ма?

2. Сөздің қандай бөлігі?

3. Сөздің қай жерінде болады?

 

Түбір сөз Қосымша
1.

2.

3.

1.

2.

3.

Сын тұрғысынан ойлауСтикер жапсыру

 

Сергіту сәті

«Күзетші мен тұтқын»

5.  Тапсырма

«Ән мен әнші» тақырыбына мәтін құру

Оқушы тапсырманы орындап, жұмысын баяндайды.

2 жұлдыз, 1 тілек
6. «Бұны білу неге қажет?»

Постерге сөз құрамын білудің қажеттілігін топпен талдап, сызбамен не суретпен көрсетеді де, 1 оқушы жұмысты қорғайды.

Талантты және дарынды оқушылармен жұмысБармақпен бағалау
РефлексияСтикер

 

Кретериалды бағалау

  • Сөз құрамы туралы біледі, білгенін түсіндіре аламын, сұраққа жауап бере аламын.
  • Ережеге сүйене отырып, сөз құрамын талдай аламын.
  • Түбір сөз бен қосымшаның мағыналық ерекшелігін анықтай аламын.
  • Тақырып бойынша мәтін құра аламын.
  • Сөз құрамын білудің маңыздылығын бағалай аламын.