Отбасы. Сөйлем

13.Сабақ тақырыбы: Отбасы. Сөйлем.

  Сабақтың мақсаты:   1) менің отбасым туралы әңгімелеу. 2) Отбасы мүшелері туралы айта отырып, балалардың ой-  өрісін дамыту.3) Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі  Балалармен амандасып, қажетті құрал жабдықтарын алғызып, сабаққа даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау  Үйге берілген тапсырманы пысықтау

ІІІ. Жан-жақты білімін пысықтау   Жалпы қосымша сұрақтар қою.

ІҮ. Жаңа сабақ-Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Отбасы» деп аталады.

— Сенің отбасыңда қанша адам бар? Отбасыңда сен нешінші баласың? Сурет бойынша әңгіме құрату.  Өз отбасы туралы әңгімелеу. Сөйлем құрау, талдау Дәптермен жұмыс, жазу үлгісі дәптеріне тапсырма беру. Сергіту сәті, жаттығулар жасау

Ү. Жаңа сабақты қорыту  «Менің отбасым тақырыбына әңгіме құрату»

ҮІ. Сабақты бекіту. «Менің отбасым » суретін салып бейнелеу, сипаттап айту.

ҮІІ. Үйге тапсырма.

ҮІІІ. Бағалау