А дыбысы және әрпі
- Сабақтың тақырыбы: А дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1.А дыбысы және әрпімен таныстыру.А әрпі барлық буындарда жазылатынын түсіндіру. 2. Ұқыптылыққа баулу. 3. Танымдылық қабілетін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: А әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, А-таныстыру.
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.
ІІ .Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту: а) Сурет бойынша әңгіме. ә) А дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, а дыбысын дұрыс айтуға үйрету. б) А дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.(баспа және жазба түрі).А— бас әрпі, а-кіші әрпі. в) Хормен дыбыстап айту. г) Алма, алмұрт. Анар сөзін буынға бөлгізу. ғ) Осы сөздерді айта отырып, а дыбысының сөздің қай жерінде естіліп тұрғанын аңғарту.
ІҮ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру. -Балалар, А дыбысы қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде келеді? Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс.
А- ның бас әрпі. 1. Ауада жазып үйрену.
А- ның кіші әрпі. 2. Дәптерге жазу.
Ү. Білімді бекіту:
А- дауысты дыбыс. А-әрпі сөздің барлық буынында жазылады.
Оқушы туралы өлең жаттау
Күннің нұры шуақты,
Сергітеді денемді.
Құрдастарым сияқты,
Оқушымын мен енді.
ҮІ .Сабақты қорытындылау:А әрпі және дыбысымен таныстық.