Бақытты сәт Cалтын сүймеген, халқын сүйіп жарытпас

Бақытты сәт Cалтын сүймеген, халқын сүйіп жарытпас

Сабақтың мақсаты:1. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін

пысықтап, білім деңгейін кеңейту.

  1. Сұрақтарды дұрыс түсініп, толық жауап беру дағды-

ларын қалыптастыру. Логикалық, ойлау қабілетін дамы-

ту, танымдық деңгейін көтеру.

  1. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын

                                     арттыру, Отанын, елін сүюге, халық дәстүрлерін

сыйлауға тәрбиелеу

 

Сабақтың түрі: сайыс-ойын сабағы

 

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, елтану, музыка

 

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлік презентация, бейнематериал, бағалау парағы

 

Шараның барысы:

 

Мұғалімнің сөзі:

— Құрметті ұстаздар, оқушылар қауымы! Сіздер 9 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілетін «Бақытты сәт» сайысын көріп тамашалайсыздар.

Бұл сайысты өткізудегі мақсатымыз — өткен сегіз модульдің тақырыптары бойынша білімімізді пысықтау.

-Ойынымызды бастайық!

-Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік

 

 

І топ 9-А сынып оқушылары.

 

ІІ топ 9-Б сынып оқушылары.

 


— Командаларымызбен таныстық, ал енді әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер

 

Ойын 5 геймнен тұрады. Олар:

1-гейм «Бой сергіту»

 2-гейм «Сен-маған, мен- саған»

 3-гейм «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар»

 4-гейм «Жұмбақтас»

 5-гейм «Көсемдікке ұмтылу»

 

-Ойынымыздың 1-геймі     «Бой сергіту»

— Интерактивті тақтада көрсетілген 5 тақырып бойынша cұрақтарға жауап беру

 

Ұлттық тағамдар:

  1. Қазақтың ұлттық дастарқанының негізгі тамақ түрлері қандай?
  2. Қымызды неден жасайды?
  3. Наурызкөже дегеніміз не?
  4. Асты сызылған сөздің қандай сөйлем мүшесі екенін анықтаңыз:

Қазақ халқы дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ деп есептейді.

  1. Мақалды толықтырыңыз

Еңбектің    … тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

 


  Киіз үй:

  1. Қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы қалай аталады?
  2. Киіз үйдің ағаш қаңқасы қандай бөліктерден тұрады?
  3. Шаңырақ дегеніміз не?
  4. Асты сызылған сөздің қандай сөйлем мүшесі екенін анықтаңыз

Сегіз қанат үйдің ішінде қызылды- жасылды жиһаз жоқ.

  1. Киіз үйдің ішкі жасауларына нелер жатады?

 

Қазақтың салт- дәстүрлері:

  1. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін атаңыздар.
  2. Бата дегеніміз не? Оны кім береді?
  3. Суретте бейнеленген дәстүр қалай аталады?
  4. Асты сызылған сөздің қандай сөйлем мүшесі екенін анықтаңыз

Қазіргі заманда жастардың үйлену тойы, негізінен, жүйелі бір тәртіппен өтеді.

  1. Құрмалас сөйлемнің түрін ажыратыңыз

Шілдехана думанды болса, сәби қызықты өмір сүреді деген сенім бар.

 

Ұлттық киімдер:

16.Ұлттық киімдерге нелер жатады?

  1. Ұлттық аяқ киім түрлерін атаңыздар.
  2. Қалындықтың бас киімі қалай аталады?
  3. Ұлттық киім атаулары қатысқан тұрақты сөз тіркестерін айтыңыздар
  4. «Сильно радоваться» тіркесінің ұлттық киімге байланысты ауыспалы мағыналы баламасын табыңыз.

 

Ұлттық аспаптар:

21.Ұлттық аспаптарды атаңыздар.

  1. Қазақ халқының ең кең тараған ішекті музыкалық аспабын атаңыздар.

23.Жеті ішектен тұратын музыкалық аспапты атаңыз.

24.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табыңыз.

Шаңқобыз-қазақтың көне музыкалық аспабы.

  1. “Әсемқоңыр”, “Бұлбұл” күйлерінің авторы кім?

 

 

2-гейм  «Сен-маған, мен- саған»

-Әр топтың қарсылас  топқа үйден дайындап келген 2 сұрағы бар. Әрбір сұрақ пен жауап 10 балдық жүйе бойынша бағаланады. Бірінші кезекті «Білгірлер» тобына береміз.

 

3-гейм    «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар»    

-Мұнда команда капитандары келіп кез келген бөшкеден 1 тапсырманы таңдап алады да, орындарына барып 3 минут ішінде жауап береді.

 

  • Көріністі толықтыру

Әже мен немерелері.

    Бала даладан жүгіріп келеді:

   -Әже, әже не істеп отырсыз?

    Әжесі: Мен жүн иіріп , саған қолғап тоқып берейін деп отырмын.

   Бала: Әжетай, сәби дүниеге келгенде қандай ырымдар жасалады?

   Әжесі: …

 

  • Берілген сөздерден шағын өлең құрастыру

Отан

Қала

Туған жер

Кең далаң

Ыстық

Сүйемін

 

  • Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау, яғни мәтіннің мазмұнына байланысты мақал айту.

 Жиренше мен хан

   Бір күні хан Жиреншені үйіне шақырады.Ол дастархандағы қаздың етін көрсетіп,Жиреншеге:

    «Мына қаздың етін өзіме,ханымға,екі балама және өзіне бөл.Біреуге кем немесе артық жібермей тең бөліп берсең»-деп бұйрық береді

    Жиренше ойланып тұрып: «Қаздың басы сізге,өйткені сіз біздің басымыз едіңіз» –дейді. «Хан ханымсыз болмас,құс мойынсыз болмас»-деп қаздың мойның ханымға береді. « Екі балаңыз қос қанатыңыз,тірегіңіз»-деп ,екі қанатын балаларына береді. «Мен өзім орта адаммын ,мына қаздың орта денесі маған жарайды» –деп қазды өзіне алып,оны дастархан басындағы адамдарға бөліп береді.

 

  • Құпия хатқа жауап беру

 

  • Берілген тақырыптардың біріне қызықты жарнама мәтінін жазу

*Ұлттық киім дүкеніне;

* Жуырда ашылған «Дастархан» мейрамханасына;

     * Балалар музыка мектебіне.

 

  • Алтын таға

 

4-гейм «Күрең жылқы»

 

— Сіздер байқағандай бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келді.Қонақтарымыздың сіздерге дайындаған сұрақтары бар, сол сұрақтарды мұқият тыңдап жауап берейік.

«Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері» атты бейнетаспаны қарау. Бейнетаспа бойынша сұрақ.

-Сүйінші дегеніміз не?

 

5 гейм «Көсемдікке ұмтылу»

 

* «Наурыз  мерекесі» тақырыбына диалог құрастыру.

* «Мен ауылдағы досымның тойында болдым» диалог құрау

 

Мұғалімнің сөзі:

— Міне, біздің бүгінгі «Бақытты сәт» атты білім сайысымыз да өз мәресіне жетті, сайыс болған жерде, әрине, жеңіс болады, жеңіліс болады, онда, бүгінгі сайысымыздың  да жеңімпаз тобын анықтау қажет. Әділқазылар алқасы қоржындағы әр топтың жинаған ұпай санын шығарғанша кезекті әнге берейік.

 

«Дастарқан» әні

 

Осымен ойынымыз аяқталды!

Әділқазылар алқасына сөз береміз.

 

Марапаттау.