Хабарлы сөйлем
Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем
Сабақтың мақсаты:
а)Жаңа тақырыпты ашу арқылы оқушылардың хабарлы сөйлем және
оның тыныс белгісі жайындағы білімдерін қалыптастыру.
ә) Оқушылардың тілін,шығармашылық қабілетін дамыту,ой-өрістерін,
өз ойын ашық әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру .
б)оқушыларды жақсы мінез-құлыққа, берілген тапсырмалар арқылы,
тілін, елін сүюге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, оқулық
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, шығармашылық.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Сынып оқушыларының сабаққа қатысын тексеру.
б) Сынып тазалығына көңіл бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- 13-жаттығуды тексеру
- Өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қою.
а) Сөйлем дегеніміз не?
ә) Айтылу мақсаты мен сазына
қарай сөйлем қалай бөлінеді?
б) Сөйлемнің грамматикалық негізіне
қандай мүшелер жатады?
Топтастыру:
ІІІ. Жаңа сабақ
Хабарлау, суреттеу, баяндау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.
Хабарлы сөйлем іс-әрекеттің болғанын, белгілі бір шақта (өткен, осы, келер шақта) жүзеге асқандығын білдіреді. Хабарлы сөйлем бір нәрсе жайында хабарлап қана
қоймайды, айтушының іс-әрекетке деген көзқарасын, ой-пікірлерін білдіреді. Хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп, сөйлемнің соңына қарай бәсеңдейді.
Хабарлы сөйлемнен соң нүкте (.) қойылады.
Мысалы, Күзде жыл құстары жылы жаққа қайтады, сөйтіп олар да қыстан аман шығуға әрекет жасайды. Демалыс күні еді.
| Хабарлы сөйлемнің интонациялық сызығы | Мысалы | Мақсаты |
| Бәйшешектер-көктем хабаршысы | суреттеу | |
| Табиғат апатынан зардап шеккендерге бүкіл қазақстандықтар қол ұшын беруде | хабарлау | |
| Елбасымыздың сындарлы саясаты мен ақыл-ойы дем беріп, Қазақстан қарыштап дамып келеді. | баяндау |
| Келер шақ | Осы шақ | Өткен шақ |
| Біз келешекте ел қамын ойлайтын азаматтар боламыз. | Оқушылар мектеп айналасына ағаш отырғызып жатыр. | Абай үйге келген қонақтарға жыр айтқызды. |
| баяндау | хабарлы | хабарлы |
16-жаттығу
- Мәтінде қанша азатжол және әр азатжолда қанша
сөйлем бар екендігін анықтаңдар.
- Мәтін қандай тәсілмен жазылғанын?
(баяндау,хабарлау,әңгімелеу)
- Қызға мінездеме беру.
Оны «Топтастыру» стратегиясына салу.
Тапсырма: Интервью әдісі
| Кейіпкер | Бойындағы қасиеттер | Менің пікірім |
| Кішкентай көрші қыз |
Мәтінді қорыту үшін
«Бес жолды өлең»
- Зат есім
- Сын есім
- Етістік
- Сөйлем
- Синоним
17 – жаттығу
1.Қажетті тыныс белгіні қойып,мәтінді оқыңдар.
- Мәтінде аталған жер атауларын картадан көрсетіңдер.
- Мәтіннің алғашқы үш сөйлеміне морфологиялық талдау жасаңдар.
Сабақты бекіту:
- Сөйлем дегеніміз не?
- Оның түрлері?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
- Хабарлы сөйлемнен соң қандай тыныс белгісі қойылады?
Үйге тапсырма:
17 – жаттығу (2)
А) Жаттығуды талдау.
Ә) Қазақ жері – ежелгі адамдар мекені (эссе)
Бағалау