Н дыбысы және әрпі

  1. Сабақтың тақырыбы: Н дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Н дыбысы және әрпі туралы алған білімін пысықтау.

  1. Адамгершілік тәрбие беру 3. Ой-өрісін дамыту, сөздін қорын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін  аудару.

ІІ .Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақта алған білімін еске түсіру:естеріне түсіру,хормен оқыту,жеке –жеке оқыту

ІҮ. Жаңа сабақ.а) Буындық талдау жасау. ә)  Оқулықпен жұмыс.

-балалар мына суреттен кімді көріп тұрсыңдар? -Ананы, баланы. -Ана туралы әңгіме.б) Сөздерді буындап қосып оқу. Ана      пана атан  атан  Нан  апта тана

б) Сурет бойынша сөйлем құрату. в) Н дыбысына қатысты сөз ойлау, буынға бөлгізу.

Найза-Бес қарудың бірі. Ананас— тәтті жеміс. Тон-қыстық киім.

Сергіту сәтін өткізу. Хормен оқыту. Жеке-жеке оқыту.

Ү. білімді бекіту, тиянақтау. -Біз қандай әрітерді білеміз? -А қандай дыбыс? П,т,н Қандай дыбыс?г) Дәптермен жұмыс.Н әрпіне берілгенді дәптеріне жазғызу. Сергіту сәті.

Жазу жазып өзіміз,

Шаршап кетті қолымыз.

Аздап демді аламыз,

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Біз қандай әріпті танып, не істеуге үйрендік?