Үндестік заңы. Буын үндестігі

Тақырыбы : Үндестік заңы. Буын үндестігі

Сабақтың мақсаты:

   А)  Үй тапсырмасын тексеру арқылы өткен сабақта алған  білімдерін пысықтау.

  Ә)  Оқушының ойлау,сөйлеу қабілетін  дамытып,шапшаңдылыққа,     ойын жинақтап өз  сөзімен  жеткізуге  дағдыландыру.

 Б)   Сыпайылылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеп,оқушы бойындағы интернацияналдық, жоғары  адамгершілік  сезімін  қалыптастыру.

 Көрнекі құралдар: кеспе қағаздар,плакат,слайд материалдары, ойынға керекті фишкалар.

Әдіс – тәсілдер: сұрақ- жауап, талдау,өз бетімен жұмыс.

                                Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Сәлемдесу.

Ә) Оқушыларды түгелдеу.

Б)  Тазалыққа мән беру.

В)  Оқушылардың  хәл-жағдайын сұрау.

Г)   Сабаққа назар аударту.

      2 . Үй тапсырмасын сұрау.

          213- жаттығуды ауызша тексеру.    

 3 .  Жаңа сабақ.

Үндестік заңы. Буын үндестігі.

     Үндестік заңы дегеніміз – сөз ішіндегі дыбыстардың бір –бірімен үндесіп, біркелкі болып қолданылуы.

Үндестік заңының екі түрі бар: буын үндестігі және дыбыс үндестігі.

Буын үндестігі – сөз ішіндегі  дауысты дыбыстардың  біріңғай жуан не жіңішке болып үндесуі.

Ескерту:  Қос сөздерде (аман-есен), және біріккен сөздерде  (баспасөз,көзқарас)  буын үндестігі сақталмайды.

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:

а) Көмектес септіктің –мен,-пен жалғаулары сөздің соңғы буыны жуан болса да, жіңішке болса да, осы күйінде  жалғанады.

ә)  Меншік ұғымды білдіретін –нікі, -дікі,-тікі қосымшалары буын үндестігіне   бағынбайды.                                                                                                                                                  

б) -паз,-қор,-ғой, -кер, -гер,-кеш,-хана, -ист, -бан, -жан, -тал     жұрнақтары буын   талғамайды.

Жаңа сабақты тексеру мақсатында ойындар ойнау.

  1. «Антивирус» ойыны.

Бұл ойында үндестік заңына вирус түскен ( үндестік заңына бағынбаған ) сөздерді тазалау керек.Кім тез әрі дұрыс тазаласа жұлдызшаны ұтып алады.Ол жұлдызша оқушыны сабақ соңында бағалау кезінде септігін тигізеді.

     5 .   « Лимон кімге бұйырады?»

Оқушылар суреттерге қарап бір сөйлем құрайды.Сөйлем яғни сөйлем ішіндегі барлық сөздер үндестік заңына бағыну керек.Алғашқы талапқа сай етіп  орындап келген 3 оқушы 3 лимонды  жеңіп алады .

  1. Оқулықпен жұмыс

         314- жаттығу.

   Жуан сөздерді бір бағанға,жіңішке сөздерді екінші бағанға, аралас сөздерді үшінші бағанға жазу керек.

  1. Сабақты бекіту:

     Сабағымыздың қорытындысы ретінде, адасқан сөздерді орнына қойып,сөйлем шығарамыз.Сол сөйлемді үндестік заңына талдаймыз.Адасқан сөздерден мына сөйлем шығады:

Өмірдің өзі жақсы білім мен тәрбиенің арқасында әдемілікке үндеседі.

  1. Үйтапсырмасы:

      315-жаттығу.

  А)  Мәтінді оқып, ат қою.

  Ә)  Үндестік заңына бағынбацтын сөздерді теріп жазу.

  1. Оқушыларды бағалау.