Ауылдағы жаз

Ауылдағы жаз

Күн тау үстінен едәуір  көтеріліп қалыпты.  Жап – жарық.. Көз ұялады. Үй іргесінен  сәл төменірек  өзен ағып жатыр.Алыстан қарағанда  көпіршігі көкке  атқан қымыз секілді. Тау беткейінен қиялай  жез діңгекті  алып ағаштар  сыңсып тұр. Айнала жап- жасыл.

Аманның үй іргесінен  аттап  шыққаны сол еді, көктен  түскендей үлкен бір ит  шыға келді. Аяғын  баяу басып, балаға қарай жүрді.  Аман зәресі ұшып, екі қолын  сілкіп, шегіншектей берді.

-Сен одан қорықпа, жаным. Оның да сенімен  танысқысы келеді.Ақтөс балаларды жақсы көреді. Олармен дос.Наныңнан үзіп бер.Жерге тастама.Ақтөс, ала ғой, кәрі тарланым ! – деген  апасының даусын естіді.(Б.Момышұлы , 93 сөз)