Білімнің жағып шырағын (Интелектуалдық олимпиада сайысы)

Тақырыбы: Білімнің жағып шырағын (Интелектуалдық олимпиада сайысы)

Мақсаты:     Әдебиет сабағы барысында алған білімдерін саралау. Әдебиеттегі ірі

ғұламалар шығармашылығы арқылы оқушыны өмірді терең түсіне білуге, өнерді өз пайдасы үшін пайдалануға, жан-жақты терең білімділікке тәрбиелеу. Сайыстыра отырып шығармашылығын дамытуға ынталандыру.

 

Техникалық құралдар: Компьютер, интерактивті тақта

 

Барысы

І. Кіріспе сөз

Әдебиет — өнер атаулының құдіретшісі. «Өлең – сөздің патшасы» деген Абай.               Сөз өнері – адамзаттың тәрбиешісі.

Қазақ әдебиеті – қазақ тарихының көркем шежіресі. Сонау ықылым замандардан бері ұлтының үміт-арманы мен рухын бейнелеп, адамгершілік пен ізгілікті, өрлік пен ерлікті арқау еткен асыл мұраларымыздың орны бөлек. Олай болса, бүгінгі біздің сайысымыздың мақсаты да осы болмақ.

 

ІІ. Сайысымыздың барысымен танысар болсақ, сайысқа 10Б сынып оқушылар тобынан «Арулар» және «Серілер» тобы қатысқалы отыр.

Сайыскерлерімізді таныстырсақ:

  1. Танадай көзі жайнаған,

Талпынса қанат талмаған

Қуанышты қыздарым

Беті қызыл алмадан

Алтын кірпік, ай қабақ

Жамалы жарқын, айнадан

Көкте болса, көгінде

Жерде болса жерінде

Қолға алғанын қопарып

Құлшына жеңбей қоймаған, — деп «Арулар» тобы өздерін таныстырса

  1. Серік Балауса – үздік оқушы, білім сайыстарының жеңімпазы
  2. Асқарова Назерке – республикалық «Сәтбаев оқуларының» жеңімпазы
  3. Баеке Гүлдана – «Мұқағали оқуларының» жеңімпазы

«Арулар» тобының қағидасы:       Өсиетін даналардың мұра қылып алғанбыз

Сол мұраны мәңгіге қуат етіп алғанбыз

  1. Неге де керек жігітке,

Айт дегенде бұлданған,

Мінезім емес құлданған

Әр жерде де жүйрік бар,

Алқаға түссе жүлде алған

Томағамды ал да топқа сал,

Бәйгемді алмай құр қалман, — деп келген «Серілер» тобы өздерін таныстырса

  1. Бақытжан Қайрат – үздік оқушы, республикалық «Сәтбаев оқуларының» жеңімпазы
  2. Асанхан Медетбек –
  3. Батырбек Айбек

«Серілер» тобының қағидасы:       Асыл сөзді ізденсең

Абайды оқы ерінбе,

Ізбасары біздерміз

Әйтеке би кентінде

ІІІ. Сайыс кезеңдері                        І кезең            Зулайды жылдар

ІІ кезең          Бұл қай тұлға?

ІІІ кезең         Нақтырақ ойлан

ІҮ кезең         Қайсысы артық?

Ү кезең          Ақындарша жырлаймын

ҮІ кезең         Тығырыққа тірелгенде

ІҮ. І кезең Зулайды жылдар

Бұл кезеңде екі топқа 10 сұрақтан оқылады. Сұрақ жауабы тек қана сандармен, яғни жылдармен беріледі. Әр сұрақтың жауабы 10 балл.

І топ «Арулар» тобына

  1. Махамбет қай жылы дүниеге келген?
  2. Мұрат Мөңкеұлы қай жылы дүниеге келді?
  3. Шоқан Жетісу, Шығыс, Орталық Қазақстан өлкелерін қай жылы аралайды?
  4. Майлықожа қай жылы Сүйінбаймен кездеседі?
  5. Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» жинағы қай жылы басылып шықты?
  6. Шортанбайдың «Бала зары» жинағы қай жылы жарыққа шықты?
  7. Шәкәрім қай жылы Шақпақ деген жерде жалғыз өмір сүреді?
  8. Қашаған қай жылы дүниеден өтті?
  9. Жамбыл Сүйінбай мен Қашаған айтысының толық мәтінін қай жылы жазып алады?
  10. Абылдың «Ақберен» жинағы қай жылы басылып шығады?

Жауаптары: 1803, 1843, 1854, 1860, 1879, 1880, 1909-1910, 1929, 1937, 1972

 

ІІ топ «Серілер» тобына

  1. Махамбет қай жылдары Батыс Қазақстандағы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің жыршысы, ұйымдастырушысы болады?
  2. Дулат қай жылы дүниеден өтеді?
  3. Шәкәрім қай жылы дүниеге келді?
  4. ыбырай арман еткен мектеп қай жылы ашылады?
  5. Шоқан қай жылы Березинмен танысады?
  6. Шортанбай қай жылы дүние салды?
  7. Майлықожаның кейбір толғаулары қай жылы «Қырғыз хрестоматиясы» атты жинақта басылып шығады?
  8. М.Жүсіптің «Хал ахуал» жинағы қай жылы басылып шықты?
  9. Нарманбет қай жылы уездік соттың төрағасы болады?
  10. Қашағанның шығармалары «Әдебиет майданы» журналында қай жылы жарияланды?

Жауаптары: 1836-1838, 1852, 1858, 1864, 1871, 1881, 1883, 1907, 1917-1918, 1935

 

ІІ кезең Бұл қай тұлға?

 

10

Мәшһүр Жүсіп Көпеев

30

Абай

20

Шәкәрім

20

Шоқан Уәлиханов

10

Нарманбет

30

Ыбырай

  1. Ақын, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Найзатас деген жерде туған. Жасында ауыл молдасынан білім алады. Хамаретдин хазіреттің медресесінде, одан соң Бұхарадағы Мірараб медресесінде оқиды. Оқытушы бола жүріп шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қай ақын? (Жауабы: М.Ш.Көпеев)
  2. Ата-ананың бауырындағы алаңсыз күндер… Нәрестелік шақ, бесіктегі сәбилік, тәй-тәй басқан алғашқы қадам, былдыр-былдыр сөйлеген кезең, ойын баласының бақытты күндері, сүндетке отырғызу, бәрі де артта қалды. Міне, сөйткен бала сегіз жасқа келді. Осы тұста ақын ата-анаға міндет артады, болашақтың баянды жолын нұсқайды. Ол кім? (Жауабы: Нарманбет Орманбетұлы)
  3. Оның өлеңдері адамның жас кезінде атқарған істерінің бәрі де мәнді, көркем, ал жасың ұлғайған сайын оның мәні де, сәні де азая бермек. Кәрілік кезеңі адамның қартайып, тозуы ғана емес, сонымен қатар ақыл-ойының да тоқырайтын, ортаятын кезі дегенді тұспалдайды. Ол кім? (Жауабы:  Шәкәрім)
  4. Поэзия туралы: «Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ дейге болады. Олардың бірін суырып салма ақындар мен жыршылар жыр етсе, екінші біреулердің атын кейінгі ұрпақ естерінде ұмытылмастай етіп белгілі бір сыбызшығы, не қобызшы музыканттар тастап кеткен» — деген кім? (Жауабы: Шоқан Уәлиханов)
  5. Сарқылмас мұрасы қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың таусылмас қазынасы десек те болады. Оның даналығы – үлкен ірі философиялық мәселелерді шешуге тән ислам дінінің қағидаларын арқау етуі. Оның пайымдауында адамның бойындағы барша ізгіліктің басы отбасынан басталады. Бұл қай тұлғаның мұрасы? (Жауабы: Абай Құнанбаев)
  6. Туған әдебиетіміздің тарихынан көрнекті прозашы ретінде ерекше орын алады. Өйткені оған дейін қазақ жазба әдебиетінде көркем проза әлі қалыптаса қоймаған еді. Ол Еуропалық үлгідегі шағын көркем қара сөз жанрын қазақ оқырманына әкелді. Жалғаулық, надандық, залымдық, зұлымдық, тәкәппарлық секілді жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Ол кім? (Жауабы:  Ыбырай Алтынсарин)

 

ІІІ кезең. Нақтырақ ойлан

Ұяшық астында жасырынған өлеңнің авторын, тақырыбын табады. 10-50балл аралығындағы балл көрсеткішін өздері таңдайды.

Тапсырма:

  1. Сәуірде алуан, алуан жауар нөсер,

Нөсердің қуатымен жер шөбі өсер.

Көкорай дүние жүзі шалғын болып,

Мал, айуан, адамзат бауырын төсер                  (Ы.Алтынсарин «Жаз»)

  1. Әуелгі қорлар зор болды,

Сондай зорлар қор болды,

Әуелгі барлар жоқ болды

Сондай жоқтар тоқ болды                                   (Ш.Қанайұлы «Зар заман»)

  1. Ілімге толса көкірек,

Ашылар көзі сананың…

Жігіттің көркі — өнері,

Жақсылардан шыққан сөз                                    (Майлықожа «Толғау»)

  1. Ұлық сықса ұлықты,

Ұласып мидай былықты

Атқа мінер ауылда

Итше ілігіп ылықты                                               (Дулат «Сүлейменге»)

  1. Бөрілі байрақ астында

Бөгеліп көрген жан емес

Бөрідей жортып кеткенде,

Бөлініп қалған жан емен                                        (Сүйінбай «Бөрілі менің байрағым»)

  1. Арғымақтан туған қазанат,

Шабуыл салса нанғысыз

Қазанаттан туған қаз мойын,

Күнінде көз көрім жер шалғысыз                         (Махамбет «Тайманның ұлы Исатай»)

 

ІҮ кезең. Қайсысы артық?

Төрт өлең тақырыбы беріледі, біреуі артық, басқа ақынның өлеңі. Артығын табу. 10-50балл көрсеткішін өздері таңдайды.

  1. Махамбет өлеңдері

«Атадан туған аруақты ер»

«Тарланым»

«Бала зары»               (Шортанбай)

«Ұля арман»

  1. Абыл өлеңдері

«Есқали сұпыға айтқаны»           (Қашаған)

«Сексеннің біз де келдік жетеуіне»

«Отырған қарсы алдымда Қанымайым»

«Қар жауар күн-түн оның қабағынан»

  1. Мұрат өлеңдері

«Үш қиян»

«Сарыарқа»

«Қазтуған»

«Ағарып көрсем байымдап»      (Майлықожа)    

  1. Нарманбет өлеңдері

«Замана»

«Жасқаншақ бас»

«Кәрілік туралы»               (Шәкәрім)

«Қазақ ұлы біз тұрмыз»

  1. Шәкірім өлеңдері

«Жастарға»

«Дүние қалай етсең табылады?»                   (Ыбырай)

«Үш-ақ түрлі өмір бар»

«Ашу мен ынсап»

  1. М.Ж.Көпейұлы өлеңдері

«Азған елдің хандары»               (Ыбырай)

«Үлгілі сөз»

«Ғибратнама»

«Шайтанның саудасы»

 

            Ү кезең. Ақындарша жырлаймын  

Ақын Мұқағали:       Күпі киген қазақтың қара өлеңін

Шекпен жауып өзіне қайтарамын, — демекші өздері қалаған

ұяшық астындағы тақырыпқа сай өлең жолдарын құрастырады

Тақырыптар:

  1. Ақынға арнау
  2. Табиғаттың тылсым күштері
  3. Еңбекті жырлаймын
  4. Тілім менің тірлігімнің айғағы
  5. Махаббатсыз дүние бос
  6. Отқа оранған отты жылдар жемісі
  7. Заман келбеті
  8. Кім білмейді Қазалының есімін…

 

ҮІ кезең. Тығырыққа тірелгенде

Ситуациялық жағдайдан шығу (10 балл беріледі)

Тапсырма:

  1. Сынып жетекшіңіз тез келсін деп шақырды. Жүгіріп келсеңіз ашуланып тұрған сынып жетекшіңіз сіз мүлде ұқпайтын бір оқиға туралы сізге ұрса жөнелді. Сіз не істейсіз?
  2. Қоңыраудан соң сыныпқа кірсең сөмкеңдегі ұялы телефоның жоғалған. Өз сыныбыңыз 10-сынып. Қоңырауда тастап кеткен өзіңіз. Сіз сыныпқа кіргенде ешкім жоқ. Не істейсіз?
  3. Сіз жайбарақат сабақ жазып отырсыз. Сабаққа сирек келетін оқушының бірі әй-шәй жоқ ентелеп келіп, үшінші партада отыған сізге келіп жағаңыздан алып жанжалдаса бастады. Сіздің реакцияңыз?

 

Ү. Сайыс қорытындысын шығару

 

ТоптарІІІІІІІҮҮҮІҚорытынды
«Арулар»
«Серілер»

 

ҮІ. Жеңімпаздарды марапаттау