Р дыбысы және әрпімен таныстыру
- Сабақтың тақырыбы: Р дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. Р дыбысы және әрпімен таныстыру. 2. Ұқыпты ,тиянақты түрде оқуға, жазуға үйрету.3. Ой-өрісін, тілін ,сана сезімін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны:
І Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ Өткен сабақта алған білімін еске түсіру
-Ғдыбысы қандай дыбыс? -Ғ дыбысы сөздің қай жерінде жазылады?-Ғ әрпіне берілген сөздерді оқыту.
ІҮ. Жаңа сабақа) Сурет бойынша әңгімелеп, ара сөзі екі түрлі ұғым беретінін түсіндіру.Ара бал жинайды. Ара еңбек құралы.ә) Осы екі сөйлемдегі сөздің санын анықтау.
Ара | бал | жинайды. | Ара | еңбек | құралы. |
А | р | а |
Ара сөзінен бізге таныс емес дыбысты табу .
б ) Р дыбысының Әріп таңбасымен таныстыру.
в) Хормен оқыту. Жеке-жеке оқыту. Сергіту сәтін өткізу.
Ү. Жаңа білімді бекіту. . -Біз қандай дыбыс және әріпен таныстық?-Р қандай дыбыс?-Сөздің қай жерінде жазылады?
г) Дәптермен жұмыс. Р р ра ара таға.
Диктант: аға, ана,ара, өткен дыбыстардың әріп таңбаларын жазу. Сергіту сәті. 1. Р дыбысына қатысты сөз ойлау. 2. Сөйлем құрату. 3. Сөздерді буынға бөлу.4. Дауысты дыбыстардың санын анықтау.
ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып, білдік?