Сабақтың тақырыбы: Астана-бас қала

Сабақтың тақырыбы: Астана-бас қала
Мақсаты:1.Білімділік:  оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға  баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.

2.Дамытушылық : алған білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту,

3.Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында ,қаламызды сүюге тәрбиелеу.
Сабақ жоспары + презентация
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, оқыту, іздендіру, жаттығу, мәнерлеп оқу, түсіндіру
Көрнекілігі: интерактивтік тақта, компьютер, мәтін, слайдтар,сөзжұмбақ
Пәнаралық байланыс: гография, тарих
Эпиграф:Астана –жаңа  қала,арман қала…..
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру . амандасу

II .Үй жұмысын тексеру

III. Жаңа тақырып
2. Сөзжұмбақ шешу
3.Астана туралы фото альбом көру
4.Мәтінмен жұмыс
5.Сөздік жұмысы.
6.Дәптермен жұмыс   тапсырма
7. «Кім көп біледі?»
8.Сергіту сәті

  1.  Қорытындылау: Айтылым әрекеті
  2. Үйге тапсырма
    11. Бағалау
     І.Ұйымдастыру: 1. Сәлемдесу.
    -Сәлеметсіндер ме, балалар! Отырыныздар.
    -Бүгін нешесі? Аптаның қай күні?
  3. Үй жұмысын тексеру.
    ІІ. «Ой шақыру» Сөзжұмбақ шешу.Бүгінгі сабақ,балалар,ерекше сабақ.

Ал сабақтың тақырыбын ашу үшін,сөзжұмбақты шешеміз. Мына сөздерді қазақ тіліне аударыңдар.

Сонымен,балалар қаңдай сөз шықты? – А с т а н а
ІІІ. Aстана- бас қала.  Тыңдалым әрекеті

Астана десе ойыңызға не түседі?

  1. Оқылым әрекеті. Мәтінмен жұмыс:

а) іштей оқу. (33- 34) беттер)

ә) дауыстап оқу.

б) сөздікпен жұмыс.

Сергіту сәті

 

           «Ой қорыту»

  1. Қазақстанның астанасы қай қала?
  2. Ол Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
  3. Онда нелер көп?
  4. Қала қандай?
  5. Қалада нелер салынып жатыр?
  6. Астанаға кімдер көп келеді?

VI Дәптермен жұмыс:

1-тапсырма:  Мына сөздерге көптік жалғауларын жалғап жазыңдар

Оқушы, саябақ, мұражай, көше, мектеп, қағаз, өзен.

 

2.тапсырма:   Жуан және жіңішке сөздерді екі бағанаға бөліп жаз.

3- тапсырма.  Сөйлемдерді буынға бөліп, буын түрлеріне ажыратыңдар.

Ойын « Кім көп біледі ?

Тілдесім әрекеті.

4 –тапсырма. мақал –мәтелдерді толықтырып жаз.

Отанды сүю –….(от басынан басталады)

Ел іші – …(алтын бесік)

Отансыз адам –…(ормансыз бұлбұл)

Жер байдың – …(елі бай)

Отан оттан да(ыстық)

VII. Сабақты қорытындылау.

 

VIII. Бағалау.

  1. Тест.
  2. Тексеру

Үйге тапсырма:  33-бет, 5-тапсырма, жаңа сөздерді қайтала.

Сабақтың өздік талдауы

Сабағымның тақырыбы: «Астана – бас қала». Сабақта ең алдымен оқушылар ұжымын ұйымдастырып, сабақ кезеңдерімен жүргізілді. Сабақта оқушылардан үй тапсырмасын сұрақ-жауап әдісі арқылы тексердім. Жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушылармен сөзжұмбақ шештік. Жаңа сабақтың тақырыбын сөзжұмбақ арқылы ашып, мультимедиалық технологияны қолданып, оқушыларға жаңа сабақ тақырыбын меңгертілді. Ойын технологиясын қолданып, оқушылармен бүгінгі және өткен тақырыптарға байланысты алған білімдерін тиянақтадым. Сабақты қорытындылауда рефлексия әдісін қолдандым. Сабақты бағалауда тест тапсырмасы арқылы оқушылардың бір-бірін бағалауға үйренді. Оқушыларға үй тапсырмасын беріп, өз сабағымның мақсатына қол жеткіздім.

Картова З.С.