Қысқаша жұрнақтар мен жалғаулар анықтамалығы
Қысқаша жұрнақтар мен жалғаулар анықтамалығы
| -А- | ||
| -а1 | Көсемше (етістікке жалғанса)жұрнағы | айт-а-мын |
| -а2, | Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақ | Мұқ-а |
| -а3 | Барыс септік жалғауы (зат есімге жалғанса) | тойым-а |
| -а4 | Есімдерден етістік жасайтын жұрнақ | сан-а |
| -ар1 | -//- | жас-ар |
| -ай1 | -//- | мол-ай |
| -ай2 | Еліктеу сөзден етістік тудыратын жұрнақ | жалп-ай |
| -айын | Бұйрық рай жұрнағы,жекеше түрі | бар-айын |
| -айық | -//-,көпше түрі | бар-айық |
| -ақ1 | Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ | қон-ақ |
| -ақ2 | Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақ | Қор(ы)қ-ақ(ы түсіп қалады) |
| -аған | -//- | Қа(п)б-аған (кейінді ықпал) |
| -аң | Сын есімнің шырайын жасайтын жұрнақ | боз-аң |
| -ар2 | Есімшенің жұрнағы | бар-ар |
| -атын | -//- | бар-атын |
| -ау | Жинақтық сан есім жұрнағы | алт(ы) –ау ы түсіп қалады |
| -аң, | Туынды еліктеуіш жұрнағы | томп-аң |
| -Б- | ||
| -быз,-біз | Жіктік жалғауы, көпше түрі | келген-біз |
| -бын,-бін | -//-, жекеше түрі | |
| -бақ,-бек | Есімшенің жұрнағы | қон-бақ |
| -бен,бенен | Көмектес септігінің жалғауы | сіз-бен |
| -ба,-бе1 | Етістіктің болымсыз түрі жұрнағы | жаз-ба көрін-бе |
| -бе2 | Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ | сүз-бе |
| -бақ,-бек | -//- | жұм-бақ |
| -ба,-бе3 | Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ | қыз-ба, бөс-пе |
| -Г- | ||
| -ген | Есімше(бұр. өткен шақ)жұрнағы | кел-ген |
| -ге | Барыс септік жалғауы | үй-ге |
| -гер1 | Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақ | сауда-гер |
| -гі1, -гіш, | Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ | сүз-гі, іл-гіш |
| -гек, | -//- | іл-гек |
| -гі2 | Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ | күз-гі |
| -гі3, -гей | Қалау райдың жұрнағы | кел-гі-сі |
| -гі4 | Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ | күлдір-гі |
| -гіш | — | біл-гіш |
| -гір | — | біл-гір |
| -гілікті | Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ | жер-гілікті |
| -гер2 | Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ | тең-гер |
| -гіле | Етістіктен етістік тудыратын жұрнақ | кер-гіле |
| -гіз | Өзгелік етіс жұрнағы | әкел-гіз |
| -гелі | Көсемше жұрнағы | кел-гелі |
| -гөй | Зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақ | ақыл-гөй |
| -Ғ- | ||
| -ға | Барыс септігінің жалғауы | тау-ға |
| -ған | Есімшенің жұрнағы | оқы-ған |
| -ғар | Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ | оң-ғар |
| -ғалы | Көсемше жұрнағы | бар-ғалы |
| -ғыз | Өзгелік етіс жұрнағы | ал-ғыз |
| -ғы1 | Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ | бұр-ғы |
| -ғы2,-ғай | Қалау рай жұрнағы | бар-ғы-м, бар-ғай-сың |
| -ғы3 | Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ | жаз-ғы |
| -ғыш | Салыстырмалы шырай жұрнағы | сар-ғыш |
| -ғыш1
| Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ | сыз-ғыш |
| -ғыш2 | Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ | жаз-ғыш |
| -ғақ | -//- | тай-ғақ |
| -ғыр1 | Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ | тұр-ғылықты |
| -ғылтым | Салыстырмалы шырай жұрнағы | боз-ғылтым |
| -ғылт | -//- | сұр-ғылт |
| -ғыл | -//- | боз-ғыл |
| -ғыла | Етістіктен етістік жасайтын жұрнақ | бұр-ғыла |
| -Д- | ||
| -дар1,- дер | Көптік жалғау | адам-дар |
| -дар2 | Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ | білім-дар |
| -да1,-де1 | Жатыс септік жалғауы | жер-де |
| -да2,-де | Еліктеу сөзден етістік тудыратын жұрнақ | ербең-де |
| -да3,-де | Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ | тұз-да |
| -дат,-дет | -//- | ән-дет |
| -дан1,-ден | Есімдерден етістік жасайтын жұрнақ | көңіл-ден |
| -дан1,-ден | Шығыс септік жалғауы | ауыл-дан |
| -дан1,-ден | Топтау сан есімінің жұрнағы | жүз-ден |
| -дай,-дей | Үстеу жасайтын жұрнақ | жаз-дай |
| -дай1,-дей1 | Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ | таудай |
| -дай2,-дей2 | Болжалдық сан есім жұрнағы | 40-30-дай |
| -дап,-деп | -//- | он-дап |
| -дың,-дің | Ілік септігінің жалғауы | ел-дің |
| -дыр,-дір | Өзгелік етіс жұрнағы | оз-дыр |
| -ды1,-ді1 | Табыс септігінің жалғауы (зат есімге жалғанса) | ел-ді |
| -ды1,-ді2 | Жедел өткен шақ/ етістікке тікелей жалғанса/ жұрнағы | кел-ді |
| -ды1,-ді3 | Жіктік жалғауы /көсемше арқылы жасалса/ | кел-е-ді |
| -ды1,-ді4 | Есімдерден сын есім тудыратын жұрнақ | құм-ды жер |
| -дық1,-дік1 | -//- | күз-дік |
| -дық2,-дік2 | Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақ. | бел-дік |
| -дас,-дес1 | -//- | жол-дас |
| -дас,-дес2 | Есімдерден етістік жасайтын жұрнақ | ұйым-дас |
| -дау,-деу | Сын есім шырайын жасайтын жұрнақ | үлкен-деу |
| -дау1 ,-деу1 | Үстеу жасайтын жұрнақ | тез-деу |
| -даған | Болжалдық сан есім жұрнағы | мың-даған |
| -деген | Болжалдық сан есім жұрнағы | жүз-деген |
| -дайын | Үстеу жасайтын жұрнақ | тоты-дайын |
| -дікі | Меншіктік мәнді білдіреді | біз-дікі |
| -дақ | Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ | қуыр-дақ |
| -Е- | ||
| -е1 | Көсемше (етістікке жалғанса) жұрнағы | кел-е-ді |
| -е2 | Барыс септік (зат есімге жалғанса)жалғауы | төрім-е |
| -е3 | Зат есімнен етістік тудыратын жұрнақ | сын-а, өрт-е |
| -еке1,-ек1 | Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақ | Әб-еке |
| -ейін | Бұйрық рай жұрнағы,жекеше | кел-ейін |
| -ейік | Бұйрық рай, 1ж. көпше | кел-ейік |
| -еген | Етістіктен есім тудыратын жұрнақ | сүз-еген |
| -ер1 | Есімшенің жұрнағы | кел-ер |
| -ер2 | Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ | кө(к)г-ер |
| -етін | Есімше жұрнағы | көр-етін |
| -еу | Жинақтық сан есім жұрнағы
| бес-еу |
| -ең | Еліктеу сөз жасайтын жұрнақ | елп-ең |
| -Ж- | ||
| -жан | Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақ | Абай-жан |
| -И- | ||
| -й1 | Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақ | апа-й |
| -й2 | Көсемше(етістікке жалғанса) жұрнағы | сөйле-й |
| -и3 | Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ | тарих-и |
| -и5 | Еліктеуден етістік жасайтын жұрнақ | қылт-и |
| -йтын | Есімшенің жұрнағы | сұрайтын |
| -йтін | -//- | сөйле-йтін |
| -йын,-йін | Бұйрық рай жұрнағы,1- жақ, жекеше | ойна-йын |
| -йық,-йік | -//- ,1- жақ, көпше | ойна-йық |
| -К- | ||
| -ке | Барыс септігінің жалғауы | ет-ке |
| -кен | Есімше жұрнағы | күт-кен |
| -кі,-кей | Қалау райдың жұрнағы | кет-кі-сі |
| -кі1,-кіш | Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ | кес-кі, кес-кіш |
| -кі2 | Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ | іш-кі(бөлме) |
| -кір | Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ | өт-кір |
| -кілікті | -//- | жет-кілікті |
| -к1 | Жіктік жалғау | жеткіз-се-к |
| -к2 | Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ | күре-к |
| -кер1 | Есімдерден етістік жасайтын жұрнақ | ес-кер |
| -кер2 | Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ | табыс-кер |
| -кер3 | Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақ | талап-кер |
| -келі | Көсемше жұрнағы | кет-келі |
| -кіле | Етістіктен етістік жасайтын жұрнақ | кес-кіле |
| -кек | Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ | керіс-кек |
| -кіз | Өзгелік етіс жұрнағы | сеп- кіз |
| -Қ- | ||
| -қыз | Өзгелік етіс жұрнағы | айт-қыз |
| -қа | Барыс септік жалғауы | шаш-қа |
| -қан | Есімше жұрнағы | айт-қан |
| -қалы | Көсемше жұрнағы | айт-қалы |
| -қар
| Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ
| бас-қар
|
| -қай | Сын есім шырайын жасайтын жұрнақ | қоңыр-қай |
| -қыр | Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ | ұш-қыр |
| -қақ | -//- | ұрыс-қақ |
| -қ1 | Жіктік жалғауы | бар-са- қ |
| -қ2 | Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ | ақса-қ |
| -қ3 | Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ | тара-қ |
| -қы1 | Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ | жина- қы,шап-қы |
| -қы2 | Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ | қыс-қы |
| -қы3 | Қалау рай жұрнағы | айт-қы-сы |
| -қын,-қыш | Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ | қаш-қын, ұш-қыш |
| -қыш1 | Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ | айт-қыш |
| -қой | Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ | сән-қой |
| -қыла | Етістіктен етістік жасайтын жұрнақ | ат-қыла |
| -Л- | ||
| -лар,-лер | Көптік жалғау | бала-лар |
| -лап,-леп | Болжалдық сан есім жұрнағы | жиырма-лап |
| -лық1,-лік1 | Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақ | бала-лық, екі-лік |
| -лық1,-лік2 | Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ | өлке-лік |
| -лы1,-лі1 | -//- | дене-лі |
| -лы1,-лі2 | Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ | жинау-лы |
| -лау1,-леу1 | Сын есім шырайы жұрнағы | шикі-леу |
| -лау2,-леу2 | Туынды үстеу жұрнағы | ілгері-леу |
| -лай,-лей | -//- | осы-лай |
| -л | Ырықсыз етіс жұрнағы | тара-л |
| -ла,-ле | Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ | сыр-ла |
| -лан,-лен | -//- | ашу-лан |
| -лас,-лес | Есімдерден сын есім жасайтын | сыр-лас (дос) |
| -лас,-лес | Есімдерден етістік жасайтын жұрнақ | сауда-лас |
| -М- | ||
| -мыз1,-міз1 | Жіктік жалғау | келе-міз |
| -м1 | -//- | кел-се-м |
| -мын1,-мін1 | -//- | кел-е-мін |
| -мыз2,-міз | Тәуелдік жалғау | бала-мыз, үй-іміз |
| -м2 | -//- | бала-м |
| -м3 | Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ | сөйле-м |
| -ман,-мен | -//- | орал-ман |
| -ма,-ме1 | -//- | шығар-ма |
| -ма,-ме2 | Болымсыз етістік жұрнағы | кел-ме |
| -ма,-ме3 | Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ | бұра-ма,қына-ма |
| -мды, -мді | -//- | жара-мды |
| -малы,-мелі | -//- | таңда-малы, бүр-мелі |
| -мен,-менен | Көмектес септік жалғауы | баламмен , баламен |
| -мақ,-мек | Есімше жұрнағы | бар-мақ-пыз |
| -майынша | Туынды үстеу жұрнағы | бар-майыншы |
| -мейінше | -//- | кел-мейінші |
| -Н- | ||
| -ның,-нің | Ілік септігінің жалғауы | күн-нің |
| -ны,-ні | Табыс септігінің жалғауы | ана-ны |
| -н1 | -//- | ана-сы-н |
| -н2 | Өздік етіс жұрнағы/етістікке жалғанса | тара-н |
| -н3 | Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ | бора-н |
| -н4 | Ырықсыз(құрамында л дыбысы болса)етіс жұрнағы | тазала-н |
| -на,-не | Барыс септік жалғауы | ел-і-не |
| -на,-не | Етістіктен етістік жасайтын жұрнақ | жи-на |
| -нан,-нен | Шығыс септік жалғауы | үйім-нен |
| -нан,-нен | Топтау сан есімі жұрнағы | он-нан |
| -нда,-нде | Жатыс септік жалғауы | төрі-нде |
| -нды,-нді | Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ | құра-нды |
| -ншы,-нші | Реттік сан есім жұрнағы | жеті-нші |
| -нікі | Меншіктік мәнді білдіретін жұрнақ | се(н)-нікі |
| -Ң- | ||
| -ңқыра | Етістіктен етістік жасайтын жұрнақ | шыда-ңқыра |
| -ңкіре | -//- | сөйле-ңкіре |
| -ңыз1,-ңіз1 | Тәуелдік жалғау (зат есімге жалғанса) | ана-ңыз |
| -ңыз2,-ңіз2 | Жіктік жалғау (етістікке жалғанса) | сөйле-ңіз |
| -ңдар, -ңдер | -//-,3-жақ, анайы | сөйле-ңдер |
| -ң1 | -//-,2-жақ | жеткізсе-ң |
| -ң2 | Етістіктен еліктеу сөз жасайтын жұрнақ | сыла-ң |
| -ң3 | Тәуелдік жалғауы,2-жақ | ана-ң |
| -П- | ||
| -п | Көсемше жұрнағы | биле-п |
| -пын,-пін | Жіктік жалғау,жекеше | айтып-пын |
| -пыз,-піз | -//-,(көпше түрі) | келіп-піз |
| -пен,-пенен | Көмектес септік жалғауы | үміт-пен |
| -паз | Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ | өнер-паз |
| -пақ,-пек | Есімше жұрнағы | кет-пек |
| -палы,-пелі | Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ | ас-палы |
| -па,-пе1 | Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ | бөс-пе |
| -па,-пе2 | Болымсыз етістік жұрнағы | айт-па |
| -па1,-пе2 | Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ | кес-пе |
| -пайынша | Үстеу тудыратын жұрнақ | айт-пайынша |
| -пейінше | -//- | кет-пейінше |
| -пана | Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақ | бас-пана |
| -Р- | ||
| -р1 | Есімшенің жұрнағы | оқы-р |
| -р2 | Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ | қысқа-р |
| -р3 | Өзгелік етіс жұрнағы | сөйле-р |
| -рақ | Салыстырмалы шырай жұрнағы | жақсы-рақ |
| -рек | -//- | келте-рек |
| -С- | ||
| -сың,-сың,- | Жіктік жалғауы,2-жақ,жекеше түрі | бара-сың |
| -сың-дар, | -//-,көпше | бара-сың-дар |
| -сің-дер | -//-,көпше | келе-сің-дер |
| -сын,-сін1 | Бұйрық рай жұрнағы | бар-сын |
| -сыз,-сіз1 | -//,2-жақ, сыпайы түрі | бара-сыз |
| -сыз,-сіз2 | Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ | ұят-сыз |
| -с1 | Есімшенің болымсыз түрі жұрнағы | барма-с |
| -с2 | Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ | төбеле-с( басталды) |
| -с3 | Ортақ етіс жұрнағы | сөйле-с |
| -сын,-сын2 | Үстеу тудыратын жұрнақ | кешкі-сін |
| -сын,-сін3 | Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ | көп-сін |
| -сыра, | -//- | жалғыз-сыра |
| -сіре | -//- | жетім-сіре |
| -са,-се | Шартты рай жұрнағы | бар-са |
| -сы,-сі | Тәуелдік жалғауы III ж (жекеше) | бала-сы |
| -сы,-сі | Жіктік жалғауы | бар-ғы-сы |
| -сымақ | Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақ | ақын-сымақ |
| -Т- | ||
| -тың,-тің | Ілік септік жалғауы | іс-тің |
| -тыр,тір | Өзгелік етіс жұрнағы | айт-тыр |
| -т1 | -//- | шақыр-т |
| -т2 | Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ | бөге-т |
| -тар,-тер | Көптік жалғау | дос-тар |
| -тан,-тен1 | Шығыс септік жалғауы | мектеп-тен |
| -тан,-тен2 | Топтау сан есімінің жұрнағы | алпыс-тан |
| -тай,-тей | Есімдерден сын есім тудыратын жұрнақ | сүт-тей |
| -тай,-тей1 | Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақ | апа-тай |
| -тай,-тей2 | Үстеу тудыратын жұрнақ | қыс-тай |
| -тай,-тей3 | Болжалдық сан есім жұрнағы | он-онбес-тей |
| -таған | -//- | қырық-таған |
| -тап,-теп | -//- | бес-бестеп |
| -тау,-теу1 | Салыстырмалы шырай жұрнағы | алыс-тау |
| -тау,-теу2 | Туынды үстеу жұрнағы | кеш-теу |
| -ты,-ті1 | Табыс септігінің жалғауы (зат есімге жалғанса) | шарт-ты (орындады) |
| -ты,-ті2 | Жедел өткен (етістікке тікелей жалғанса)жұрнағы | кет-ті,кетпе-ді |
| -ты,-ті3 | Жіктік жалғауы(көсемше жұрнағы арқылы жасалса) | кет-е-ді |
| -ты,-ті4 | Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ | атақ-ты әнші |
| -тық,-тік | -//- | қыс-тық (киім) |
| -тікі | Меншікті мәнді білдіретін жұрнақ | Шымкент-тікі |
| -тайын | Үстеу жасайтын жұрнақ | қыс-тайын |
| -тал | Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ | сезім-тал |
| -тас1,-тес1 | -//- | сынып-тас( қыз) |
| -тас2,-тес2 | Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ | дос-тас |
| -та,-те1 | -//- | тіс-те |
| -та,-те2 | Жатыс септік жалғауы | ағаш-та |
| -тан,-тен | Есімдерден етістік тудыратын жұрнақ | тамақ-тан |
| -У- | ||
| -у1 | Тұйық етістік жұрнағы | Тас-у |
| -у2 | Еліктеу сөзден зат есім тудыратын жұрнақ | дүмп-у |
| -у3 | Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ | көсе-у,еге-у |
| -улы,-улі | Етістіктен сын есім жасайтын | ас-улы,іл-улі |
| -уық,-уік | -//- | жыла-уық |
| -уыл,-уіл | Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ | қара-уыл |
| -уыш,-уіш | -//- | тіре-уіш |
| -Х- | ||
| -хана | Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақ | ем-хана |
| -Ш- | ||
| -ша,-ше | Туынды үстеу жұрнағы | бала-ша |
| -шы,-ші | Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақ | ән-ші |
| -шылық | -//- | шаруа-шылық |
| -шек1 | Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ | ерін-шек |
| -шақ1 | -//- | мақтан-шақ |
| -шақ2 | Зат есімнің рең мәнін жасайтын жұрнақ | құлын-шақ |
| -шек2 | -//- | іні-шек |
| -шік,-шық | -//- | қап-шық |
| -ша,-ше1 | -//- | жүрек-ше |
| -ш | -//- | қалқа-ш |
| -шаң,шең- | Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ | бой-шаң |
| -шыл,-шіл1 | -//- | ұйқы-шыл |
| -шыл,-шіл2 | Сын есімнің шырайы жұрнағы | ақ-шыл |
| -шылтым | -//- | ақ-шылтым |
| -шілтім | -//- | көк-шілтім |
| -шы-ші | Өтіну, тілек мәнді білдіретін жұрнақ | кел-ші |
| -Ы- | ||
| -ымыз | Тәуелдік жалғау (зат есімге жалғанса) | бабалар-ымыз |
| -ым1,-ың,-ы1, -ыңыз1 | -//- | бабалар-ым, бабалар-ы бабалар-ыңыз |
| -ы2 | Есімдерден етістік жасайтын жұрнақ | бай-ы |
| -ыңыз2 | Жіктік жалғау | бар-ыңыз |
| -ы3 | Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ | қазақ-ы (ит) |
| -ып | Көсемше жұрнағы | айт-ып |
| -ыңдар | Жіктік жалғау,2-жақ,көпше түрі | айт-ыңдар |
| -ым2,-ық -ынды1 | Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ | қыс-ым, қаз-ық жу-ынды |
| -ық2 | Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ | тол-ық |
| -ынды | -//- | жу-ынды |
| -ыңқы | -//- | бас-ыңқы |
| -ымды | Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ | қон-ымды |
| -ыс1 | Ортақ етіс жұрнағы | жаз-ыс |
| -ыс2 | Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ | айт-ыс |
| -ын1, | -//- | құй-ын |
| -ыш1 | -//- | қуан-ыш |
| -ыш2 | Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақ | Нұртай- Нұрыш |
| -ыра -ырай | Еліктеу сөзден етістік жасайтын жұрнақ | былб-ыра баж-ырай |
| -ыл1 | Ырықсыз етіс жұрнағы | айт-ыл-ды |
| -ын2 | Өздік етіс жұрнағы | жу-ын-дым |
| -ын3 | Туынды үстеу жасайтын жұрнақ | жасыр-ын келу |
| -ыл2 | Еліктеу сөзден зат есім жасайтын жұрнақ | ыр-ыл, гүр-іл |
| -ыл3 | Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақ | шу-ыл |
| -ыл4 | Еліктеу сөзден зат есім жасайтын жұрнақ | тарс-ыл |
| -ырақ | Сын есімнің шырайлары жұрнағы | қызыл-ырақ |
| -ыншы | Реттік сан есім жұрнағы | қыр(ы)қ-ыншы(қырқыншы) |
| -ыңқыра | Етістіктен етістік жасайтын жұрнақ | айт-ыңқыра |
| -ыр | Өзгелік етіс жұрнағы | ас-ыр |
| -ың1 | Еліктеу сөз тудыратын жұрнақ | жылт-ың |
| -ың2 | Еліктеу сөзден зат есім тудыратын жұрнақ | ыз-ың |
| -ыт | Есімдерден етістік жасайтын жұрнақ | су-ыт |
| -І- | ||
| -і | Тәуелдік жалғауы (зат есімге | үй-і |
| -ім1, ің | жалғанса) | үй-ім, үй-ің |
| -іміз, -іңіз1 | -//- | үй-іміз, үй-іңіз |
| -іңіз2 | Жіктік жалғауы (етістікке жалғанса) | кел-іңіз |
| -іңдер | -//- | кел-іңдер |
| -іп | Көсемше жұрнағы | көр-іп |
| -ік1 | Есімдерден етістік жасайтын жұрнақ | бір-ік |
| -ік 2 | Етістіктен зат есім жасайтын | түкір-ік |
| -ім2 | жұрнақтар | біл-ім |
| -іс1 | -//- | жүр-іс |
| -іш1 | -//- | сүйін-іш |
| -інді,-ін1 | -//- | үй-інді, ек-ін(егін) |
| -ір1 | Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ | бүк-ір |
| -ір2 | Өзгелік етіс жұрнағы | кет-ір |
| -ін2 | Өздік етіс жұрнағы | көр-ін |
| -ін3 | Ырықсыз (құрамында –л дыбысы болса) | біл-ін |
| -іс2 | Ортақ етіс жұрнағы | көтер-іс |
| -іл1 | Ырықсыз етіс жұрнағы | кер-іл |
| -іл2 | Еліктеу сөзден зат есім тудыратын жұрнақ | гүр-іл |
| -інді | Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ | түй-інді( жіп) |
| -іңкі | -//-,жұрнақ | көтер-іңкі |
| -ілдір | Сын есімнің шырайы жұрнағы | көг-ілдір (көк+ілдір) |
| -ірек | -//- | көг-ірек (көк+ірек) |
| -іре -ірей | Еліктеу сөзден етістік тудыратын жұрнақ | желб-іре(желп+іре) шік-ірей |
| -інші | Реттік сан есім жұрнағы | бес-інші |