О о дыбысы, әрпіне қатысты сөздерді дұрыс оқу және жазу.
- Сабақтың тақырыбы: Оо дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. О о дыбысы, әрпіне қатысты сөздерді дұрыс оқу және жазу. О дыбысы жеке буын құрайтынын түсіндір 2. Тазалыққа баули отырып, көркем етіп жазуға үйрету. 3. Алған білім дағдысын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп , кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Білімді тексеру.1) Оо дыбысы қандай дыбыс?2) Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жаса. Отан, Орамал орман3) Сөйлемдердің жаңа түрімен таныстыру. Ол- Шолпан. Шолпан, қуыршақ ал, ойна.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:а) Мәтін туралы түсінік беру. ә) Тақырыптан суретке сәйкес сөйлемдерді оқу.. Хормен оқыту.Сергіту сәті. Жаңылтпаш айтқызу.О әрпі бар сөздерді атату.Олар Оралдан оралды, Омар Аралдан Оралды .
Ү. Жаңа білімді бекіту1. О қандай дыбыс? 2.Сөздің қай жерінде жазылады?3)О дыбысына сөз ойлау. Сөзді буынға бөл, дыбыстық талдау жасау, кеспе буындармен жұмыс жүргізуДәптермен жұмыс: Көшіріп жазуға үйрету. Буын диктантын алу. Тор, тар, тон, қол, он.
ҮІ. Сабақты қортындылау: Бүгін сабақта қандай дыбыспен және әріппен таныстық?