Ққ дыбысы, әрпі туралы түсінік беру.
- Сабақтың тақырыбы: Ққ дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. Ққ дыбысы, әрпі туралы түсінік беру.
- Таза, әдемі жазуға баулу. 3. Ой-өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Білімді тексеру.1) О дыбысының орнына а дыбысын қойса, сөз мағынасының өзгеруіне көңіл бөлу. Тақтадан оқып талдау: Шопан, Шора,тор, той.Шапан, шара,тар,тай. -О дыбысы қандай дыбыс?
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: а) Жұмбақ шешу
Жапалақтап жауады, Кішкентай ғана бойы бар,
Жердің бетін жабады. Айналдырып киген тоны бар.
Бұл не аппақ мақтадай? (қой)
Кәнеки, кім табады?
(қар)
О дыбысын үш рет айту.(дауыссыз дыбыс екенін анықтау.)
ә) Қа-ра-қат, қа –ла, қа-лақ, қо-нақ сөздерін буынға бөліп, қ дыбысының орнын байқату.
б) Қ дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. в) Бағандағы сөздерді буындап не тұтас оқып үйрену, мағынасын түсіндіру. г) Қала аттарының бас әріппен жазылатынын түсіндіру. Қапшағай, Қаратау, Қарағанды.
Ү. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру: -Қ қандай дыбыс? -Сөздің қай буынында жазылады? — Қала аттары қалай жазылады?
Сергіту сәті: Дәптермен жұмыс: Қ әрпін жазып үйрену
Кірісейік сабаққа, Қала тақырыбына мәтін құрау.
Кірісейік жазуға. Сөйлем құрату.
Жазудан «5» алайық, Алмат қалада тұрады.
Үйге қуанып қайтайық. Қарағай тауда өседі.
ҮІ. Сабақты қортындылау: Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?