І дыбысы мен әрпі

  1. Сабақтың тақырыбы: І дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. І дыбысы, әрпімен таныстыру. І дыбысының дауысты дыбыс екенін аңғарту. 2.Таза, көркем жазуға үйрету.  3. Білімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:   Сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны: 

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін  аудару.

 ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а) -К дыбысы қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде жазылады?Кеше, кесте, береке, мереке сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ. а) Құрамында І дыбысы бар сөздің суреттерін көрсете отырып, ішік, ілгіш сөздерінен і дыбысын айырып алу.ә) Бірнеше рет хормен айтқызу. І дыбысының жіңішке айтылатынына назар аударту.б) І дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Баспа түрі-Іі     Жазбаша түрі-І і в) Мақал-мәтел айтқызу,мазмұнын талдау.

1Бірлік түбі-тірлік.

2Оқу білім бұлағы

Білім өмір шырағы.

3 .Ақыл тозбайтын тон.

Білім таусылмайтын кен.ғ) Қандай ? сұрағына жауап болатын қарама-қарсы сөздер айту.

Ойын: « Сөз ойла, тез ойла.» Ауыр-жеңіл Аласа- биік Қара- ақ т. б.

    Ү. Білімді тексеру:І дыбысы қандай дыбыс? Қай буындарда жазылады?

   ҮІ. Білімді бекіту.Тақтамен жұмыс. Сөйлем жазып үйрену: Асан тісін тазалады. Іңкәр ілгішке киім ілді. Дәптермен жұмыс: Із,ін  іш, тірі, тіл, кіші, піл.

  ҮІІ .Сабақты қорытындылау: Біз сендермен қандай әріп дыбыспен таныстық?