Шетел тілін үйретуде тірек схемаларын пайдалана отырып, деңгейлеп оқыту әдістері

 

                                                 Жоспары

 

І.  Кіріспе бөлім

« Шетел  тілінің  қазіргі  замандағы  алатын  орны »

 

ІІ.Негізгі бөлім

а/.  Шетел тілін  оқытып-үйретуде  Шаталов технологиясы  элементтерін  пайдалана  отырып, деңгейлік тапсырмаларды  қолдану әдістері

ә/. Шаталов технологиясы элементтерін тіл үйретуде,  сабақта  қолданудың  тиімді  тәсілдері.

б/. Шетел тілін  оқытып-үйретудегі Шаталов технологиясы мен Ж.Қараевтың «Үш өлшемді оқыту»  технологиясының  үйлесімділігі және  жаңа педтехнология  элементтерінің   нәтижеге  бағытталған  білім берудегі  ролі.

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шетел тілін үйретуде  тірек  схемаларын пайдалана  отырып,

деңгейлеп  оқыту әдістері

 

Ана  тілің  арың-бұл,

Ұятың боп  тұр  бетте.

Өзге  тілдің  бәрін біл,

Өз  тіліңді  құрметте.

Қ. Мырзалиев

 

Қазіргі  қоғам  дамуы  мұғалімнің  жеке  қасиетіне, гуманитарлық  бағытына  мамандық  біліктілігіне жоғары  талап  қойып  отыр. Бұл  тұрғыда  табысқа  жету  мұғалімнің  сабақ  өту  үрдісіндегі  әдіс-тәсілін, жаңа  педтехнологияны  кәсіби  шеберлікпен  меңгеруімен  айқындалады.

Қазіргі  заман  талабына  сай, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» және «Қазақстан-2050»- Стратегиялық  даму  бағдарламасында  және   Қазақстан  Республикасындағы    «Білім беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған  бағдарламасында»  айқындалған  ана  тілімен  қатар, орыс тілі және   шетел  тілінің  бірін  меңгеру  талаптарын   орындау  мақсатында, Қазақстан  Республикасының «Білім  туралы » Заңын  жүзеге  асыру  мақсатында  барлық  білім  беру  жүйелерінде  шет  тілдері  оқытылады.

Жалпы  білім  беруде  оқытылатын пәндер ішінде  шетел  тілінің  өзіндік  орны  бар. Шетел  тілін  оқыта  отырып,  оқушыларды  патриотизмге,интернационализм  рухына  тәрбиелеуге  жол  ашылады.  Шетел  тілі  пәнінде  әр түрлі   мәтіндер, тақырыптарды оқи  отырып,сол   елдің  тарихымен,өнерімен,мәдениетімен,ұлтымен  жақынырақ  танысады.  Олар  өз  ұлтын  сүюді,өзге  халықтарлы  сыйлауды  үйренеді. Шетел  тілін  оқи  отырып,оқушылар өз  ана  тілін  терең меңгереді,сөйтіп,ана  тілі  негізінде  өзге  тілді  үйренеді.

Өйткені тілді  үйрену  кезінде ана  тіліндегі  ойды   жеткізу  тәсілдерін  тереңірек  ұғынады. Бұдан  бірнеше  жылдар  бұрын   шетел  тілін  оқытуда  ғалымдар  шетел  тілі  сабағындағы  түрлі  жаттығулар  жасау  арқылы  тілді  ана  тілінсіз-ақ үйретуге  болатындығын  уағыздағаны  мәлім. Алайда,бұл  үлкен  қателік  екенін  өмірдің  өзі  дәлелдеп  отыр. Ендеше  шетел  тілін  оқытуда  оқушылардың  ана  тілін  меңгерудегі   тәжірибелеріне  сүйену  керек.

Оқушылардың  бойындағы  өз  тіліне   деген  сүйіспеншілігі  арқылы  өзге  ұлт  тілдерін  ұғындыруға,ол  тілді  құрметтеуге  мүмкіндік  туады.

Жалпы  білім  беретін  оқу  орындарында  шетел  тілін  үйретуде  төрт  түрлі   мақсат  көзделеді. Олар-білімділік мақсат,тәрбиелік  мақсат, дамы-тушылық  мақсат  және  тәжірибелік  мақсат.  Шетел  тілін  оқытудың  осы  аталған  мақсаттарын  ана  тілінде  жүргізілетін  пәндерден  бөліп  қарау  мүмкін  емес, олар  өзара  тығыз  байланысты. Солай  екен  қандай  жағдайда  болмасын  өз  ана  тілінің  құдіреті мен болмысынан, тіл  мәдениеті  мен  өнерінен  аттап  кетіп, өзге  ұлт   тілдерін үйрену  ешқандай  нәтиже  бермейді. Сондықтан   шетел  тілін  оқытуда  бірнеше  ұстанымдарды  іске  асыруды  мақсат  ете  отырып, оларды  толықтыратын, оқуға  лайықтайтын  шетел тілін ерте  жастан оқыту сияқты  іс-шаралар ұйымдастырылуда.  Шетел  тілін  іс  жүзінде  меңгеруге  жете  көңіл  беру  қажет. Шетел  тілін  оқыту әдістемесі оқу  тәрбие  үрдісін   құруда басшылыққа  алатын  ұстанымдар  жинағын  құрайды. Сол  ұстанымдардың бірі—шетел тілін  оқытудағы  коммуникативтік  бағдар  ұстанымы. Бұл  ұстаным  бойынша  шетел  тіліндегі оқу  тәрбие  үрдісінің  ұйымдастырылуы, белгілі  мақсатқа бағдарлануы, оның  іске  асырылуы  нәтижесінде  оқушылар  бағдарламада  берілген  тақырыптар  көлемінде   шетел  тілін  қатынас  құралы  ретінде  пайдалану  іскерліктері  мен  дағдыларын  меңгеруі  тиіс.

Жалпы  алғанда  тіл  адамдардың  коммуникативті  іс-әрекеттерін  іске асырушы,жатық  тілмен  айтқанда қарым—қатынас құралы.

Мектеп  бағдарламасындағы  барлық  пәндермен қатар,  шетел  тілі пәніне де нақты  айқын  мақсат-міндеттер  қойылады.  Оқушыларға  шетел  тілінде  жазуды, оқуды, сөйлеуді, бір  тілден  екінші  тілге  аударуды  үйреткенде, біз  оларға  басқа  халықтардың  мәдениетіне, әрі  дүниежүзі  мәдениетіне  жол  ашамыз, яғни  басқа  қарым-қатынас  жасауға   мүмкіндік  туады. Шетел  тілі  пәнінде   басқа  пәндер   сияқты білім   мен  тәрбие  берумен  қатар,  жасөспірімдердің жеке  бас  қасиеттерін  тұлға  ретінде   жетілдіруге, қоғамдағы  өз  орнын  табуға  ықпал  етеді.   Шетел   тілі  сабақтарының  мақсаты  шәкірттерге  өз  елінде   басқа  пәндерден білім, білік, дағдыларына  қоса  басқа  елдердің  тыныс-тіршілігінен  хабардар  болып, мағлұматтар  алып, өз  халқы   мен  басқа  халықтың  арасындағы  ұқсастықтарды, ерекшеліктерді  ажырата  білуге  дағдыландыру  болып  табылады.  Сондай-ақ шетел  тілін    оқи  отырып  оқушы  бойында  интермәдениет  коммуникациясы  қалыптасады.

Оқушы  бойында  оқу, жазу, түсіну  дағдысын  қалыптастыру  мақсатында  күнделікті   сабақты  жоспарлы  түрде  өтудің  маңызы  зор.  Жоспарлы  түрде  өткізілген  сабақ өз  нәтижесін  берері  сөзсіз.

 

Сабақты жоспарлай отырып ,  оқушыны  тұлға  етіп  қалыптастыруда, оның  бойында өзін, өмірді, қоршаған  ортаны, әлемді  тануға  деген  қажеттілікті  оята  білу  керек.

Қазіргі  мектеп  бағдарламасында қысқаша  теориялық  тұжырымдардан  соң  практикалық  кезең  жаттығулар  берілген. Бұл  әрине  құптарлық  нәрсе.  Теориялық  білімді  меңгерген  соң  практикаға  ауысу  керек.  Бұл  пікірді  айтулы  педагогтар А. В. Занков, В. В. Давыдовтар  өз  тәжірибелерінде айқындай  отырып, өзгелерге  ұсынды, яғни сабақ  өз  нәтижесіне  жету  үшін  мұғалім  сабақты  жан-жақты эмоционалды  тұрғыда түсіндіруі  керек. Екінші  кезеңде  сол  тақырыпты түрлі  көрнекілікер, буклет, плакат, тірек сигналдары  арқылы  түсіндіру  қажет. Шетел тілі  пәнін  үйретуде Шаталов  ұсынған  тірек  сигналдарын,тірек  схемаларын  қолдана  отырып,мынадай  пікір   туындады.

«Әдеттегіден  өзгеше  нәрсе  әрдайым  есте  жақсы  сақталады». Күн  сайын  өткізілетін  сабақты  жоспарлау  кезінде   сабаққа  қолданылатын  көрнекіліктерді  эстетикалық  талапқа  сай, оқушы  қызығатындай  дәрежеде  даярлау  қажет.

Тірек  плакаттарды  топтық  жұмысқа  қолдансақ, тірек  схемалары  жасалған  парақтар  жеке  оқушымен  жүргізілетін  жұмыстарға  арналып  жасалады. Яғни  бұл  тірек-схемалары  жеке  оқушыларға  үлестіріліп  беріледі. Оқушы  схема  бойынша  ауызша, жазбаша  түрде  жұмыс  жасайды. Яғни  сабақта  тірек  схема  қолдану коммуникацияны  оңай  іске  асырады.

Балалар тарауға, тақырыпқа  қатысты  әңгімені   схемада  көрсетілген  тірек  сөздерді  пайдалана  отырып  сұраққа  жауап  береді  немесе  әңгімелейді.  Басқа  пәндермен  қатар  шет  тілі сабағында  тірек  схема қолдану  өте  тиімді. Мысалы: 5-сыныпта  өтетін «Мектеп,оқу  құралдары», «Жанұя»,  «Жыл  мезгілдері», «Үй, пәтер» т.б тақырыптарға  схемалар, таблицалар   тірек сөздер және бейнелі  суреттер  арқылы  жасалынып, сабақта    тиімді  қолдану әдістері  тұрақты  түрде  қарастырылып  отырады.

 

 

 

 

 

 

 

Мысалы: қыс мезгілін суреттеуде мына схеманы қолдануға болады.

 

 

 

         Windy                                                              Cloudy           

 

WINTER

 

 

 

 

 

 

 

            Snowy                                                       Foggy

 

 

 

Эстетикалық  көркемдігін сақтай отырып, барлық мезгілді тірек сөздер  арқылы суреттеуге   болады.

 

 

“Season”- «Жыл мезгілдері» тақырыбына  мысал келтірейік;

 

 

 

 

SEASON

 

 

 

 

 

 

  1. Оқу пәндері

 

 

School subjeсkts

 

 

 

 

Тірек  схемаларын  жасауда  оқушылардың  білім-білік  деңгейлерін, қабілеттерін  ескере  отырып,оқытудың  жаңа  технологиясы  деңгейлеп  оқыту   әдісіне  сәйкестендіру  қажет  екеніне  көз  жеткіздім. Балаларды  үш   топқа  бөліп, (нашар,орташа,жақсы)  үш  топқа  білім  деңгейлеріне, қабылдау,есте  сақтау  қабілеттерін  ескере  отырып,тірек схемалар  арқылы    деңгейлеп  оқыту  өз  нәтижесін  берері  сөзсіз.  Нәтижесінде  нашар  оқитын  оқушы  орташа  білім деңгейіне  көтерілсе, орташа  білімі  бар  оқушы   жақсы  білім  деңгейіне  көтеріледі.  Жақсы  оқитын  оқушылардан «Десант» тобын  құрып, сол  оқушыларды  өзіме  көмекші  ретінде ынтымақтаса  отырып  жұмыс  жүргізуге   жол  ашылады.         Нақтылап  айтқанда, Мәлік Балжан /Аудандық КҒА-ның «Зерде» ғылыми жобалар жарысының жүлдегері/,Керімжан Тоғжан, Дүйсенбай Забира, Асылбек Сымбат, Сатыбалды  Арай, Мәлік Тоғжан,Әлжүніс Ұлпан,Есмағанбет  Олжас сынды  қабілеті  жоғары  оқушылар  шетел  тілі  пәні  мұғалімінің  белсенді  көмекшілері  деуге  болады.

Шаталов  технологиясын деңгейлеп  оқыту технологиясымен, іскерлік  ойын  технологиясымен, шетел  тіліне  ерекше  қабілеті  бар  оқушылар-мен  жұмыс  технологияларымен  ұштастыра  отырып  жұмыс  жүргізу  шетел  тілі  пәні  бойынша   жоғары  нәтижеге  жеткізетіндігі  сөзсіз. Шетел  тілін  оқытуда  мына  мәселелерге  көңіл  аудару  керек.

-Оқыту  оқушылардың  тілге  деген  қызығушылықтары мен оқудан,тіл  үйренуден  алатын  қуанышын  оятуы  тиіс.

-Тіл  үйрену  барысында  балаларға  өзге  ел  тіліндегі  ерекшеліктерге  қоса,сол  елдің  мәдениетінің,өмір  салтының ,ойлауының  басқаша  екендігін  түсіндіре  алу  сияқты  басқада  жағдайларды  ескере  отырып,мына  мақсаттарға  жетуді  көздейді:

-тілдің қарым-қатынас,  коммуникация    үшін  қажеттілігін  балаларға  түсіндіру;

-басқа  ел  мәдениетімен  таныстырып,өзін   қоршаған  өмірмен  салыстыру;

-балаларға  өз  елі  мен  өзге  ел  мәдениетін  салыстыра  отырып, интермәдениеттен  хабардар  ету;

-шетел  тілі  арқылы  өз  ана  тілдерінің  қыр-сырын  үйрену; т.б

Ал шетел  тілін  оқыту  әдістеріне  тоқталсақ,мына  ұстанымдарға   ерекше назар  аудару  қажет:

-оқыту  әдісі  оқушыларға  сабақта  жағымды  атмосфера  орнатып,  балалардың  өздерін  жақсы  сезінуіне  жағдай  жасалуы  тиіс;

-оқыту  әдісі  баланың  бар  болмысына  сай  болып,оның  бар  ынтасымен  білім  алуына  жол  ашу  керек;

Оқыту  әдісі  балаларды  ойната  отырып  оқытып,өз  беттерінше  әрекет  етуге  жетелейтіндей  болуы  тиіс;

-оқыту  тәсілдері  оқушыларды коммуникацияға, өз бетінше  еркін жұмыс жасауға  ұмтылтып,мұғалімдер  байқаушы,бақылаушы,бірге  ойнаушы,ақыл  кеңес  беруші   болуын  көздеуі  тиіс.

-кез-келген  оқыту  әдісі  оқушылардың   өз  бетімен оқып,білім  алуға икемді  етіп,ізденімпаз  болуға  икемделуі  тиіс;

-оқу  әдістері   жаңа  педтехнологияға  негізделіп,сабақ  түрлендіріліп  отырылуы  тиіс.

 

Қорыта  айтқанда, әр  оқушының  психологиялық  жағынан жас  ерекшеліктеріне  қарай, өздігінен  жұмыс  орындау  дағдысын  қалыптастырудың   танымдық  мәні  зор. «Мектептің  жүрегі —мұғалім»- екенін  ескере  отырып,бала  бойына  тәрбие  мен  білімді    өз  деңгейінде  сіңіру  үшін  аса  ізденімпаздықпен,  шығармашылықпен  жұмыс  жүргізіп,   Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Үш тұғырлы тіл»  саясатына  мектеп  қабырғасынан  үлес  қосу,   еліміздің  ертеңі  болар  жас  ұрпақты жан-жақты  біліммен  қаруландыруды   барша  ұстаз  басты  мақсат  етуіміз  керек.