Сөйлем. Сөз. Қысқы дайындық
№ 4сабақ. Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.Сөз.Қысқы дайындық
Сабақтың мақсаты: а) Сөйлем, сөз туралы алған білімдерін пысықтау,жыл мезгілдері
туралы түсініктерін қалыптастыру ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту б) Сөйлем мен сөздің арасындағы ерекшелікті айыра білуге үйрету. Жыл мезгілдеріне деген сүйіспеншіліктерін
қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет «Қысқы орман», қима қағаз
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын сұрау -Балалар, үйге қандай тапсырма берілді, қане, кім айтады? -жаттығуды қалай орындау керек еді? — Сөйлем деген не? Сөз дегеніміз не? Еске түсірейікӨте жақсы- Ендеше, кім дайын?
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі-Жылдың қанша мезгілі бар? — Қазір жылдың қай мезгілі? — Қысқы табиғатты кім сипаттап береді? — Қыс мезгіліндегі жануарлар, құстар тіршілігі туралы не білеміз?Сергіту сәті
- Мақсат қою кезеңі-Балалар, қыста құстарға қандай көмек жасаймыз? -Иә, ұя жасап , жем шашамыз.
- Жаңа сабақОқулығымызға қарайық 7-жаттығу берілгені бойынша сұрақтарға жауап беруіміз керек1.Сөйлем неден тұрады? 2. Сөлемдегі сөздер өзара байланыса ма? 3. Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады? 4. Сөйлем аяқталған соң қандай тыныс белгісі қойылады?
Мәтінді оқу. Қысқа дайындық. 1.Бал арасы мен Тиін қысқа қандай дайындық жасады? 2.Саршұнақ неліктен егістікке жақындау жерге көшіп келді?3.Ит өзіне қандай серт берді?
Сергіту сәті
- Жаңа материалды пысықтау 8-жаттығу 1. сөздерді көшіріп жазуҚар.Шана.Қырау.АққалаӘр сөзде неше дыбыс, неше әріп бар?
ереже хормен Сөз дыбыстардан құралады.Дыбыстар әріптермен таңбаланып жазылады.
Дыбыстарды айтамыз, естиміз.Әріптерді көреміз, жазамыз
VII. Бекіту кезеңі«Қысқы ойын» тақырыбына әңгіме құрастырып айту.
VIII. Үйге тапсырма, бағалау 6-жаттығу, 9 бет, Ережені жаттау,жауаптарына қарай бағалау.