Ыбырай Алтынсарин-қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы. А.Құнанбаев- қазақ халқының ұлы ақыны

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин-қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы. А.Құнанбаев- қазақ халқының ұлы ақыны

Сабақтың мақсаты:

  • «Қазақ әдебиеті» пәнінен алған білімдерін негізге ала отырып, оқушыларды Ы.Алтынсариннің,А.Құнанбайұлының өмір жолы және қызметімен таныстыру. Қазақтың ұлы тұлғалары туралы білімдерін  бекіту. Терминдер мен ұғымдарды терең түсініп қолдана білуге жаттықтыру;
  • Оқушырдың әдеби шығармаларымен жұмыс істеу дағдасын қалаптастыру, автордың  айтпақшы ойын түсіне білуге, қойылған сұраққа нақты, жүйелі түрде жауап қайтара алуға және тарихи оқиғаның мазмұны мен сипатын терең ұғынуға үйрету;
  • Оқушыларды еңбексүйгіштікке, өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: ойын

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы:

Сәлематсыздар ма?

Құрметті көрермендер бүгін телеарнадан тамашалайтын хабарлармен таныстырып өтейін.

10.15-10.18-Таңсәрі

10.18.-10.40.-Жаңалықтар

10.40-10.55-Не? Қашан? Қайда? Интеллектуалды ойыны.

10.55.-10.57.-Бағалау

10.57.-11.00.-Үй тапсырмасы

 

І Таңсәрі.

            Кел, балалар оқылық.

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық

Осы өлең шумағының авторы кім?

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалаң.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тапта бар қалан

Ал осы өлең шумағың кім жазды?

ІІ Келесі телехабарамыз «Жаңалықтар»

Дәптерлеріңізді ашыңыздар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ы.Алтынсарыұлы және А.Құнанбайұлы.

Ы.Алтынсарыұлы көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог 1841 жылы қазан айының 20-да қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. 1844 жылы әкесі ерте қайтыс болғаннан кейін жас Ыбрай Балқожа бидің қамқорлығында болды. 1857 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітіген Ыбырай жас кезінен-ақ білімге құштарлығын байқатты. Мектепте орыс, араб, парсы және татар тілдерінен және басқа да негізгі пәндерден үздік нәтиже көрсеткен болашақ ағартушы Орынборда айдауда жүрген әр текті зиялы қауым өкілдерімен танысты. Жасынан жаңалыққа құштар Ыбырай, Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы В.В.Григорьевпен жақындасты. Оның пәтерінде  жиі болып, бай кітапханасып пайдаланды.

Мектепті үздік бітірген Ыбырай өзінің атасы Балқожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарды. Ал 1864 жылы Орынбор бекінісінде ашылған қазақ балаларын оқытуға арналған мектепте оқытушы болды. Жаңа мектеп ашуға қаржы жинаумен  қатар, оларды мұғалімдермен қамтамасыз ету барысында Ы.Алтынсарыұлының педагогикалық көзқарастары қалыптасты.1867—1868 жылдардағы өлкені басқарудағы саяси-әкімшілік реформаның отаршылдық мазмұнына жете мән бермеген Ы.Алтынсарыұлы оны қазақ халқына пайдалы іс ретінде қарсы алды.

1879 жылы Ыбырай Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына тағайындалды. «Уақытша ереже» бойынша Елек, Қостанай, Ырғыз, Торғай уездерін сонымен қатар Орынбор өңірінің бірқатар жерін алып жатқан әртүрлі буындағы оқу орындарының жұмысын ұйымдастыру оңайға түспеді.

Ыбырай-қазақ өлкесінде қыздарға білім берудің негізін салушы. 1887 жылы Ырғыз қаласында қазақ қыздарына мектеп-интернат ұйымдастырылуы, оның педагогика саласындағы ауыз толтырып айтар жетістігі. Бастауыш мектептерінде сауаттылықты кеңейту мақсатында ұстаздар дайындайтын арнайы оқу орындарын ұйымдастырды. Тройцкіде негізі салынған кейіннен Орынборға көшірілген мұғалімдер даярлайтын мектеп өз негізінде алдынғы қатарлы оқу орындарының бірі болды.

Ыбырай  орыс-қазақ мектептеріне арнап 1879 жылы екі оқу құралын жазды: «Қырғыз хрестоматиясы», «Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге негізгі басшылық» атты еңбектері сол кезде орыс тілінде оқитын қазақ жастарына арналған. Орыс алфавиті негізінде құратырған бұл оқу құралын патша шенеуіктері басқа да облыстардағы мектептерде пайдаланды. Ыбырай Алтынсарыұлы – педагог, жаңашыл ағартушы болып қойған жоқ, сонымен қатар кейінгі ұрпақтарға мұра қалдырған ғалым-этнограф. Әсіресе Алтынсарыұлының көңіл аударған саласы-қазақ халқының әдет-ғұрпы. Ағартушы рулық патриархаттық тұрмыстағы жағымсыз қылықтарды, әдепсіздікті мазмұны жағынан өткір шығармаларында мейліншесынады.

Ыбырай сонымен қатар қазақ халқының әдебиетінің үлгілерін жинап, жариялауда да белгілі болды.Ол лтырықшылықты, жер шаруашылығын дамытудың жаршысы болды. Көпшілікке белгілі «Қыпшақ Сейітқұл» атты әңгімесінде Торғай өзені бойында жатақшылыққа көшіп, егіншілікпен айналысқан қазақтардың өміріндегі өзгерістердің уағыздаушысы болды. «Талаптың пайдасы», «Байлық неде» сияқты прозалық шығармаларының мазмұны-қазақ қауымының өмірін қайтадан жандандыруды көксеген ағартушының арманы.

 

Абай Құнанбайұлы (1845-1904)

Абай – қазақ халқының жазба әдебиетінің салушы, ойшыл, ұлы ақын. Абай (Ибрагим) Шыңғыстау өңірінде дүниеге келді. Алғашында Абай өз ауылында молдадан білім алды. Кейін ауқатты Құнанбай баласын Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға берді. Медреседе ол Шығыс әдебиетін көп оқыды. Қаладағы орыс мектебіне барып жүрді. Мектепте жүрген шағында өзі де ақындық талабын байқата бастады. Алайда ел билеу ісіне балаларын да тартқысы келген аға сұлтан Құнанбай Абайдың қаладағы оқуын аяқтатпады. Ру қатынастарынан көп нәрсені байқаған оның әкесі Құнанбай мен барлық өмір талқысы мен көзқарастары бірыңғай қалыптасады. Абай әкесін ерекше құрметтеді.

Абайда патшалық дара биліктен орыс халқын айыра білді.Орыс-қазақ еңбекшілерінің достығын уағыздаған Абай орыс халқының тілін, мәдениетін үйренуге шақырды. Абай әндері, өлеңдері қазақ даласына кең тарады. Алайда рулық-патриархаттық дәтүрге мойынұсынған топтар Абайға оның туыстарын қарсы қоюға әрекеттенді. Абай Құнанбайұлы өз заманының ұлы кемеңгері еді. Абай шығармаларының терең, пәлсапалық ойлы мазмұны ұрпақтарға қалған өшпес мұра.

Сабақты бекіту:

Дұрыс жауап 1 ақылмен бағаланады.

1 Ы.Алтынсарыұлы кім? (Ағартушы,жаңашыл,педагог,қоғам қайраткері)

2 Ы.Алтынсарыұлының қандай шығармаларымен таныстық? («Қыпшақ Сейітқұл», «Талаптың пайдасы», «Байлық неде»)

3 Ы.Алтынсарыұлымен тығыз байланыста болған миссионерлік қозғалыстың рухтандырушысы кім?(Ильминский)

4 Абай Құнанбайұлы кім? (Ойшыл, ұлы ақын, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы)

5 Абай Пушкиннің қандай поэмасын аударды? (Евгений Онегин)

 

Бүгінгі сабақта алған мағлұматтарымызды пайдалана отырып, Венн диаграммасын құрайық

 

                                                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Цифрлы диктант. Сіздерге кесте үлестіріледі. Кестеге сәйкес 6 сұрақ оқимын, сұрақтарға тек цифрлармен жуап беріледі.

  • Ы.Алтынсарыұлы қай жылы дүниеге келді?  (1841ж)
  • Қай жылы Ы.Алтынсарыұлы Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына тағайындалды? (1879 ж)
  • «Қырғыз хрестоматиясы» оқулығы қашан шықты? (1879 ж)
  • Абай Құнанбайұлы қай жылы дүниеге келді? (1845 ж)
  • Ыбырай қай жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медалмен бітіріп шықты? (1857 ж)
  • Абай Құнанбайұлы қай жылы дүние салды? (1904ж)

 

123456
184118791879184518571904

 

Жазып болсаңдар кестелеріңді көршілеріне беріңдер. Бір-біріне кестелерінді тексеріп қанша дұрыс жауап бар астына жазып қойыңдар. Қанша дұрыс болса сонша ақыл аласыңдар.

ІІІ Келесі бағдарламамызға НЕ? ҚАШАН? ҚАЙДА? Интеллектуалдық ойыны. Сіздерге қарсы Тасмола орта жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары ойнайды.

  • Сұрақ: Теңдеуді шеш, шыққан сан қандай тарихи оқиғамен байланысты?

Х-1841=46                      (Күлекей Б.М.математика пәнінің мұғалімі )

(1887ж Ы.Алтынсарыұлы Ырғызда қыздарға арнаған мектеп ашты)

  • Сұрақ: Абай Құнанбайұлы қай жерде дүниеге келді? Картадан көрсет.

(Семей обл. Шыңғыстау өңірі) (география  пәнінің мұғалімі А.Ж.Жусупова)

  • Сұрақ: Қай жылы Ы.Алтынсарыұлы Орынбор бекінісінде ашылған қазақ балаларын оқытуға арналған мектепте оқытушы болды? (1864ж)

(Дүйсеналиева А.Д.тарих пәнінің мұғалімі )

  • Ы.Алтынсарыұлы миссионер болды ма? (Жоқ)

(Дүйсеналиева А.Д.тарих пәнінің мұғалімі )

  • Абайдың қара сөздері философия ма? (Иә)

(қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.У.Сейлханова)

  • Көрсетілген суреттегі адамның аты жөнін ата (А.С.Пушкин)

(орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л.Т.Китарова)

ІҮ Келесі бағдарламамыз «Бағалау»

Қолдарыңызда қанша ақыл жиналды. Санын айтыңыз.

Егер: 10-нан жоғары ақыл жиналса «5» деген баға аласыз

8-ден жоғары ақыл жиналса «4» деген баға аласыз

Ү Келесі телехабарамыз «Үй тапсырмасы»

Ы.Алтынсарыұлы мен А.Құнанбайұлына тарихи

шығарма   жазыңдар